Ќазаќстан республикасыныњ



бет20/131
Дата14.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#127164
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   131
Байланысты:
Ќазаќстан республикасыныњ

ӨЗ КӘСІПОРНЫН ҚҰРУ ШАРТТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ

Кәсіпкерлік қызмет белгілі бір ортада жұмысын жүргізеді. Сондықтан да қажетті құқықтық шарттарды құрудың маңызы зор. Осы тұрғыда кәсіпкерлік қызметті реттейтін және кәсіпкерліктің дамуы үшін ең қолайлы жағдайларды реттейтін заңдардың болуы: кәсіпорындарды ашу мен тіркеудің жеңілдетілген және жеделдетілген тәртібі, кәсіпкерді мемлекеттік бюрократизмнен қорғау; өндірістік кәсіпкерлік қызметті ынталандыру, Қазақстан кәсіпкерлерінің шет мемлекеттермен бірлескен қызметін дамыту бағытында салықтық заңнаманы жетілдіру.

Құқықтық нормалар – шаруашылық құқықтың даму дәрежесі, шаруашылық жүргізу нысандарының өзара қарым – қатынасын реттеу, кәсіпкерлікті заңнамалық түрде қорғау, мемлекеттік реттеу тұрғысынан кәсіпкерлерге әсер ету – кәсіпкерлік қызметтің алғышарттарын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар оның белсенділік дәрежесін анықтайды. Бұған шағын кәсіпкерлікті қолдау, статистикалық есеп беру, нысандары мен есепке алу әдістерін жетілдірудің аймақтық орталықтарын құру да кіреді. Сонымен қатар, ең алдымен, келісімдік міндеттемелерді ұстану мен меншікке деген құқықтарды, кәсіпкерлік қызметті құқықтық жағынан кепілдендіру, заңнамалық бастаманы дайындау, бірінші кезекте келісім – шарт міндеттемелерін орындау өте маңызды рөл атқарады.

Кәсіпкерлік құқықтық нормалардың тұрақтылығы шамалы және ішкі қайшылығы бар жағдайда, қандай да бір қоғамдық топтардың мүдделерін ұстануға бейім болады. Сондықтан заңды тұрғыдан бекітілген кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық – құқықтық түрлері оған деген сенімді арттырады және экономикалық қатынастардың нақты түрлерін қалыптастырады. Кәсіпорынның құқықтық негізгі кәсіпкерлік қызметі болып табылады. Оны келесі суреттерден көруге болады (5,6,7,8 суреттер).

5- сурет Кәсіпорынның мәні



6-сурет – Кәсіпорынды құру тәртібі



7 -сурет – Кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың жіктелуі


8- суретКәсіпорынның кәсіпкерлік қызметін құру немесе тоқтату себептері
Жоғарыда келтірілген 5,6,7,8 суреттерді талдай отырып, қазақстандық заңнамаға сәйкес кез–келген әрекет қабілетті азамат белгілі бір ұйымдық – құқықтық нысанда өз ісін құра алады деп айтуға болады. Өз ісін құру келесідей бірқатар міндетті шараларды талап етеді:


  • бастапқы капиталды қалыптастыру үшін мүліктің болуы;

  • жарғылық (қоймалық) капиталдың минималды мөлшерін қалыптастыру үшін қажетті қаржылық ресурстардың болуы;

  • болашақ кәсіпорынның кеңсесін орналастыру және міндеттемелерін қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті тұрғын үй емес ғимараттардың болуы;

  • кәсіпкер өз тауарларын (қызметтерін, жұмыстарын) ұсынатын нарықтың жағдайын зерттеу;

  • қызығушылық тудыратын саладағы, аймақтағы тауарларға деген сұраныс;

  • құрылтайшылар (серіктестер) құрамын анықтау;

  • кәсіпорынды құру туралы құрылтай келісімшартын жасау.

Болашақ кәсіпкер:

  • тәуекелден болатын залалдарды шамалап есептей алуы;

  • кәсіпкерлік құпияны сақтай алуы;

  • өз кәсіпорнының қызметі, өнім тұтынушылары, клиенттері, жабдықтаушылары, бәсекелестері және т.б. туралы барлық ақпаратты білуі;

  • өз ісін құрғысы келетін қызмет аясында құзіретті болуы;

  • өз ісін ұйымдастыруда шағын кәсіпкерлік ғана мемлекет тарапынан белгілі бір қолдауға ие болатындықтан, өз күшіне ғана сену керектігін естен шығармауы керек.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет