ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Басшы және жауапты орындаушы:
___________________ К.Қосымов
(қолы)
Тараз, 2012
МАЗМҰНЫ
|
Кіріспе………………………………………………………………
|
3
|
1
|
Бағдарлама паспорты……………………………………………...…..
|
4
|
2
|
Ағымдағы ахуалдың талдауы………………………..………………….
|
11
|
3
|
Өңір дамуының болашақ көрінісі…………………………………………..
|
71
|
4
|
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және іске асыру мерзімдері көрсетілген тиісті шаралары
……………………………………...
|
75
|
5
|
Қажетті ресурстары………………………………………………
|
118
|
6
|
Бағдарламаны басқару…………………………………………….
|
119
|
КІРІСПЕ
Тараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Дамыту бағдарламасы) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» (2009 жылғы 18 маусымдағы №827), «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарын күші жойылды деп тану туралы» (2010 жылғы 19 наурыздағы №958) Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы №925 Жарлығымен бекітілген 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарының 9-тармағын орындау үшін және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының шешуші бағыттарына сәйкес әзірленді.
Дамыту бағдарламасы Тараз қаласының барлық өңірлерінің тұрақты және теңдей дамуын, әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы экономиканың өсімін қамтамасыз етуге бағытталған.
Дамыту бағдарламасы бағдарламасы шеңберінде қаланың қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуалына талдау жүргізіліп, оның күшті және әлсіз жақтары, қауіптер мен даму мүмкіндіктері анықталды.
Тараз қаласының негізгі бәсекелестік артықшылықтарына мыналар жатады: қолайлы географиялық орналасуы, пайдалы қазбалардың бай қорларының болуы, еңбекке қабілетті жастағы тұрғындардың көптігі, инвестициялық жобаларды табысты іске асыруға мүмкіндік беретін өндірістік инфрақұрылымның болуы.
Қолда бар бәсекелестік артықшылықтарды, сондай-ақ мүмкіндіктер мен қауіптерді ескере отырып Дамыту бағдарламасы бағдарламасының іс-шараларын іске асыру тұрақты әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған. Стратегиялық мақсаты ел азаматтарының лайықты өмір сүруі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге қабілетті күшті және тиімді мемлекетті құруға лайықты үлес қосуды қамтамасыз ету болып табылады. Халық өмірінің деңгейі мен сапасын жоғарылату сыртқы және ішкі факторларды барынша пайдалану, табиғи кешеннің әлеуетін молайтуды сақтай және қоршаған ортаны сауықтыра отырып экономикалық және әлеуметтік саланы қарқынды дамытуды қамтамасыз ету арқылы көзделеді.
1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ
Бағдарлама атауы
|
Тараз қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
|
Әзірлеу үшін негіздеме
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 1.02.2010 жылғы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» №922 Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бұдан әрі қолданылуының кейбір мәселелері туралы» №931 Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарын күші жойылды деп тану туралы» №958 Жарлығы
|
Өңірдің негізгі сипаттамалары
|
Тараз қаласының аумағы 0,1 мың шаршы метрді немесе Жамбыл облысының аумағының 0,07% құрайды.
Қала облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде, Талас-Асаның шұрайлы алқабында, Қырғыз тауларының солтүстігіне қарай тау жағындағы жазықта, Талас өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан
Қала халқы 330,2 мың.адамды құрайды, орташа халықтың тығыздығы аумақтың 1 мың шаршы метрге 3302 адамды құрайды.
Нақты сектордың негізгі салалары мыналар болып табылады: тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа кондиционерлеу, сумен жабдықтау және кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауға және таратуға бақылау жасау.
|
Бағыттары
|
Агроөнеркәсіп кешенінде, химия, жеңіл өнеркәсіпте өнімділігі жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы;
Әлеуметтік саланың және адами әлеуеттің дамуы, халық өмірі сапасы деңгейінің жоғарылауы, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз етілу;
Экономиканы үдемелі индустриаландыруға және сапалы тұрғын үй-коммуналдық және көлік қызметтерімен қамтамасыз етуге ықпал ететін инфрақұрылым кешенін модернизациялау;
Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту.
|
Бағдарламаның мақсаттары
|
Экономиканың сапалы және тұрақты өсімін қамтамасыз ету;
Өңірлік экономиканы үдемелі индустриаландыру бойынша инновациялық жобаларды іске асыру арқылы басымды салалардағы жоғары шекті өнімге өту, нығайту және тиімділігін арттыру арқылы Тараз қаласының өнеркәсіптік әлеуетін жоғарылату;
Тұрақты өсім қарқынымен және осы заманғы, прогрессивтік технологияларды пайдалана отырып бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін және тамақ өнімдері өндірісін құру;
Сауда және шағын, орта бизнесті дамыту;
Инвестиция тарту арқылы технологиялық модернизацияларға ықпал ету және инновацияны дамыту;
Білімге қолжетімділікті және оның сапасын қамтамасыз ету;
Өнімді жұмыспен қамтуға ықпал ету;
Мәдениет және тілді дамыту;
Бұқаралық спортты және жоғары табыстар спортын дамыту;
Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру шеңберінде әлеуметтік өміршеңдігін қалыптастыру;
Құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамыту;
Инфрақұрылымдарды дамыту;
Құрылысты дамыту;
Авто көлік жолдарын және транспортты дамыту;
Халықтың өмір сүру деңгейін дамыту;
Мемлекеттік қызметтерді дамыту.
|
Міндеттері
|
ЖӨӨ жыл сайынғы нақты өсімін қамтамасыз ету;
Әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін өнеркәсіптің басымды секторларын дамыту;
Электр энергиясы өндірісін арттыру;
Тұрақты өсім қарқынымен прогрессивтік технологияларды пайдалана отырып бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін өндірісін құру;
Кәсіпкерлік саласын дамыту;
Сауданы дамыту;
Инновациялық өнімдерді өндіруге инвестиция тарту;
Қазақстандық қамту үлесін дамыту;
Мектепке дейінгі мекемелер желісін ұлғайту және мектепке дейінгі білім беру бойынша көрсетіліп отырған қызметтердің сапасын жақсарту;
Орта жалпы білім беру қызметтерінің сапасын жоғарылату;
Педагог кадрлардың кәсібилігін және мұғалім мамандығының беделін жоғарылату;
Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету;
Сапалы, бәсекеге қабілетті кадрларды дайындауға жағдай жасау;
Халықты тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу;
Халықтың кірістерін арттыру, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру;
Мүгедектерге, қарт азаматтар мен ауыр тіршілік жағдайын бастан кешіріп отырған азаматтарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету;
Бұқаралық спортты дамыту;
Этникааралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту және жастарға мемлекеттік қолдау көрсету;
Қоғамдық тәртіпті нығайту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру.
Компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру, байланыс қызметтерін жетілдіру;
Халықтың кең бөлігінің тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысы проблемаларын кешенді шешу;
Азаматтық тұрғыдағы нысандарға сейсмотұрақтылық борйынша тексерулер жүргізу;
Автокөлік жолдарн дамыту;
Транспортты дамыту;
Тұрғын-жай коммуналдық жүйесін дамыту және жаңарту;
Сумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту және жаңарту;
Жылумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту және жаңарту;
Су өткізу жүйелерін дамыту және жаңарту.
|
Іске асыру кезеңдері
|
I кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – бірінші кезектегі және дағдарысқа қарсы іс-шараларды іске асыру.
II кезең – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды іске асыру және қаланың одан арғы әлеуметік-экономикалық дамуына негізді қалыптастыру.
|
Мақсатты индикаторлары
|
Өнеркәсіп өндірісінің физикалық индекс көлемі;
Ауылшаруашылық өнімдері өндірісінің физикалық индекс көлемі;
Белсенді жұмыс істейтін шағын кәсіпорындар саны;
Бөлшек сауданың физикалық индекс көлемі;
Негізгі капиталға салынған инвестицияның физикалық индекс көлемі пайызбен;
Сапалы және қол жетімді біліммен қамтылған тұрғындардың деңгейі;
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту;
Тараз қаласы халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейі;
Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі;
Барлық жастағы азаматтарды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға қамту деңгейі;
Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оңды бағалаған халық үлесі;
Азаматтардың ішкі істер органдарына сенімінің болжамдық деңгейі;
Құрылыс жұмыстарының физикалық индекс көлемі;
Іске қосылатын тұрғын үйлер жалпы аумағы шаршы метр;
Қанағаттанарлық және жақсы жағдайдағы жергілікті маңызы бар авто қөлік жолдарының үлесі;
Тауар айналым көлемі;
Жолаушы тасымалдау айналымының көлемі;
Орталықтандырылған сумен қамтуға қолжетімділік;
Жылумен қамтамасыз ету қызметінің деңгейін өсіру;
Су өткізу жүйелерінің қызмет деңгейін өсіру;
Әлеуметтік-маңызы бар арнайы қызметтерді халыққа сапалы қанағатанарлық қызмет көрсету деңгейі.
|
Қаржыландыру көздері және қажетті қаржыландыру көлемдері*
|
Қаржыландыру көздері: мемлекеттік және жергілікті бюджет, инвесторлардың меншік қаражаттары, қарыз қаражаттар.
Қаржыландыру көлемдері:
2011 жыл – 18366,2 млн.теңге;
2012 жыл – 23174,7 млн.теңге;
2013 жыл – 39993,2 млн. теңге;
2014 жыл – 27304,5 млн.теңге;
2015 жыл – 30094,1 млн.теңге.
Барлығы: 138932,8 млн.теңге
|
2. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫҢ ТАЛДАУЫ
2.1. Өңір ахуалының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай-ақ олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері
Қала облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде, Талас-Асаның шұрайлы алқабында, Қырғыз тауларының солтүстігіне қарай тау жағындағы жазықта, Талас өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Климат ерекшеліктері қуаңшылық және континенталды, бұл температураның барынша құбылмалылығына және жауын-шашын көлемінің аздығына алып келуімен ерекшеленеді. Қазіргі Тараз Жамбыл облысының ірі әкімшілік-мәдени орталығы болып табылады. Тараз және Астана қалаларының ара қашықтығы 1300 км құрайды, ал Алматы қаласына дейін – 550 км. Қала батысында Жамбыл және Жуалы аудандарымен, солтүстігінде – Байзақ ауданымен, шығысында – Тұрар Рысқұлов ауданымен, оңтүстігінде – Қырғызстан Республикасымен шектеседі. Қаланың аумағы Жамбыл облысының 0,1 мың шаршы км немесе 0,07% территориясын құрайды. Халқы 333206 адам, немесе облыс халқының 31% .
Тараз қаласы айтарлықтай бәсекелестiк басымдылықтарға ие болатындай табиғи ресурстарына бай. Сонымен қатар, тұрғындардың ұлттық әр түрлiлiгi (қазақтар, орыс, өзбектер, кәрістер, түріктер және тағы басқалар) де қала артықшылықтарының бірі. Қала түсті металдарға бай, барит, қаптайтындар және техникалық тастар, құрылыс материалдары, фосфорит және плавикошпат шикізатының бірегей базасы болып келеді және Тараз қаласы өнеркәсібінің дамуын анықтайды.
Барынша экономикалық тиімді жол тораптарының қиылысуында орналасқан қала аумағының транзиттік әлеуеті (әуе, темiр жол және автомобиль) жоғары болып табылады, бұл Азия елдерімен, Таяу және Орта Шығыс және де Еуропа елдерімен өзара байланыстырады. Туристтiк потенциалды дамытуға қаланың мүмкіндігі барынша мол, бұл әсіресе шипажай-қорықтағы аймақтар мен олардың рекреациялық қорына, сонымен қатар ерте заманның тарихынан сыр шертетін тарихи-сәулеттiк ескерткiштерінің көптігіне негiзделген.
Қаланың өнеркәсiптiк өндiрiсiнiң құрылымы көп салалы сипатқа ие. Кен өндiру өнеркәсiптiң самғауы экспортқа негізделген пайдалы қазбаларды өндiруімен байланысты. Электр энергиясын, газ және суды өндiру мен үлестiрiлуі өлкенiң өнеркәсiптiк өндiрiсiнiң құрылымында небәрі 27, 5%-ын құрайды.
Сонымен бiрге, қаланың өнеркәсiптiк өндiрiсi бірқатар қиындықтарымен беттеседі: ең алдымен, бұрынғы одақтас республикаларының өнеркәсiптiк өнiмге деген сұраныстың құлауы (әсіресе, Ресей жақтан), және протекционистік саясат шарттарының дұрыс орындалмауынан ұқсас өнiмді шығару кезінде шетел өндiрушiлерiне (Қытай) қарағанда бәсекеге төтеп бере алмауы қабiлетсiздiгі.
Жоғарыда айтылғандай тұрақты даму химия өнеркәсiбiне тән, бұл жағдай өздері өндіретін өнімге сұраныстың көп болуымен түсіндіріледі.
Сонымен қатар 2012 жылдың 3-ші тоқсанның қорытындысы бойынша Еуроодақ мемлекеттерінің қаржы кризисінің жалғасуына байланысты, аймақтағы химия өндірісінің алпауыты «Казфосфат» ЖШС-ң өндіретін өнімдерінің төмендетіп отыр (қаланың өнеркәсіп өндірісінің 25 % химия өнеркәсібіне тиесілі).
Атмосфераны ластайтын заттардың көлемдерiнiң өсуi, негiзiнде, құрылыстың дамуымен, автокөлiктiң санының ұлғаюымен, қоршаған ортаны қорғау стандарттарын орындамауымен, автокөлік жанармай сапаның нашарлығымен, өндiрiс қалдықтарын қайта өңдеу мен тұтынудың шешiлмеген сұрақтарымен байланысты. Заманауи тұрмыстық қатты қалдықтарды немесе қоқыс өңдейтін кешеннің құрылысы қазіргі дейін құр сөзбен айтылып келе жатыр. Тек 2012 жылдың желтоқсан айында «LBM» ЖШС, «Самұрық-Қазына Инвест», «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпарация «Тараз» ұллтық компаниясы және Тараз қаласы әкімдігі 4 жақты меморандумға қол қойды. Осы келісімге байланысты, «LBM» ЖШС компаниясы Тараз қаласында қуаттылығы жылына 50 мың тонна өндіріс қалдықтарын және тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін үлкен масштабты плазматермиялық конвейтер құруды жоспарлап отыр.
Экологиялық іс-шаралардың дұрыс жүргізілмеу нәтижесінде мұнай-химиялық өнеркәсiбінің химиялық өнімдерінің қалдықтар көлемдерiнiң үлкеюi; жылуэнергетикалық кәсiпорындарда - жылулық және электр энергиясының өндiрiстiң ұлғаюы; құрылыс өндiрiстерi кәсiпорындарда - қазiргi заманғы әдiстер мен цемент және оның құрамында асбест болатын материалдарды өндіру барысында шаң мен газды тұтатын жабдықтарды қолданбауы атмосфераны ластауда. Бұл жағдай басқа да салаларда орын алуда, оның бірден-бір себебі қалпына келтіруге арналған құралдар мен жаңа заманға сай құрылғылардың жетіспеушілігі. Сонымен қатар, табиғи ортаны қорғау шараларына тиісті бюджеттік төлемдердің жетіспеушілігі мен дұрыс бөлінбеу салдары көптеген жылдар бойы көкейкестi мәселелердің бірі болып келді, дегенмен ақшалай көлемде алынған айыппұл әрдайым ынталандыру шарасы болып табылмайды.
Қаладағы әлеуметтiк мәселелер: кәсiптiк оқыту мекемелерiндегi оқытушылардың, медициналық мекемелерде жоғары мамандырылған дәрігерлер мен медициналық жабдықтардың жеткіліксіздігі; ана мен баланың өлiм көрсеткiшінiң өсуi; ҚР-дың басқа өлкелерімен салыстырғанда өлiм-жiтiмiнiң жоғарғы көрсеткiшi; тұрғындардың мәдени белсендiлiгiнің, әлеуметтiк саладағы бюджеттiк құралдардың қолдануының төменділігі.
Қаланың инфрақұрылымы аймақта бiрқалыпты таралмаған және қызметтердiң түрлерi бойынша дамымаған.
Көлiк инфрақұрылымы (көлiктiң барлық түрлерi және жолдар) қарқынды дамытуды қажет етеді, сонымен қатар, тұрғындарды газбен, ауыз сумен, жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету керек.
2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалының талдауы
Достарыңызбен бөлісу: |