Ќазаќстан республикасыныњ



бет27/128
Дата20.06.2020
өлшемі1,98 Mb.
#74127
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   128
Байланысты:
касипкерлик

Бизнес - жоспар – бұл бизнес – операцияларды, кәсіпорынның іс – әрекеттерін жүзеге асыру жоспары. Онда кәсіпорынның тауары, өндірісі, өнім өткізу нарықтары, маркетинг, операциялар мен олардың тиімділігі туралы мәліметтер болады.

Бизнес – жоспарды жасап шығарудың мақсаты – нарық қажеттіліктеріне және қажетті ресурстарды алу мүмкіндігіне сәйкес таяу және болашақтағы кезеңдерге кәсіпорынның шаруашылық қызметін жоспарлау.

Бизнес – жоспардың міндеттері болып келесілер табылады:

  • кәсіпорынның ұзақ мерзімді және қысқа мерзіді мақсаттарын қалыптастыру, оларға жетудің тактикалары мен стратегияларын анықтап алу;

  • кәсіпорын қызметінің нақты бағыттарын, нарыққа бағытталуы мен нарықтағы оның орнын анықтау;

  • кәсіпорынның тұтынушыларға ұсынатын тауарлары мен қызметтерін анықтау және ассортиментті таңдау;

  • өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалау;

  • нарықты зерттеу, сатуды ынталандыру, баға белгілеу және т.б. бойынша маркетингтік шаралардың құрамын анықтау;

  • кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау, қолда бар қаржылық және материалдық ресурстарды, қойылған мақсаттарға жету мүмкіндіктерімен сәйкестендіру және т.б.

Бизнес – жоспар келесідей негізгі функцияларды атқарады, атап айтқанда:

  • кәсіпкер белгілі бір кезеңдегі қызметтің нақты нәтижелерін бағалай алатын құрал болып табылады;

  • болашақта бизнесті жүргізу тұжырымдамасын жасап шығару үшін қолданылуы мүмкін;

  • қаржылық ресурстарды иемдену құралы болып табылады;

  • кәсіпорын стратегиясын жүзеге асыру құралы ретінде сипатталады.

Осылайша, бизнес – жоспар кәсіпорын қызметінің мүмкіндіктерін талдауға және басымды мақсаттарды таңдауды негіздеуге, яғни оның қызмет етуінің стратегиясын айқындауға мүмкіндік береді.

Бизнес – жоспарлардың түрлері.

Нарықтық жағдай мен құрастыру мақсатына қарай бизнес – жоспарлар әр түрлі болуы мүмкін:

  • бизнес – линиялары бойынша (өнім, жұмыстар, қызметтер, техникалық шешімдер);

  • жалпы кәсіпорын бойынша (жаңа немесе жұмыс істеп жатқан).

Бизнес – жоспар кәсіпорынның дамуына немесе оны қаржылық сауықтыруға бағытталуы мүмкін. Сонымен қатар, кәсіпорынның тұтастай қызметі немесе оның бір бөлемшесінің қызметі жоспарлануы да мүмкін.


    1. БИЗНЕС – ЖОСПАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ МЕН ЖАСАП ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ

Бизнес – жоспар келесідей ұсыныстарды ескере отырып дайындалуы керек:

    1. Ықшамдылығы – бизнес – жоспардың әрбір тарауы бойынша ең маңыздысының сипатталуы.

    2. Баяндауда және түсінуде қол жетімділік – бизнес – жоспар адамдарға көпшілікке түсінікті болуы керек.

    3. Техникалық түсініктемелердің тым көп болмауы.

    4. Сенімділік, ықшамдылық, серіктестерде қызығушылықты тудыру.

    5. Белгілі бір стандарттарға сәйкестігі – бизнес – жоспар, оны оқитындар мен жүзеге асырушылар қабылдауы қажет және оны құру әдістемесі бойынша ыңғайлы болуы керек.

Бизнес – жоспар күрделі құжат ретінде, әсіресе оның құрамы үлкен мәнге ие. Бизнес – жоспардың тараулары кәсіпорын қызметінің барлық аспектілерін қамтуы керек. Сыртқы пішіні бойынша бизнес – жоспарлар бір-бірінен ерекшелетіндігімен, олардың тарауларының құрамы, негізі тіпті өзгеріссіз қалады, ал нысаны бойынша ол қойылған міндеттің типіне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

ЮНИДО халықаралық әдістемесіне сәйкес бизнес – жоспар үшін келесідей көрсеткіштер мен оған енетін ақпарат түрлері қажет:

  1. инвестициялық шығындар;

  2. өнім өндіру және өткізу бағдарламасы;

  3. қызметкерлердің орташа тізімдік саны;

  4. өндірілген өнімнің жалпы көлеміне кеткен ағымдық шығындар:

    • материалды шығындар,

    • еңбекақыға жұмсалатын шығындар мен әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар,

    • құрал – жабдық пен көлік құралдарына қызмет көрсету мен жөндеу,

    • әкімшілік үстеме шығындар,

    • өнімді өткізу шығындары;

  5. өнім түрлері бойынша жалпы шығындар құрылымы;

  6. айналым капиталына қажеттіліктер;

  7. қаржыландыру көздері – акционерлік капитал; несиелер және т.б.

Мұндай көрсеткіштер мен ақпарат түрлері инвестициялық жобаларды модельдеудің қабылданған жүйесінің кез – келгенін аясында қолдануға жарамды болып табылады.

Бизнес – жоспар құрылымы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет