3.3 КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ
Кәсіпкерлік қызмет қолайсыз нәтижелердің, оң салдардың пайда болу мүмкіндігімен байланысты болғандықтан, олардың пайда болуын азайтатын немесе теріс салдарды болдырмайтын әдістер мен тәсілдерді жасап шығару қажеттілігі туындайды. Экономикалық ғылымда мұндай сипаттағы іс-әрекеттерді тәуекелді басқару жүйесі деп атайды. Кәсіпкерлік фирманың қызметінің шекті нәтижелеріне тәуекелдің әсерін жұмсартуға бағытталған қызметтің ерекше түрі.
Тәуекелді басқару тұжырымдамасы үш негізгі айқындамадан тұрады:
Тәуекел жағдайында кәсіпкерлік қызмет салдарын анықтау;
Бұл қызметтің мүмкін болатын теріс салдарына әсер ету қабілеті;
Жасалатын іс-әрекеттердің оң нәтижелері жойылатын немесе теріс нәтижелердің орны толтырылатын шараларды жасап шығару мен жүзеге асыру.
Тәуекелді басқару шешімді қабылдау барысында нұсқаларды іздеуді білдіреді. Тәуекелді сапалық бағалау кәсіпкерлік фирманың ұзақ мерзімді перспективада кәсіпкерлік фирманың табысқа жету мүмкіндіктерін арттырады, оның қаржылық жағдайының нашарлау қаупін біршама төмендетеді.
4-кестеде кәсіпорын тәуекелін басқарудың негізгі әдістерінің жіктемесі келтірілген. Аталған әдістердің бір бөлігі болашақта тәуекелді төмендетуді, ал қалған бөлігі дереу төмендетуді кепілдендіреді. Бір әдістерді шамаға тікелей әсер ету шаралары ретінде, ал қалған әдістерді – жанама әсер ету шаралары ретінде қарастыруға болады.
4-кесте – Тәуекелді басқару әдістерінің жіктелуі
Тәуекелді ескерту әдістері
|
Тәуекелді болдырмау әдістері
|
Тәуекелді локальдау әдістері
|
Тәуекелді әртараптандыру әдістері
|
Тәуекелдің экономикалық салдарын төмендету әдістері
|
Тәуекел туралы қажетті ақпаратты алу
Кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлау
Белсенді мақсатқа бағытталған маркетинг
Сыртқы орта дамуын болжау
Персоналды оқыту мен оның инструктажы
Ескерту шараларын жүзеге асыру (аварияға қарсы, өртке қарсы)
|
Сенімсіз әріптестерден бас тарту
Гаранттарды іздестіру
Тәуекелді жобалардан бас тарту
Мүліктің консервациясы
Қабілетсіз қызметкерлерді жұмыстан босату
|
Тәуекелді жобаларды жүзеге асыру үшін еншілес кәсіпорындарды құру
Арнайы құрылымдық бөлімшелерді құру (негізделген балансы бар)
Тәуекелді жобаларды жүзеге асыру үшін бірлескен қызметті жүзеге асыру туралы келісімшартты жасау
|
Жеке жобалардың қатысушылары (бірігіп орындаушылар) арасында тәуекелдерді үлестіру
Өткізу мен тасымалдарды әртараптандыру
Инвестицияларды әртараптандыру
Қызмет түрлерін әртараптандыру
Уақыт бойынша тәуекелді үлестіру
|
Лимиттеу
Өзін-өзі сақтандыру (қорларды құру мен резервілеу)
Өзара сақтандыру
Сақтандыру
|
Қазақстанның шаруашылық жүргізу тәжірибесінде тәуекелді болдырмау мен локальдау әдістері кеңінен тараған. Бұл әдістерді сенімсіз әріптестер қызметінен бас тартатын, тек сенімді контрагенттермен жұмыс істеп, әріптестер ортасын кеңейтуді қаламайтын көптеген өндірістік кәсіпорындардың басшылары қолданады.
