Офертада акцепт үшін мерзім көрсетілсе, егер акцепт офертаны жіберген тұлғамен, онда көрсетілген мерзімде алынса, келісімшарт жасалған болып саналады. Егерде тараптар келісілген түрде келісімшарт жасау туралы келісімге келсе, ол осындай түрде жасалған болып саналады. Келісімшартта оның жасалған жері көрсетілмегендіктен, келісімшарт кәсіпкердің тұрғылықты жерінде немесе офертаны (келісімшарт жобасын) жіберген коммерциялық ұйымда жасалды деп саналады. Егер басқаша көрсетілмесе, келісімшарт сауда жүргізу жолымен жасалуы мүмкін. Келісімшарт аукцион немесе конкурс түрінде де жасалады. Сауданы жүргізуді жеңіп алған тұлға, және сауданы ұйымдастырушы конкурсты немесе аукционды өткізу күні кезінде келісімшарт күші бар сауда нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды.
Келісімшартты өзгерту немесе бұзу Азаматтық кодекспен, заңнамалық актілермен немесе келісімшартпен қарастырылмаған жағдайда, тараптардың келісім арқылы жүзеге асады. Келісімшарт тараптарының бірінің талабы бойынша келісімшарт сот шешімі арқылы келесідей жағдайларда ғана өзгертіледі немесе тоқтатылады: келісімшартты бір тарап бұзған жағдайда, Азаматтық Кодекспен, басқа да заңнамалық актілермен немесе келісімшартпен қарастырылған басқа да жағдайларда.
Келісімшарт өзгертілген немесе бұзылған болып танылады, егерде келісімшартты орындауға тараптардың біржақты бас тартуы болған (келісімшарттан толығымен немесе жартылай бас тарту) жағдайда. Келісімшартты өзгерту немесе бұзу туралы келісім заңнамамен, келісімшартпен, яғни келісімшарт түрінде жасалады. Келісімшартты өзгерту немесе бұзу туралы талап келісімшартты өзгертуге немесе бұзуға басқа тарап бас тартқан жағдайда, сотқа өтініш берілгеннен кейін немесе келісімшартпен немесе заңнамен орнатылған мерзімде жауап ала алмағаннан кейін, ал ол болмаған жағдайда отыз күн ішінде қойыла алады.
Шаруашылық тәжірибеде алуан түрлі типтегі келісімшарттарды жасау қажеттілігі кездеседі және соларға сәйкес алуан түрлі келісімшарттық міндеттемелерді ұстануы тиіс. Келісімшарттардың түрлері 25 – суретте көрсетілген.
Келісімшарт тараптары арасында келісімге келу мәні бойынша келісімшарттардың келесі түрлері бөлінген: сатып алу-сату, бөлшек сауда жүйесінде сату-сатып алу, тауарларды тасымалдау, энергиямен жабдықтау, жылжымайтын мүлікті сату, кәсіпорынды сату, сыйлау, рента, жалға алу, үйлер мен ғимараттарды жалға алу, қаржылық жалға алу, жүкті тасымалдау, көлік экспедициясында жолаушыларды тасымалдау, несиелік келісімшарт, қарызға беру, комиссия келісімшарттары және т.б. Және де мұнда банктік шот, несиелеу мен сақтандыру келісімшарттары қызмет түрлеріне байланыссыз кез-келген кәсіпорынмен (кәсіпкермен) жасалады.
25-сурет. Азаматтық – құқықтық келісімшарттардың жіктелуі
САТЫП АЛУ-САТУ КЕЛІСІМ ШАРТЫН ЖАСАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
Сату- сатып алу келісімшарты – бұл тараптар арасындағы келісім, оған сәйкес бір тарап (сатушы) екінші тараптың (сатып алушының) иелігіне затты (тауарды) беруге, ал сатып алушы ол тауарды алуға және ол үшін белгілі бір ақшалай соманы (бағаны) төлеуге міндеттенеді.
Келісімшарттың құрылымы мен мазмұны 9 – кестеде келтірілген.
9 - кесте. Келісімшарт құрылымы мен мазмұны
Тараулардың аталуы
|
Мазмұны
|
Преамбула
|
Ол келесідей маңызды мәліметтерді қамтиды:
|
Келісімшарт пәні
|
Жасалатын мәміленің негізгі мазмұны көрсетіледі:
іс-әрекет міндетті түрде өткен шақта көрсетіледі (мысалы, сатып алушы сатып алды, ал сатушы сатты)
егерде бұл халықаралық контракт болса, тауарлардың тасымалы қандай базистік шарттарда жүзеге асырылатындығы көрсетіледі
екі жақты түсінікті білдірмейтін заттың дұрыс және нақты анықтау
кредитордың негізгі және қосымша міндеттемелері
қарыз алушының негізгі және қосымша міндеттемелері
міндеттеме заты ҚР АК көрсетілген міндеттемелерге сәйкес анықталады
тауарлар мен қызметтердің дара белгілері болуы керек (тауардың нақты маркасы, қызметтің бөлінуі және т.б.)
|
Тараптардың міндеттемелері
|
әрбір тараптың басты міндеттемелерінің толық тізбесі
әрбір тараптың қосымша міндеттемелерінің толық тізбесі
міндеттемелерді орындау кезектілігі
келісімшарт «толық және нақты инструкциялы» болуы керек
келісімшарт оның бөліктер бойынша жүзеге асырылуын анықтау керек
өзара міндеттемелерді орындау тәртібі мен кезектілігі
қарыз алушымен баламалы міндеттемелерді орындау тәртібі
қарыз алушының бірімен бірегей міндеттемелерді орындау тәртібі
бірегей несие берушілердің біріне өз міндеттемелерін толығымен орындау қарыз берушіні басқа несие берушілерге өз міндеттемелерін орындаудан босатады
ақшалай міндеттеме нотариалды кеңсе депозитына қарызды төлеумен орындалуы мүмкін
келісімшарт үшінші тұлғаның пайдасына орындалуы мүмкін
міндеттеменің орындалуы үшінші тұлғаға жіктелуі мүмкін
|
Келісімшарт бағасы мен жалпы сомасы
|
Контрактілі баға әрқашанда тауардың бір бірлігіне орнатылады (тонна, дана). Бағалардың келесідей түрлері қолданылуы мүмкін:
►тұрақты баға – келісімшартты жасасу кезінде белгіленеді және есеп айрысу біткенге дейін өзгермейді
►өзгермелі баға – сыртқы жағдайларға байланысты (мысалы, инфляция) тауардың нақты тасымалдау уақытына түзету енгізілетін, келісімшарт жасасқан кездегі келісілген базалық баға
►кейіннен белгіленетін баға – келісімшартты жасау кезінде бағаны орнатпайды, тек контрактте оның қашан және қалайша анықталатыны көрсетіледі.
Тауар бірлігінің бағасы + опцион
Тауардың барлық санының құны + опцион
Баға тасымалдаудың белгілі бір базисіне орнатылады
Тауар бағасына қосылған шығындар
Контрактты орындау барысында тауар бағасының өзгеруі
|
Тауарларды жеткізу мерзімдері
|
Сатып алушылардың мерзімдерді нақты ұстануға деген талаптары экономикалық тұрғыдан негізделген. Осыған байланысты тауарлар тасымалының мерзімін өткізіп алғаны үшін санкциялар күшейеді. Әдетте келісімшартта тасымалдау мерізмін шамалы ғана өткізудің шекті мерзімі көрсетіледі немесе тасымалдау мерзімі бірден көсетіледі. Мерзімдер келесідей болуы мүмкін:
►басты міндеттемелерді орындау мерзімі; қосымша міндеттемелерді орындау мерзімі
►келісімшартта жалпы іс-әрекет ету мерзімін анықтау
►орындау мерзімдерінің орындалу кезектілігі (тауар айналымы операциялары кезінде – тауарды тиеу пропорционалды немесе сәйкестендірілген көлемде нақты қарама-қайшы шарттарда жүргізіледі)
►орнатылған мерзімі болмаған жағдайда міндеттемелердің орындалуы егерде келісімшартпен немесе заңмен басқаша анықталмаса, несие беруші талап еткен 7 күннен бастап жүргізіледі
►міндеттеменің мерзімнен тыс орындалу мүмкіндігі көрсетіледі (заңмен, келісімшартпен немесе басқа да міндеттемелерден қарастырылмаса, қарыз берушінің өз міндеттемелерін мерзімнен ерте орындауға құқығы бар )
|
Тасымалдау базисі
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |