А Агент – бұл тауарды өндіруші немесе тұтынушы мүдделерін қанағаттандыру мақсатында іс-әрекет ететін тұлға.
Адами капитал–белгілі бір уақыт аралығында табыс табуға мүмкіндік беретін және салынған инвестициялардың нәтижесі болып табылатын адамның өндіруші активтері активтер (қабілеттер, білім, бейімдер).
Аннуитеттер – салымшыға уақыттың белгілі бір аралықтарында табыс әкелетін инвестициялар.
Акцепт – бұл оферта жіберілген тұлғаның оны қабылдау туралы жауабы.
Акционер– акционерлік қоғамның ортақ иесі, белгілі бір табысты алу және істерді басқаруға қатысу құқығын беретін акциялардың иесі.