Тәуекел дәрежесін болдырмау және лимиттеу. Кәсіпкерлік тәуекелдерді болдырмаудың бұл бағыты ең ұтымды болып табылады және кәсіпорын үшін тәуекелдің кез-келген түрін болдырмауды білдіреді. Тәуекелден бас тарту туралы шешім, оны қабылдаудың алдынғы сатысында немесе шешімді қабылдау сатысында қабылдануы мүмкін, ал кейбір жағдайда кейіннен де қабылдануы мүмкін. Тәуекел деңгейі болжанғаннан жоғары болса, кәсіпорын өзі атқаратын қызметтің қандай да бір түрінен бас тартуы да мүмкін. Оны болдырмау туралы шешімдердің көбісі шешімді қабылдау сатысында қабылданады. Өйткені кәсіпорын қатысатын қызмет түрі ол үшін біршама қаржылық және басқа да шығындарға алып келуі мүмкін. Бұл жағдай көбінесе келісім шарт міндеттемелерін орындаумен байланысты.
Тәуекелді төмендетудің аталған бағыты ең қарапайым және ұтымды болып табылады. Ол жұмсалатын шығындар мен белгісіздікті толығымен болдырмауға мүмкіндік береді, алайда тәуекелге байланысты қызметтен пайда көлемін алуға мүмкіндік бермейді.
Белгілі бір дәрежеде тәуекелді жартылай болдырмау тәсілі оның шоғырлануын лимиттеу болып табылады. Бұл механизм тәуекел жіберілетін деңгей шегінен шығатын кәсіпкерлік тәуекелдерге қатысты қолданылуы мүмкін. Мұндай лимиттеу, кәсіпорын қызметінің алуан түрлі аспектілерін жүзеге асыру саясатын жасап шығару үрдісінде, кәсіпорында сәйкес нормативтерді орнату жолымен жүзеге асырылады. Тәуекелдердің шоғырлануын лимиттеуді қамтамасыз ету келесі жағдайлардан тұруы мүмкін:
- шаруашылық қызметте қолданылатын қарыз қаражаттарының шекті мөлшері (үлес салмағы). Бұл лимит кәсіпорынның операциялық және инвестициялық қызметі үшін бөлек белгіленеді. Ал бірқатар жағдайларда – жеке қаржылық операциялар үшін де (нақты инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін, айналым активтерін қалыптастыруды қаржыландыру үшін және т.б.);
- жоғары өтімді нысандағы активтердің минималды мөлшері (үлес салмағы). Бұл лимит кәсіпорынның жедел қаржылық міндеттемелерін жуық арада өтеу мақсатында жоғары өтімді активтердің резервін жасаумен сипатталатын «өтімді жастықтың» қалыптасуын қамтамасыз етеді. «Өтімді жастық» ретінде ең алдымен кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржылық салымдары, сонымен қатар оның дебиторлық борышының қысқа мерзімді нысандары шығады;
- бір сатып алушыға ұсынылатын тауарлық (коммерциялық) немесе тұтынушылық несиенің максималды мөлшері. Несиелік тәуекелді шоғырландыруды төмендетуге бағытталған несиелік лимиттің мөлшері, өнім сатып алушыларына тауарлық несиені ұсыну саясатын қалыптастыру кезінде орнатылады;
- бір банкте орналастырылатын депозитті салымның максималды мөлшері. Бұл нысандағы депозитті тәуекелді шоғырландыруды лимиттеу, кәсіпорын капиталын инвестициялаудың аталған қаржылық құралын қолдану үрдісінде жүзеге асырылады;
- бір эмитенттің бағалы қағаздарының қаражаттарын салудың максималды мөлшері. Лимиттеудің бұл нысаны, бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру кезінде жүйелік емес (ерекше) қаржылық тәуекелді шоғырландыруды төмендетуге бағытталған. Бірқатар институционалды инвесторлар үшін бұл лимит міндетті нормативтер жүйесінде, олардың қызметін мемлекеттік реттеу үрдісінде орнатылады;
- дебиторлық борышқа қаражаттарды аудартудың максималды кезеңі. Осы қаржылық норматив есебінен төлемқабілетсіздік тәуекелін, инфляциялық тәуекелді, сонымен қатар несиелік тәуекелді лимиттеу қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |