Ќазаќстан республикасыныњ


ФРАНЧАЙЗИНГ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК



бет21/131
Дата14.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#127164
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   131
Байланысты:
Ќазаќстан республикасыныњ

ФРАНЧАЙЗИНГ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК

Франчайзинг әдісі бойынша ұйымдастырылған кәсіпкерлік өз қызметін жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндіктер ашады, олардың көбісінің істі табысты жүргізу үшін жеткілікті білімі, тәжірибесі және қаржылық мүмкіндіктері болмайды. Сондықтан да табысты жұмыс істеп жатқан фирмалар тарапынан қолдауды қажет етеді.

Франчайзингің мәні - ірі және болашағы бар кәсіпорын (франчайзер) өз бизнесін жаңадан бастап келе жатқан шағын кәсіпорынға (франчайзи) персоналды оқыту мүмкіндігін, белгілі және танымал сауда маркасын, «ноу-хауды», өзін-өзі ақтаған технологияны пайдалана отырып белгілі бір уақыт аралығында және белгілі бір жерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу құқығын (франшиза) береді .

Франчайзер әріптеске сауда мен қызмет ету сферасын таңдау, сауда және өткізу желісін ұйымдастыру, жарнамалық компанияны өткізу барысында кеңес береді, шикізат пен материалдарды, құрал-жабдықты тасымалдау бойынша міндеттемелерді өз мойнына алады, бизнесті басқаруды ұйымдастыруда, кейде тікелей қаржылық (несиелер нысанында) немесе жанама (кепілдемелер мен кепілдер ретінде) көмекті көрсетеді. Франчайзер мен франчайзидің өзара қарым – қатынастарының барлық мәселелері келісімшартта көрсетіледі.

Франчайзинг келісімшартының мәнінің ерекшелігі франчайзиге тек лицензия беру ғана емес, сонымен қатар оны тәжірибелік тұрғыдан пайдалануда. Көптеген жағдайларда ол үшін техникалық құжаттаманы, жұмысқа қажетті нұсқауларды беру, франчайзиге жұмыс істеу әдістеріне оқыту мен кеңес берушілік қызметтерді ары қарай жалғастыру.

Шағын кәсіпорын франчайзер көмегін пайдалана отырып, салыстырмалы қысқа мерзімде өз ісін бастай алады, және де мұнда бас кәсіпорын тарапынан тұрақты қолдау, қиындықтарды (әсіресе бастапқы қызмет ету барысында) жеңуге мүмкіндік береді. Франчайзер тарапынан көмек пен қолдау ақылы болады (роялти) және жеткілікті түрде жоғары болады.

Франчайзинг пен франчайзингтік құрылымдарды бірнеше типтер мен түрлерге бөлінеді (9-сурет). Франчайзингтің негізгі типтері болып тауарлық, өндірістік, іскерлік, еншілес және конвенсиялық франчайзинг табылады.



Тауарлық франчайзинг бизнесті жүргізу тәсілін сипаттайды, онда франчайзи жетекші компаниядан тауарларды, оның тауарлы маркасымен бірге сату құқығын сатып алады.

Өндірістік франчайзинг кезінде ірі компаниялар басқа компанияларға өнім өндіру мақсатында патенттелген үрдіс арқылы өзінің сауда белгісін немесе сауда маркасын пайдалануға лицензиялар береді.

Іскерлік франчайзинг франчайзердің «басшылығымен» тәуелсіз бизнесті ұйымдастыруды қарастырады.

Конверсиялық франчайзинг өнім франчайзинг жүйесі бойынша жұмыс істейтін көтерме немесе бөлшек сауда кәсіпорындары арқылы сатылатындығымен сипатталады.

Франчайзингтің негізгі түрлері дара немесе аймақтық (территориялық) болып екіге бөлінеді.

Кең таралған түрі болып табылатын дара франчайзинг кезінде лицензия (франшиза) өнімнің қандай да бір белгілі түріне сатылады.



Аймақтық франчайзинг кезінде бірегей бас кәсіпорны (бірегей франчайзинг) бар, белгілі бір аймақта (территорияда) қызмет ететін екі және үш деңгейлі франчайзингтік құрылымдар құрылады.

Аймақтық франчайзинг келесідей қосалқы түрлерге бөлінеді:

  • көптеген кәсіпорындарды иеленетін франчайзинг дара франчайзинг негізінде дамиды. Бұл жағдайда франчайзер мен франчайзи бизнесті аймақта дамыту үшін келісім шарт жасайды. Соның негізінде франчайзидің белгілі бір ауданда өз кәсіпорындардын ашу құқығы пайда болады;

  • субфранчайзинг жағдайында бас кәсіпорын франчайзимен келісім шарт жасап, әрі бір мезгілде субфранчайзер ретінде болады. Соңғысы басқа франчайзиларда келісім шарттық қарым-қатынастар негізінде басқа франчайзиларды тартады;

  • дамушы франчайзингтің субфранчайзингтан ерекшелігі, төменгі франчайзи субфранчайзермен және франчайзермен де келісім шарттық қарым-қатынастармен байланысты болады. Келісім шарттың талабына сәйкес субфранчайзер дара франчайзиді өзі таңдайды және оны оқытуға, оларға тәжірибелік, әдістемелік көмек көрсетуге, олардың қызметін бақылауды жүзеге асыруға міндеттенеді. Сонымен қатар франчайзер дара франчайзиге тікелей лицензия (франшиза) береді және онымен тікелей келісім шарттық қатынастарға түседі.






9-сурет.Франчайзинг жүйесі
Франчайзинг жүйесі барлық қатысушылармен табысқа бірдей қол жеткізуге бағытталған. Франчайзердің артықшылықтары:

  • үлкен қаржылық шығынсыз бизнесті аз уақыт аралығында кеңейту тиімділігі;

  • өз өнімдері мен қызметтерін өткізу кезінде тиімді бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі;

  • роялти түрінде табыс алу;

  • өндіріс масштабтарын кеңейту нәтижесінде өз өнімінің немесе қызметінің шығындарын төмендету есебінен қосымша пайдаға қол жеткізу.

Франчайзинг жүйесіне қатысу франчайзиға келесідей артықшыықтар береді:

  • тәуелсіз бизнесмен болу мүмкіндігі;

  • нарықта жақсы беделі бар сауда маркасы атынан өз бизнесін жүргізу құқығы;

  • бизнес пен маркетингтің бейімделген тұжырымдамасын қолдану;

  • сәйкес аядағы сарапшылардан басқарушылық кеңес алу мүмкіндігі;

  • бірлескен қызметті жүзеге асыру есебінен жарнамаға деген шығындарды азайту;

  • бастапқы оқу және білімін жетілдіру барысында бас фирманың қызметтерін пайдалана алу мүмкіндігі;

  • бизнес мектебінде оқымай-ақ немесе осы салада өз бизнесін жүргізбай-ақ, өз ісін бастау мүмкіндігі;

  • франчайзердің қолдауы арқасында қателерді болдырмау.

Бірақ, бұл артықшылықтарды жүзеге асыру мүмкіндіктері көптеген жағдайларға байланысты болады. Мысалы, ең алдымен нарықтағы франчайзердің имиджіне, франчайзиге берілетін технологияның ғылыми-техникалық деңгейінен, өндірілетін тауарлардың (жұмыстарын, қызметтің) сапасынан, осы тауарларға деген сұраныс сипатына және бәсекелік ортаның жағдайына тәуелді. Барлық жағдайларда франчайзинг жүйесіне қатысу немесе оның қандай да бір нарықтарға немесе кәсіпкерлік аяларына тарату туралы шешім қабылдау үшін ұсынылатын қызметтің бизнес-жоспары қажет.

Сонымен қатар, франчайзингте белгілі бір кемшіліктер бар, кемшілікті есепке алу франчайзер үшін де, франчайзи үшін де маңызды. Франчайзингтік келісімшарт франчайзер мен франчайзидің қарым-қатынастарын анықтайды, және франчайзиді қорғайтын бірқатар ережелерді қамтиды. Бұл ережелер франчайзерге франчайзимен келісім шартты үзіп жіберуді қиындатады.

Франчайзи франчайзердің қызметкерлерді болып табылмайды. Олар бизнестің тәуелсіз иелері болып табылады. Франчайзингтік келісімшарттың болуы жағдайында да, франчайзимен өз бизнесінде жүзеге асырылатын мәмілелерді бақылауда белгілі бір қиындықтар туындауы мүмкін.

Көптеген тұтынушылар әрбір франчайзингтік кәсіпорынды ортақ тауарлық белгімен жұмыс жасайтын кәсіпорындардың бірегей желісінің бөлігі ретінде қабылдайды. Егерде қандай да бір франчайзи өз бизнесін нашар жүргізсе, ол барлық франчайзингтік жүйеге әсерін тигізеді. Франчайзи франчайзерға жалпы сатылымдар сомасы туралы есеп беріп отыруға міндетті.

Кез-келген франчайзингтік жүйенің жұмысы франчайзердің интеллектуалды меншігі болып табылатын қағидалар мен стандарттарға негізделеді. Бизнестің мұндай қағидалары коммерциялық құпияны сипаттайды және франчайзингтік жүйенің негізгі табысы болып табылады. Франчайзи франчайзинг бағдарламасы бойынша оқу барысында, кейбір коммерциялық құпияларға қол жеткізеді. Франчайзингтік келісімшарт франчайзиге мұндай ақпаратты таратуға тыйым салғанымен, іс – әрекет барысында ондай жағдай жиі кездеседі.

Франчайзи есебі бойынша франчайзингтік қатынастар оған үлкен шектеулер қояды деп есептегендіктен, өз бизнесін ашу үшін франчайзермен келісім шартын бұзғысы келеді, ал өз кезегінде франчайзерге тікелей бәсекелес болады.

Франчайзи франчайзингтік жүйенің ережелерін қатал ұстануы тиіс. Олар ұсыныс енгізе алады, бірақ бизнесті ұйымдастыру әдісін өзгерте алмайды.

Франчайзингтік келісімшартқа сәйкес франчайзи франшизаның тауарлық белгісін пайдалану мен күнделікті операцияларға қатысты арнайы ережелерді ұстануы тиіс. Мұндай шектеулер тұтынушыға ұсынылатын өнім ассортиментіне, жұмыс уақытының ұзақтығына қызмет көрсету ерекшеліктеріне қатысты болуы мүмкін. Франчайзи, осы шектеулерге франчайзилік келісімшартқа байланысты іс-әрекеттер басталмай тұрып келісім шарт болу керек.

Франчайзи өз бизнесінің тәуелсіз иелері ретінде сипатталғанымен, ол франшиза иелерінің желісінде маңызды буын болып табылады. Әрбір жеке франчайзи басқалары үшін бизнесте тең құқылы әріптес болуы қажет.

Потенциалды франчайзи франчайзер ұсынатын қолдау мәндерін анықтау үшін, франчайзингтік жүйенің жұмысымен мұқият танысып алуы керек. Франчайзер тарапынан жеткіліксіз қолдау болған жағдайда, франчайзингтік жүйенің күші әлсірейді.

Франчайзи франчайзердің қаржылық жағдайы туралы толық мәліметпен танысуы керек. Себебі, франчайзер өзін банкрот деп жариялаған жағдайда, франшизаны сатып жіберуі мүмкін немесе басқа да қолайсыз салдар туындауы мүмкін.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет