Акционерлік қоғам – жарғылық қоры акционерлердің арасында таратылған акцияларды белгілі бір санына бөлінген заңды тұлға, мұндағы акциялардың саны олардың пайдадан өзінің үлесін (дивидендтер) алу құқығын куәландырады.
Акция – акционерлік қоғам шығаратын, иеленушінің осы қоғам капиталына қатысатынын куәландыратын және иеленушісіне пайданың белгілі бір бөлігін дивиденд түрінде алу құқығын беретін бағалы қағаз.
Акциялардың бақылау пакеті – меншік иелеріне бүкіл акционерлік қоғамның қызметін бақылауға мүмкіндік беретін акциялардың жалпы құнының (санының) үлесі. Теориялық тұрғыда бұл үлес акциялардың барлық сомасының 51% ретінде анықталады.
Антрепренер – меншік иесі, жалға алушы, жеке көрме кәсіпорнын ұстаушы.
Аутсорсинг – басқа бір ұйымға бизнестің қандай да бір функцияларын беру. Өнімді өндірумен байланысты қандай да бір міндеттер тәуелсіз фирмаға берілетін өндірістік аутсорсингті (дайындамалар мен құраушылар аутсорсингі және өнім өндірісін қамтамасыз ету бойынша операциялар мен функциялар аутсорсингін) бөліп көрсетеді. Сонымен қатар тәуелсіз ұйымдарға қандай да бір басқарушылық, көбінесе маркетингтік, өткізушілік және т.б. функциялар берілетін басқарушылық аутсорсингті бөліп көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |