Курстың саясаты – бұл оқытушының курсты оқыту барысында студентке қоятын талаптар жүйесі. Ұсынылатын талаптар - барлық тапсырмаларды уақытында, сапалы орындау; себепті жағдаймен қатыспаған сабағын (деканаттың рұқсатымен) қайта тапсыру; өз бетінше кітапханада және үйде дайындық жасау; оқу үрдісіне белсенді қатысу; сабақты жібермеу; сабаққа кешікпей келу.
Қатысу: аудиториялық сабақтарға қатысу міндетті. Егер студент қандай болса да бір себеппен сабаққа келе алмаса, онда ол өтілген барлық материалға міндетті түрде жауапты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |