Сөздың байланыс функциясы -араласу функциясы әңгімелесіп отырған адамға тура не жанама әсер ету .
Шаттану комплексі - баланың ішкі жан дүниесінің жағымды жауабыу. ересек адамды коргенде оның дауысын естікенде бала күлімсіреп дыбыс шығара бастайды оған тесіле қарайды осы кезде оның аяқтары мен қолдарының қозғалыс ырғақтары өзгереді шаттану комплексі баланың алғашқы әлеуметтік жауабы деп санау қабылданған.
Қабылдаудың тұрақтылығы -қабылдау шарттары өзгергендегі зат бейнесінің біршама тұрақтылығы .
Жуықтасу талдауыштары-рецепторлары заттардың тікелей әсеріне шалынатын талдауыштар .мысалы ,тері талдауышы анализаторы.
Тиянақталған сөйлеу-әрбір сөздің немесе сөйлемнің дәл анықталған, мазмұны жағынан аяқталған сөйлеу .
Темперамент-нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешіліктері.
Тест-белгілі бір жағдайды қатаң сақтай отырып,балаларға ұсынылатын тапсырмалар жүйесі.
Синтез-бөлшектерді,жақтарды,белгілерді біріктіру,жалпылау,топтау бүтін қарау.
Достарыңызбен бөлісу: |