Қазақстан Республикасының тілі қазақ тілі. Мемлекеттік тілдің өз қызметін толық атқаруы үшін Қазақстанда мекендейтін халықтардың тілді білуі парыз


Ұяң Б, В, Г, Ғ, Д, Ж, З. Р, Л, Й, М, Н, Ң, У. Үнді



бет4/4
Дата13.02.2017
өлшемі1,16 Mb.
#9163
1   2   3   4
Ұяң

Б, В, Г, Ғ, Д, Ж, З.


Р, Л, Й, М, Н, Ң, У.



Үнді


Қатаң

П, Ф, К, Қ, Т, С, Ш, Щ, Х, Ч, Һ.



11 – сабақ.
1 – тапсырма. Сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аудар.
Адамның екі көзі, екі құлағы, екі қолы, екі аяғы бар. Оң жақта оң көз, оң құлақ, оң қол, оң аяқ бар. Сол жақта сол көз, сол құлақ, сол қол және сол аяқ бар.
2 – тапсырма. Суретке қара, таныс.

3 – тапсырма. Диалогті толықтырып жаз.




  • Сәлем, Дима.

  • Сәлем, Ару.

  • Мынау кім ?

  • Бұл Қанат.

  • Неше қолы бар ?

  • Екі қолы бар ?

  • Неше аяғы бар ?

  • Екі аяғы бар ?

  • Шашы, көзі қандай ?

  • Шашы қара, көзі қоңыр.

4 – тапсырма. Жұмбақтың шешуін тап.


Қатар тұрып екеуі

Бірін – бірі көрмейді,

Көр десең де, көнбейді. ( Көз )
5 – тапсырма.
Сен не істеп отырсың ? Не істеп отыр Сара ? Не істеп отыр Дидар ? Не істеп жатыр оқушылар ? Кім дәптер жинайды ? Кім тақтада жұмыс істеп жатыр ?

12 – сабақ.


1 – тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, дәптеріңе жазып ал.

Оң қолыңда 5 саусақ.

Сол қолыңда 5 саусақ.

Алақанды ашамыз,

Бесті беске қосамыз.

Кел, санайық ал мұны,

Нешеу болды барлығы ?

( Б. Серікбаев )


2 – тапсырма. Үлгі бойынша сөйле, аяқтап жаз.
Мынау – Сара.

Кітап оң қолында

Мынау – Дидар

Телефоны сол қолында.

Мынау – Аружан

Сағат сол қолында

Мына – Катя

Алма оң қолында

Мынау – шешем

Ыдыс оң қолында


3 – тапсырма. Жұмбақтың шешуін тауып, жаз.
Ти десем тимейді,

Тиме десем тиеді. ( Ерін )


Тау басына шөп шықты,

Шөп шыққанда көп шықты. ( Бас )


4 – тапсырма. Сурет бойынша сөйле.

.

5 – тапсырма. Сөйлемдерді оқы, сөйле.


Сашаның шашы сары.

Мараттың шашы қара.

Мишаның шашы қоңыр.

13 – сабақ.


1 – тапсырма. Дене мүшелерін біліп ал.
2 – тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жаз.
Бүгін дүйсенбі. Мен мектепке барамын. Мектепте сабақ оқимын. Бізде бүгін төрт сабақ. Қазақ тілі сабағында мен қазақша сөйлеймін. Математика сабағында сен есеп шығарасың. Ән сабағында мен ән айтамын.
3 – тапсырма. Мына сөздерді екі бағанаға бөліп жаз.
Жуан буынды сөздер Жіңішке буынды сөздер

Тақырып Күнделік

қала, есеп,

таңға, ілгіш,

қызық, дәптер,

сабақ, мен,

аспан. тіл.
4 – тапсырма. Адам не істейді ?


Адам

Көзбен


Қолмен не істейді

Баспен


Аяқпен

5 – тапсырма. Сөйлемді аяқта.




  1. Құлақ

  2. Мынау – құлағым

  3. Мынау – менің құлағым

  4. Мынау – менің екі құлағым

  5. Саусақ

  6. Мынау – саусақ

  7. Мынау – саусағым

  8. Мынау – менің оң саусағым.

Практикалық 14 – жұмыс.


1 – тапсырма. Мына сөздерге фонетикалық талдау жаса.
Немере

Н – дауыссыз, үнді.

Е - дауысты , жіңішке, еріндік, ашық.

М – дауыссыз, үнді.

Е – дауысты, жіңішке, еріндік, ашық.

Р – дауыссыз, үнді.

Е – дауысты, жіңішке, еріндік, ашық.
6 әріп, 6 дыбыс, 3 буын, бітеу буын.
2 – тапсырма. Өз отбасың туралы жаз.
Менің отбасымда бес адам бар. Олар: әкем, шешем, сіңлім, інім және мен. Ағам жоқ.Менің әкем – жұмысшы. Менің анам – мұғалім. Сіңлім 2 сыныпта оқиды. Мен - оқушымын. Біздің отбасымыз өте тату.
3 – тапсырма. Жұмбақты есіңе түсіріп жаз.
Екі атым бар тынбайтын,

Өзімді ғана тыңдайтын. ( Екі аяқ )

4 – тапсырма. Жіңішке дауысты дыбыстарды бір бағанға, жуан дауысты дыбыстарды бір бағанға жаз.

Ө, І, У, И, Е, Ә.


А, О, Ұ, Ы, У, Э.


5 – тапсырма. « Отбасы » тақырыбында диалог құрастыр.




  • Айдар, сенің әкең не істейді ?

  • Менің әкем – шахтер.

  • Ол қайда жұмыс істейді ?

  • Ол шахтада жұмыс істейді.

  • Сенің шешең не істейді ?

  • Менің шешем – мұғалім.

  • Ол қайда жұмыс істейді.

  • Ол мектепте жұмыс істейді.

15 – сабақ.


1 – тапсырма. Мәтінді оқып, сан есімдерді сөзбен жаз.
Уақыт өлшемі.
Бір жылда 12 ай бар. Бір айда 30, 31, 28 немесе 29, 4 апта болады. Әр аптада 7 күн немесе 7 тәулік бар. Әр тәулікте 24 сағат, 1 сағатта 60 минут бар.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2 – тапсырма. Диалогті жалғастыр.


  • Бір аптада неше күн бар ?

  • Бір аптада жеті күн бар.

  • Бір тәулікте неше сағат бар ?

  • Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар.

  • Бір аптада неше күн бар ?

  • Бір аптада жеті күн бар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

3 – тапсырма. Сөйлемдерді оқып, аударып жаз.


Мен үйде екі сағат отырдым.

Мен сағат екіде мектепке бардым.

Сен мені үш сағат күт.

Мен сағат үште стадионға келдім.

Ол мектепте бес сағат болды.
4 – тапсырма. Уақытты айта біл.

5 – тапсырма. Жұмбақты оқып, шеш.


Бір ағашта 12 ұя,

Әр ұяда 30 жұмыртқа бар.

( жыл он екі ай )

16 – сабақ.


1 – тапсырма. Мына сөздерден сөйлем құра.
Таңертең, түсте, бүгін, ертең.
Таңертең оқушылар мектепке жиналды. Досым екеуіміз түсте киноға барамыз. Бүгін бізде төрт сабақ. Анам ертең Астанадан келеді.
2 – тапсырма. Екі қатарға бөліп жаз.
Президент, ата, аю, дәрігер, қалам, ит, сатушы, спортшы, сиыр, мысық, кітап, нан, мұғалім, инженер, сағат, көше, әнші, дәптер, оқушы.
Кім ? Не ?

Президент аю

ата қалам, сағат

дәрігер ит, көше

сатушы сиыр, дәптер

спортшы мысық

мұғалім кітап

инженер нан

әнші, оқушы
3 – тапсырма. Өзіңнің күн тәртібің туралы жаз.
Таңертең жетіде тұрамын. Төсегімді жинаймын. Беті – қолымды жуамын. Таңертеңгілік асымды ішемін. Сабағымды қайталаймын. Үй шаруасына көмектесемін. Түскі асымды ішемін. Мектепке барамын. Мектептен келемін. Кешкі асымды ішемін. Сабағымды оқимын. Сағат 10. 00 – де ұйықтаймын.
4 – тапсырма. Сандарды сөйлет.
7, 24, 60, 28, 29, 30, 31, 365, 12.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
5 – тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой.
Күнтізбе, шығыс, мұғалім.

17 – сабақ.


1 – тапсырма. Толықтырып жаз.
Жыл мезгілдері: қыс, көктем, жаз, күз.
Ай аттары: қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазақ,                     қараша, желтоқсан.

Апта күндері: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.


2 – тапсырма. Сурет бойынша сөйле.

Үлгі : сағат 2, сағат 6, сағат 10, сағат 12.


------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3 – тапсырма. Сөйлемдерді жаз, ілік септігінің астын сыз.
Маржанның кітабы.

Айжанның дәптері.

Сәуленің көйлегі.

Әжемнің дәрісі.

Анардың әкесі

Жанардың шешесі

Дамирдың қаламы.

Әділдің телефоны.


4 – тапсырма. Сурет бойынша сөйле.

5 – тапсырма. Реттік сан есімдерін жаз.


Екінші , он бірінші, үшінші, он төртінші, жиырма алтыншы, сегізінші, қырық тоғызыншы, жетпіс бесінші.
18 сабақ.
1 – тапсырма. Сөздердің аудармасын жаз.
Режим дня - ----------- күн тәртібі

Упражнение - --------- жаттығу

Соблюдает - ---------- сақтайды

Сутки - ---------------- тәулік


2 – тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жаз.
Алмаға кітапті бер. Жанатқа дәптерін берді. Қоянға сәбіз алды. Ерікке үйіне бару керек. Баянға әкесі айтты. Сағатқа кілт керек. Үйге дейін екі дүкен тұр. Стадионға адам көп келді.
3 – тапсырма. Адасқан әріптерді орнына қойып шық.
а, т, ғ, а, с -------------- сағат

п, а, т, а ----------------- апта

қ, у, т, а, ы ------------- уақыт

ә, у, т, і, л, к ---------- тәулік

д, е, к, р, ү, н --------- күндер

т, а, у, а - ------------- атау


4 – тапсырма. Ұқсас сөйлем құра.


  1. Сағат 1. Апта

  2. Мынау - сағат 2. -----------------------------------------

  3. Мынау әдемі – сағат. 3. -----------------------------------------

  4. Мынау әдемі сағат менікі. 4. -----------------------------------------

5 – тапсырма. Тест тапсырмаларын орындаңдар.


  1. Бір тәулікте неше сағат бар ?

А) 20 Ә) 24 Б) 23 В) 22


  1. Бір жылда неше күн бар ?

А) 361 Ә) 360 Б) 365 В) 350




  1. Бір аптада неше күн бар ?

А) 7 Ә) 9 Б) 11 В) 12

19 сабақ.
1 – тапсырма. Үлгі бойынша жаз.
Әкемді, сағатты, мысықты, мұғалімді, үйді, пілді, Сайраны, баланы, кітапты, тауықты, оқушыны.
Үлгі: Кімді ? Нені ?

Әкемді Мысықты

Мұғалімді Сағатты

Сайраны Үйді

Оқушыны Пілді

Баланы Кітапті


2 – тапсырма. Жұмбақты оқып, шешуін тап.


  1. Бес балаға бір бешпент, 2. Маңдайы бар, тілі жоқ, Бірге киіп, бір шешпек. ( Қолғап ) Құлағы бар, үні жоқ ( Құлақшын )

  1. Денесі киізден, Табаны мүйізден. ( Пима мен галош )

3 – тапсырма. Мәтінді оқы. Дүкенде.
Қалада дүкен бар. Мен әжеммен бірге сенбі күні дүкенге бардым. Дүкен өте үлкен, үш қабатты, Бірінші қабатта азық – түлік сататын дүкен бар. Екінші қабатта киімдер, аяқ – киімдер дүкені бар. Үшінші қабатта тұрмыстық заттар сататын дүкендер бар. Әжем маған жейде, бәтеңке сатып алып берді.

4– тапсырма. Сызбаны толтыр.


Ыдыстар Азық - түлік
Аяқ - киімдер Дүкенде киімдер
ойыншықтар

кітаптар

5– тапсырма. Сөйлемдерді толық жаз.

Кеше мен шешеммен дүкенге бардым. Дүкенде адамдар өте көп. Мен шешеммен киімдер сатып алдым. Бүгін менің туған күнім.

20 сабақ.
1 – тапсырма. Азық – түліктердің атауларын біліп ал.

2 – тапсырма. Сөйлемді дұрыс құрап жаз.


Базардан, азық – түлік, сатып алдым, мен.

Бар, нан, сүт, балық, ет, қант, дүкенде, нан, май, шұжық, таңертең мен жібердім.

3 – тапсырма. Мына сөздерге фонетикалық талдау жаса.

Дүкен. Балық. Қант.


4– тапсырма. Үлгі бойынша жаз.
Үмітте, дәрігерде, қоянда, Алматыда, қалада, оқушыда, әтеште, үстелде, түсте, Азатта, китте, үйде, әншіде, түнде.
Үлгі: Кімде ? Неде ?

Үмітте Қоянда

Дәрігерде Алматыда

Оқушыда Қалада

Азатта Әтеште

Әншіде Үстелде


5- тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы.


Нан қоқымын шашпаңдар.
Нан қоқымын шашпаңдар.

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп.

Торғайларға тастаңдар.


21 сабақ.


1 – тапсырма. « Уақыт » тақырыбы бойынша өтілген сөздерді жатқа жазыңдар.
Тәулік, ай, апта, күн тәртібі, жыл, сағат, уақыт, мезгіл.

2 – тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын жаз.

Мен ертең кітапханаға барамын. Кітапханаға досыммен барамын. Кітапхана мектептен алыс емес. Кітапханада көрме ашылды. Кітапхананың қасында үлкен әмбебап дүкен бар.

3 – тапсырма. Берілген сөздермен сөйлемдер құраңдар.


Досыма, кітапханасына, кестесін, мектеп.
Бүгін досыма сыйлық аламын. Мектептің кітапханасына жаңа кітаптар келді. Мұғалім сабақ кестесін ауыстырды. Біздің ауылда жаңа мектеп салынуда.

4 – тапсырма. Қай септікте тұрғанын анықтаңдар.


Қонаққа, баласына, терезені.

А) табыс. Ә) барыс. Б) жатыс.

5 – тапсырма. Сөйлемді дұрыс құраңдар.
Әр, болады, күнпарақтар, түрлі.
Әр түрлі болады күнпарақтар.

22 – сабақ.


1 – тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударып жаз.
Мынау аяқ – киім дүкені. Дүкен Ы. Алтынсарин көшесінде. Дүкенде әр – түрлі аяқ – киім түрлері сатылады. Олар: етік, бәтеңке, туфли, крассовки. Мен қара туфли сатып алдым.

2 – тапсырма. Мәтінде қарамен жазылған сөздерге шығыс септік жалғауларын жалғап жазыңдар.

Дүкеннен, көшесінен, түрлерінен.

3 – тапсырма. Үлгі бойынша жаз.


Баяннан, сыныптан, Павлодардан, иттен, әкемнен, мектептен, Франциядан, кітаптан, Саматтан, кітапханадан.

Үлгі: Баяннан.

4– тапсырма. Үлгі бойынша сөйле.
Қара Ақ

Жеңіл Аяқ киімдер Таза

Әдемі Жұқа

Үлггі: Жеңіл туфлиім бар. Қара етік сатып алдым. Таза аяқ – киім. Дүкенде әдемі бәтенке            тұр.


5– тапсырма. Сызбаны толтыр.





Етік

Аяқ - киімдер

Сапоги









23 – сабақ.
1 – тапсырма. Сурет бойынша сөйле.

2 – тапсырма. Сөз тіркестерін жасап, сөйлемдер құрап жаз.

жұқа қара

Көйлек қысқа Шалбар ұзын

Әдемі қысқа

Анам дүкеннен әдемі көйлек сатып алды. Мира бүгін қысқа жейде киіп келді. Ұлдар қара шалбар киіп жүр.

3 – тапсырма. Мәтінді оқып, аударып жаз.

Қалада киім дүкені бар. Дүкенде әр түрлі киімдер сатылады. Олар: көйлек, жейде, шалбар, тон, құлақшын, жемпір, туфли. Мен дүкенге досыммен бардым.


4– тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жаз.

Мен жейде киемін.

Сен жейде киесің.

Сіз жейде киесіз.

Ол жейде киеді.

5- тапсырма. Үлгі бойынша жаз.
Ғазизбен, кітаппен, Жұлдызбен, арбамен, дәптермен, оқушымен, көйлекпен, Саямен, ұшақпен, қызбен.
Үлгі: Ғазизбен Кітаппен.

Оқушымен Арбамен

Саянмен Дәптермен

24 – сабақ.


1 – тапсырма. « Адасқан әріптерді » орнына қойып жаз.
й, е, ж, е, д, - ---------- жейде

н, ы, ш, ұ, қ, л, қ, а, - ------------ құлақшын

о, т, н, - --------------------------- тон

т, е, к, і, - --------------------- етік


2 – тапсырма. Жұмбақтарды жаттап ал.
Ашамайды орта салдым.

Айыр жібін тарта салдым. ( Құлақшын )


Таңертең тұрдым.

Екі санды қудым. ( Шалбар )


3 – тапсырма. Сызба бойынша сөйлем құрастыр.


Киімдер

4– тапсырма. Дұрыс аудармасын тап.

1. көйлек. А) платье

2. шалбар. Ә) шуба

3. құлақшын. Б) шапка

4. тон. В) рубашка

5. жейде. Г) брюки

5- тапсырма. Артық суретті тап.

25 – сабақ.
1 – тапсырма. Мәтінді оқып, аударып жаз.
Қалада киім дүкені бар. Дүкенде әр түрлі киімдер сатылады. Бас киімдер, сырт киімдер, аяқ киімдер. Мен дүкеннен шалбар, туфли сатып алдым.

2 – тапсырма. Берілген сөздерден сырт киім атауларын тауып жазыңдар.


Киім, көйлек, етік, бәтеңке, тон, жейде, шапан, қолғап, бөкебай, құлақшын.

Тон, шапан, құлақшын, етік, бәтенке, бүкебай, қолғап.

3– тапсырма. Берілген сөздермен сөйлемдер құраңдар.

1. Сатып, алдым, дүкеннен, әдемі көйлек.

2 . Сатады, базарда, көкөніс.

3. Құрдым, сұхбат, сатушымен.

4. Бардым, дүкеніне, киім.

4- тапсырма. « Құлақшын », « көйлек » сөздерін тәуелдеңдер.


Менің құлақшыным, көйлегім.

Сенің құлақшының, көйлегің.

Сіздің құлақшыныңыз, көйлегіңіз.

Оның құлақшыны, көйлегі.


5– тапсырма. « Дұрыс, дұрыс емес » ойыны.






Дұрыс

Дұрыс емес

Киім дүкенінде киімдер жоқ




+

Киімдер таза, әдемі.

+




Киімдерді ұқыпты ұстамау керек




+

Киімдер базарда сатылмайды




+

Етікті жазда киеді




+

26 – сабақ.


1 – тапсырма. Сұрақтарға жауап жаз.
Сабақ сағат нешеде басталады ? Сабақ сағат 1.30 – да басталады.

Сабақ сағат нешеде аяқталады ? Сабақ сағат 5.30 – да аяқталады.

Пойыз сағат нешеде жүреді ? Пойыз сағат 2. 00 – де жүреді.

Кино нешеде басталады ? Кино сағат 10. 00 – де басталады.

Дүкен сағат нешеде ашады ? Дүкен сағат 9. 00 – де ашылады.

2 – тапсырма. « Мектеп », « кітап » сөзіне фонетикалық талдау жаса.


К – дауыссыз, қатаң.

І – дауысты, жіңішке, қысаң, езулік.

Т – дауыссыз, қатаң.

А – дауысты, жуан, ашық, езулік.

П – дауыссыз, қатаң.
5 әріп, 5 дыбыс, 2 буын.

3 – тапсырма. « Киім дүкені » туралы диалог құрастыр.




  • Мынау кім ?

  • Мынау Аружан.

  • Аружан қайда ?

  • Аружан киім дүкенінде.

  • Аружан не сатып алды ?

  • Аружан көйлек сатып алды.

4 – тапсырма. Мәтінді оқып, өз сыныбың туралы жаз.


Төртінші сыныпта жиырма бес оқушы бар. Он үш парта бар. Әр партада екі оқушы отырады. Мен үшінші партада отырамын. Айжан екінші партада отырады. Сыныпта үш терезе бар.

5 – тапсырма. Үлгі бойынша жаз.


Үлгі: Бүгін жұма. Бізде төрт сабақ.

Бірінші сабақ математика.

Екінші сабақ қазақ тілі.

Үшінші сабақ бейнелеу.

Төртінші сабақ дене шынықтыру.

27 – сабақ.


1 – тапсырма. Сурет бойынша аңдар туралы сөйле.

2 – тапсырма. Мәтінді оқып, сан есімдерді теріп жаз.


Әлемде көптеген жануарлар бар. Біздің ғаламшарымыздағы ең ірі жануар – көк кит. Жер бетіндегі ең ірі, ауыр салмақты жануар – піл. Зіл – пілден кейінгі ең алып жануар.
Үлгі: үш бүтін, оннан бес тонна.

3 – тапсырма. Сөйлеп үйрен, жаз.


Мен Сен
Мен жазу жазамын.

Мен теледидар көремін.

Мен көп ойлаймын.

Мен көп тыңдаймын.

4– тапсырма. Мына сөздерді сәйкестендір.
1) аю тигр

2) қасқыр лиса

3) жолбарыс медведь

4) қоян волк

5) түлкі Заяц
5- тапсырма. « Жолбарыс » сөзін септе.

Атау септік. Жолбарыс

Ілік септік. Жолбарыстың

Барыс септік. Жолбарысқа.

Табыс септік. Жолбарысты.

Жатыс септік. Жолбарыста.

Шығыс септік. Жолбарыстан.

Көмектес септік. Жолбарыспен.


28 – сабақ.


1 – тапсырма. Мәтінді оқып, сан есімдердің астын сызып шық.
Ең үлкен.
Жануар ең үлкен – көк кит. Көк киттің ұзындығы – 33 метр. Салмағы – 150 тонна. Көк киттің жүрегінің салмағы 700 кг, тілінің салмағы 2 тонна. Киттің баласының ұзындығы 8 метр, салмағы – 6 тонна.

2 – тапсырма. Сөз тіркестерін аяқтап жаз.


үлкен көк кит

биік керік

Ең қызық маймыл

бірінші леопарт

кішкентай каллибр

3 – тапсырма. Сызбаны толтырыңдар.





Кит

Жануар

Піл








4– тапсырма. Мына сөзді тәуелде.

Менің мысығым.

Сенің мысығың

Сіздің мысығыңыз

Оның мысығы

5- тапсырма. Хайуанаттар туралы айт.

29 – сабақ.


1 – тапсырма. « Хайуанаттар бағында » туралы диалог құрастыр.


  • Сәлем, Саша.

  • Сәлем, Ораз.

  • Кеше біз хайуанаттар бағына бардық.

  • Саған қандай хайуанаттар ұнайды ?

  • Маған аю, жолбарыс, арыстан ұнайды.

  • Ораз саған қандай аңдар ұнайды ?

  • Маған піл ұнайды.

  • Жарайды, сау бол.

  • Сау бол.

2 – тапсырма. Мәтінді оқып, септік жалғауларын тауып, астын сыз.


Ақ аю.
Ақ аюлар Арктиканы мекендейді. Ақ аю – ең үлкен аңдардың бірі. Оның салмағы 1 тонна, ұзындығы 3 метрге дейін болады. Олар балық, итбалық жейді. Аю – күшті аң. Ол 40 – 50 жыл өмір сүреді.

3 – тапсырма. « Бір әріпке бес жауап » ойыны. « Ә », « Ө » дыбысы.


« Ә ». Қыздың аты – Әлия « Ө ». Баланың аты --- Өмірбек

Ұлдың аты – Әмір Жемістің аты --- Өрік

Оқулықтың аты – Әліппе Ағатын су аты -- Өзен

Үй құсының аты – Әтеш Жәндіктің атауы -- Өрмекші

Әкемнің шешесі – Әже Үй жануарының аты – Өгіз

4- тапсырма. « Керік » туралы өлеңді есіңе түсір.


5- тапсырма. Келер шақтың жалғауларын аяқта.


Мен күлемін, айтамын.

Сен күлесің, айтасың.

Сіз күлесіз, айтасыз.

Ол күледі, айтады.


30 – сабақ.
1 – тапсырма. Үй жануарларын есіңе түсір.
Үй жануарлары: түйе, жылқы, қой, сиыр, ешкі, шошқа.
2 – тапсырма. Мәтінді оқы, әңгімеле, аударып жаз.
Менің атам мен әжем Нұра ауылында тұрады. Мен жазғы демалыста ауылға қыдырып бардым. Атам мен әжем жылқы, сиыр, қой, түйе, ешкі ұстайды. Атамның 2 жылқысы, 20 шақты қой, ешкісі бар. Мен атама көмектестім. Маған үй жануарлары өте ұнайды.

3 – тапсырма. Малдың төлін сәйкестендіріп жаз.


Түйе құлын

Сиыр бота

Жылқы қозы

Қой бұзау

Ешкі лақ

4- тапсырма. Сөйлеп үйрен.


1 Түйе 1 Ешкі

2 Мынау түйе. 2 ------------------------------------------------

3 Мынау үлкен түйе 3 ------------------------------------------------

4 Мынау үлкен түйе атамдікі 4 ------------------------------------------------

5 Мынау үлкен түйе ауылдағы атамдікі 5 -------------------------------------------------

5- тапсырма. Кестені толтыр.





Сөздер

Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс

Көмектес

Ешкі

+



















Түйенің




+
















Сиырға







+













Жылқыны










+










Қойда













+







Ботадан
















+




Ауылмен



















+

31 – сабақ.


1 – тапсырма. Жыл мезгілдерін жазып шық.
Қыс, көктем, жаз, күз.
2 – тапсырма. Сөйлемдерді аяқта.
Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.

Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.

Күз айлары: қыркүйек, қазақ, қараша.

3 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер ?
Бір жылда неше ай болады ?
Қазақша ай аттарын атаңдар ?
Айлар неше мезгілге бөлінеді ?

4- тапсырма. Өлеңді жаттап алыңдар.


Көктем.
Көктем келді күркіреп

Жаңбыр жауды сіркіреп

Бәйшешектер дүркіреп

Шыға келді қыр түлек.

( Ә. Асылбеков. )

5- тапсырма. Сөздерге тиісті әріптерді жазып шық.


Қыста, жаңбыр, ұшып, құстар, аспан, күз, шілде, сәуір, бәйшешек.

32 – сабақ.


1 – тапсырма. Жаз айларын есіңе түсір.
Жаз айлары:
Маусым Шілде Тамыз

2 – тапсырма. Үш сөйлем жаз.


ыстық

Жазда қызық болады.

демалыс

3 – тапсырма. Ережені толықтырып жаз.


Дауысты дыбыстар: а, о, у, ұ, ү, ы, ө, і, ә, и, е.
Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы, у.
Жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, ү, і, е, и.

4- тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жаз.


Маусым – жылдың ыстық айы. Маусым айында күн жылы болады. Шілде – жаздың екінші айы. Шілде – айы ең ыстық ай. Тамыз – жаздың үшінші айы. Тамыз айында көп алма, алмұрт, өрік, қауын, қарбыз піседі.
5- тапсырма. Сызбаны толтыр.

Жаз

Жыл мезгілі

Қыс

33 – сабақ.
1 – тапсырма. Мәтінді оқып, айт.
Жазғы демалыс
Жаз – жылдың ең ыстық мезгілі. Жазда жазғы каникул болады. Каникулда біз демаламыз. Мен жазда ауылға барамын. Ауылда менің атам мен әжем тұрады.

2 – тапсырма. Мәтіннен септік жалғауларын тауып, айтын сызыңдар.


Жылдың, жазда, каникулда, ауылға, ауылда.
3 – тапсырма. « Жазғы демалыс » туралы диалог құрастыр.

4- тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жаз.





    1. Мен жазда лагерьге барамын.

    2. Сен жазда ауылға барасың.

    3. Ол жазда Астанаға барады.

5- тапсырма. Ы – дыбысы бар сөздерді біліп ал.
Ыдыс, тоғыз, сызғыш, отыр, мысық.

34 – сабақ.


1 – тапсырма. Сандарды сөйлет.
Жүз елу, отыз үш, жеті жүз, он бес, жиырма алты, қырық, елу, жетпіс сегіз, үш.

2 – тапсырма. Сөйлемдерді аяқтап жаз.

Ең ірі маймыл – Гарилла.

Ең ірі бақа – Голияав.

Ең ірі көбелек – Агрепина.

3 – тапсырма. Ақ аю мәтінін есіңе түсір.


4- тапсырма. Сурет бойынша сөйле.

5- тапсырма. Жыл мезгілдеріне шағын әңгіме құрастыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет