сақтандыру тәуекелі сақтандыру қорын қалыптастырумен, басқарумен, сонымен қатар меншікті мүлікті, ақшалай қаражаттарды және персоналды басқарумен байланысты;
инновациялық тәуекел осы аядағы белгісіздікпен (идеяны жасап шығарудан бастап, оны өнім өндіруге немесе жаңа технологияны өндіріске енгізе отырып, өнімді нарыққа өткізуге дейін) байланысты.
Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелінен болатын шығындары, еңбек, қаржылық, уақыт және арнайы шығын деген түрлерге бөлінеді.
Материалды шығындар – бұл жобамен қарастырылмаған натуралды сипаттағы материалды объектілердің тікелей шығындары (үйлер, ғимараттар, өнім, жартылай шикізаттар, материалдар, шикізаттар, құраушы бөліктер).
Еңбек шығындары – кездейсоқ немесе күтпеген жағдйалардан туындаған жұмыс уақытының шығыны; техникалық орындауға кететін уақыт нормаларды қолдану (өлшем бірлігі – «адам-сағат» немесе адам-күн)
Қаржылық шығындар – тікелей ақшалай зиян (кәсіпкерлік жобамен қарастырылған төлемдер, айыппұлдар, мерзімі өтіп кеткен несиелер үшін төлемдер, қосымша салықтар, ақшалай қаражаттардың немесе бағалы қағаздардын жоғалуы). Олар жобамен қарастырылған көздерден, қарызды әртүрлі себептерден ала алмау нәтижесінен болуы мүмкін.
Уақыт шығындары кәсіпкерлік қызмет үрдісі жобамен қарастырылған мерзімінен баяу жүрген жағдайда (сағаттармен, тәуліктермен,айлармен өлшенеді) пайда болады.
Шығындардың арнайы түрлеріне келесілерді жатқызуға болады: адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, кәсіпкер беделіне зиян келтіру және басқа да қолайсыз әлеуметтік және моральды-психологиялық факторлармен байланысты шығындарды жатқызуға болады. Шығындардың арнайы түрлерінің ерекше тобына – саяси сипаттағы факторлардың күтпеген әсерінен болатын шығындарды жатқызуға болады. Олар адамдардың қалыптасқан экономикалық жағдайына түсінбеушілік енгізеді, өндірістік – шаруашылық қызметтің ырғағын бұзады, шығындардың өсуіне және табыстардың төмендеуіне әкеледі.
3.2 КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАҒАЛАУ
Тәуекелді басқару үрдісінде өзекті мәселелердің бірі болып кәсіпкерлік қызметтің нәтижелеріне әсер ететін және есептелетін бағалау сатысы болып табылады.
Тәуекелді бағалау – бұл тәуекел шамасын (дәрежесін) сандық және сапалық тәсілмен анықтау. Тәуекелді бағалаудың әмбебап тәсілдері жоқ. Пайдаланып жүрген тәсілдердің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бағалаудың қандай да бір белгілі тәсілін таңдау нақты жағдай мен кәсіпкер тұлғасына байланысты. Сондықтан, сандық-сапалық тәсілді ұштастырып, яғни кәсіпкерлік тәуекелді құрамдастыру әдісімен бағалауды өткізген дұрыс. Кәсіпкерлік тәуекелді сандық және сапалық бағалау 11-суретте көсретілген.
11-сурет. Тәуекелдерді сандық және сапалық бағалау
Сапалық бағалау барлық мүмкін болатын тәуекелдердің идентификациясымен сипатталады. Сапалық бағалау салыстырмалы түрде қарапайым болуы мүмкін, оның басты міндеті – орындау барысында тәуекел пайда болатын факторларды, жұмыс сатыларын анықтау.
Тәуекелді бағалау барысында тәуекел дәрежесін анықтау қажет және ол келесідей болуы мүмкін:
жіберілетін – жоспарланған объекті өткізуден түсетін табысты толық жоғалту қаупі;
шегіне жеткен – тек қана табыстың түспеуі ғана емес, сонымен қатар кәсіпкер қаражаттары есебінен қарыздардың жабылмауы мүмкін;
катастрофалық – капиталдың, мүліктің жоғалуы, кәсіпкердің банкротқа ұшырауыда болуы мүмкін.
Кәсіпкер тәуекелі сандық түрде, салынған капиталдың түскен ықтималды немесе жоспарланған, максималды және минималды табысты (зиянды) субъективті бағалаумен сипатталады. Сонымен қатар, мұнда алынған табыстың (зиянның) максималды және минималды деңгейінің арасындағы диапазон неғұрлым үлкен болған сайын, тәуекел дәрежесі де жоғары болады.
Сандық бағалау тәуекелдерді сандық сипаттауға, оларды талдау мен салыстыруды өткізуге бағытталған. Тәуекелді сандық бағалау жағдайында әр түрлі әдістер қолданылады.
Кейде сандық және сапалық бағалауды сыртқы және ішкі факторлардың әсерін талдау негізінде жүргізеді: олардың жекелеген элементтерінің кәсіпорынның жұмысына әсер ететін үлес салмағы элементтік бағалау жүзеге асырылады және оның ақшалай көрсеткіші анықталады. Мұндай әдіс сандық талдауда өте көп еңбекті қажет етеді, бірақ сапалық талдауда ұтымды болып табылады.
Абсолютті талдауда тәуекел құндық (ақшалай) сипатта немесе материалды-заттық (физикалық) сипатта мүмкін болатын жоғалтулардың мөлшерімен анықталуы мүмкін.
Салыстырмалы сипатта тәуекел жоспарланған табысқа немесе кәсіпкерлік қызметтің аталған түріне жұмсалған ресурстардың жалпы құнына қатысты шығынның сомасы ретінде анықталады.
Тәуекелді сапалық бағалау статистикалық әдіс көмегімен орындалуы мүмкін. Бағалаудың аталған әдісінің басты құралдары – орташа күтілетін мәні, дисперсия, стандартты ауытқу, вариация коэффициенті.
Вариация – нәтиженің бір нұсқасынан екіншіге өту барысындағы сандық көрсеткіштердің өзгеруі.
Дисперсия – нақты мәннің орташа мәнінен ауытқу шамасы.
Осылайша, тәуекел дәрежесі екі критериймен өлшенуі мүмкін: орташа күтілетін мәнмен, мүмкін болатын нәтиженің құбылуымен (өзгергіштігімен).
Орташа күтілетін мән – белгісіз бір жағдайға байланысты нәтиженің (жағдайдың) мәні. Ол әрбір нәтиженің ықтималдылығы сәйкес мәннің жиілігі, немесе салмағы ретінде қолданылатын мүмкін болатын нәтижелердің орташа салмақтысы болып табылады. Осылайша, болжамды күтілетін нәтиже есептеледі.
Экспертті бағалаулар әдісі. Бұл әдіс әдетте тәжірибелік кәсіпкерлер мен мамандардың ой-пікірлерін өңдеу жолымен жүзеге асырылады. Ол статистикалықтан тек тәуекел қисығын сызу үшін ақпаратты жинақтау әдісімен ерекшеленеді.
Есептік – аналитикалық әдіс – шығындар ықтималдылығының қисығын құрастыруға және кәсіпкерлік тәуекел көрсеткіштерін бағалауға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |