БАҒдарламасы басшы және жауапты орындаушы: К.Қосымов


-2011 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі өнім түрлерін өндірудің динамикасы



бет3/11
Дата26.08.2017
өлшемі2,69 Mb.
#28822
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2006-2011 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі өнім түрлерін өндірудің динамикасы

2 кесте


Өнім атауы

өлш. бірл.

жылдар

2006

2007

2008

2009

2010

2011

Азық-түлік өнімдерін өндіру

өңделген сұйық сүт және кілегей

-/-

262

255

306

772

535

366

сары май

-/-

11

12

3

15

76




ірімшік және сүзбе

-/-

97

152

80

278

109

39

дәнді дақылдар мен өсімдіктерден ұн

мың тн

17

7,1

2,2

2

2,9

7,9

ыстық нан

тн

20805

23848

20059

21544

12272

23475

макарондар, лапша және ұн өнімдері

-/-

2453

2244

1445

1519

1939

1921

қант шикізаты немесе тазартылған қант

мың тн

170,3

169,6

199,8

122,9

117,4

112,5

алкоголсіз сусындар

-/-

480,9

252

-

5,3

-

-

Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

сары фосфор

мың тн

66,7

70,2

80,3

35

62,5

85,2

ортофосфор қышқылы

-/-

32,1

41,9

79,0

43,9

43,8

77,7

натрий триполифосфаты

-/-

34,5

46,5

84,0

46,8

45,5

86,2

азотты, минералды тыңайтқыштар

-/-

10,3

7,9

6,8

7,8

7,4

11,5

фосфорлы, минералды тыңайтқыштар

-/-

51,9

38,6

44,9

42,8

40,9

62,9

Машина жасау

тұрмыстық машиналар

шт.

69

83

70

55

65

43

кір сығатын машиналар

-/-

59

93

36

42

20

50

Металлургия өнеркәсібі

ферросиликомарганец

тн

-

6 578

12 902

9 602

12308

30318

құрылысқа арналған жиналмалы металлоконструкциялар

мың тн

20,0

23,2

21,9

13,7

18,1

22,7

Өзге металл емес минералды өнімдер өндірісі

құрылыс кірпіштері


мың

текшем


44,6

10,4

11,3

14,4

20,6

22,5

бетоннаан жасалған жиналмалы құрылыстық конструкциялар

-/-

44,2

74,6

37,1

28,4

19,8

18,7

Тоқыма бұйымдары өндірісі

Жүн

тн

1 506

1 779

541

853

1543

1596

2 кестеден көргеніміздей, соңғы екі жылда химия өнеркәсібінің, металлургия өнеркәсібінің, машина құрастыру және басқада металл емес минералдық өнімдердің (оның ішінде құрылыс материалдары), сонымен қатар жүннен тоқылған бұйымдардың өндірісі өскен.



Өңдеу өнеркәсібінің негізгі өнім көлемін өңдеу саласындағы жүйе құраушы кәсіпорындар өндіреді, мысалы: «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-і, «Ортаазиялық қант корпорациясының» филиалы «Тараз қант зауыты» ЖШС-і, ЖМҚЗ «Имсталькон» АҚ-ы, «Жамбылгипс» АҚ-ы, «Құрылыс құрылғылар зауыты» ЖШС-і, «САФ шыны компаниясы» АҚ-ы, «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-і, «Таразкоммаш» ЖШС-і, «Жамбыл ремсервис» ЖШС-і және басқалары.


2007-2011 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі салалар өндірудің динамикасы

3 кесте

Атауы

2007

2008

2009

2010

2011

- Химия өнеркәсібі, млрд.теңге

19,1

45,6

21,4

28,8

47,3

- %-бен өткен жылға

111,4

136,8

58,3

139,2

149,3

- Машина жасау, млрд.теңге

3,2

3,4

3,2

3,4

5,0

- %-бен өткен жылға

107,6

107,3

74,9

103,8

140,2

- Жеңіл өнеркәсібі, млрд.теңге

0,6

0,4

0,5

1,1

1,5

- %-бен өткен жылға

93,8

44,4

-

-

122,1

- Металлургия, млрд.теңге

0,8

2,4

1,6

2,9

6,5

- %-бен өткен жылға

945,5

202,5

73,2

139,8

215,6


Химия өнеркәсібі

Химия өнеркәсібі қаланың индустриалды-инновациялық дамуының негізгі бөлігін құрайды және БСҰ-ға (бүкіләлемдік сауда ұйымы) мүше болуға маңызы өте жоғары. Бұл саланың ұзақ мерзімге және тұрақты дамуының негізгі басымдылығы – химия өндірісінің ғылыми-техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ішкі және сыртқы нарықта өзінің бәсекеге төтеп бере алатындай тұғырын күшейту және қосымша қосылған кұны жоғары өнім өндіру.


«Казфосфат» ЖШС-і отандық нарықта фосфорит, фосфорлы минералды тыңайтқыштар, сары фосфор және оның туындыларын өндірумен және өңдеумен танымал. Кәсіпорын құрамына Жанатас пен Қаратау тау-кен өндіру кешені, Таразадағы екі минералды тыңайтқыштар зауыты, Степногорск пен Жаңажамбыл фосфор зауыты және Шымкент қаласындағы синтетикалық заттарды жуатын цех кіреді. Сары фосфордың негізгі тұтынушылары – Дзержинский («Корунд»), Новочебоксар және Волгоград қалаларындағы ресейлік химиялық кәсіпорындар, украиналық Славянск, венгериялық Е-Инвест кәсіпорны, германиялық «Вопелиус», «Беар», «Хеминова» және «Акзо Нобель», польшалық «Альверия», Ұлы Британиядағы «Олрбайт энд Винсон» және италиандық «Италмач». Ортофосфорлық қышқылдың негізгі тұтынушылары отандық «Казогнеупор», «Ак-Толкын», «Химмаш», «Карметкомбинат» және ақтөбелік ЗБХ. Ал шетелде бұл қышқылды украиналық кәсіпорындар мен өзбек және орыс көршілеріміз тұтынады.

«Казфосфат» ЖШС-і шығаратын өнім көлемiнің көп бөлігі әлемнiң 27 еліне экспортқа, соның ішінде, сары фосфор – Еуропа елдеріне, натрийдың триполифосфаты, фосфорит шикiзаты - Ресейге және таяу шетелге, минералды тыңайтқыштар – Қытайға жолданады.



Біздің республикамызда да және шет елдерде де минералды тыңайтқыштың негізгі тұтынушылары – ауыл шаруашылық өнеркәсiбі, шаруалар және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер.

2005-2009 жылдардағы химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі мен нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы

3 сурет

3 суреттен көргеніміздей, 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда химия өнімдерінің тауарлары 53%-ға аз өндірілді, өндіріс көлемі 21,2 млрд. теңгені құрады.

Қазіргі таңда химия өнеркәсіптері жаңа инновациялық және бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын ашу үстінде үздіксіз жұмыс атқаруда, өнімнің қосымша құнын арттыру әлеуетін пайдалана отырып инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.

«Казфосфат» ЖШС-і «Минералды тыңайтқыштар» зауытының базасында «күкірт қышқылы жүйесінде жылына қуаты 600 мың тоннаға жететін электрогенерациясы «Казфосфат» ЖШС филиалының өндіріс алаңында моногидрат өндіретін инвестициялық жобаны» болашақта жүзеге асырады.

Жобаның жалпы құны: 54,46 миллион АҚШ доллары (меншiктi құралдар - 4, 46 миллион Ақш доллары және қарыз қаражаттар - 50 миллион АҚШ доллары).

Жоба бойынша - 138 тұрақты жұмыс орындары, құрылысты жүзеге асыру барысында 350 жұмысшы жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Жобаның iске асыру мерзiмдерi: жоба бойынша жұмысты бастау кезеңі – 2009 жылдың шiлдесi мен жобаның толықтай қуатына енуі – 2012 жылдың маусымы.

Жобалық смета құжаттамасын өңдеуге 4404 миллион теңге салынған.

«Ниуиф» АҚ-мен келiсiм шартқа қол қойылған. Ниуиф келiсiм шарты шеңберiнде жобалаудың бастапқы мәлiметтері алынды және де құрылыстың алаңы таңдалды. Алаңда инженерлiк iзденiс жұмыстары өткiзiлген, жердiң физикалық-механикалық қасиетi талқыланып, геология- литологиялық құрылымы мен гидрогеологиялық шарттары анықталды.

«Казниихимпроект» ЖШС тәуелсiз ұйыммен ТЭН техникалық баға өткiзiлген болатын. Жобаға Предовос жасалынды және ол жүзеге асырылды. Аумақтың шекарасы ерекшеленген жер телiмiнiң топографиялық түсiрмесi өткiзiлді (2009 жылдың қазаны).


  • күкiрт қышқыл жүйенiң құрылысына жер кесiп беруге «ТаразКурылысПроект» құзырлы органының шешiмi алынған. (04.12.09 ж.).

  • техникалық шарттар мен филиалдың жобаланған инженерлiк коммуникацияларды қосу жобасы дайындалған (28.04.10 ж.).

  • сәулетшiлiк жоспарлау тапсырмасы алынған (№157 21.05.10 ж.).

  • «Казниихимпроект» ЖШС ОВОС шарттарын орындап, ОВОС-тың оң шешiмді қорытындысын алды.

  • Жоба бойынша Химпоселк, Төрткүл массиві тұрғындары мен қоғамдық ұйымдардың өкiлдерiнің қатысуымен қоғамдық жиындар өткiзiлді (27.08.10 жыл).

  • Жүзеге асырылып жатқан күкiрт қышқыл жүйесіне мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде Декларация жасалды.

«Ниуиф» АҚ мәлiмдемесіне сәйкес энергия блогінiң ғимараты бойынша құрылыс алаңында қосымша ұңғыма бұрғыланды. Құрылысқа қатысты жоспар орындалды. Негiзгi технологиялық жабдықтар шарттарының жобасы Алматы қаласындағы «Казфосфат» ЖШС келісімімен іске асырылады.

Жобалау үшiн бастапқы деректер жасалған (26.03.10 жыл). Құрылыстың құжаттық жоспарына өңдеу жұмыстары жүргізілуде (26.03.10 жыл басталған). HSBC және АТФ (Юникредит) банктерімен 50 миллион Ақш доллары көлемiнде синдициондық қарыздың негізгі шарттары анықталып, қол қойылды.

Нақты шығындар 28.09.2010 жылына - 131, 4 миллион теңге. Химия саласының бүгiнгi күнгі негiзгi мәселелерi мыналар болып табылады:


  • шығарылатын өнiмнiң тар тізімдемесі;

  • саладағы инновациялық белсендiлiгiнiң төмен деңгейi;

  • жоғары мамандандырылған кадр жетіспеушілігі;

  • өнімді өндіру барысында ғылымды көп қажет ететін, жоғарғы технологиялы қосымша қосылған кұны жоғары өнім үлесінің төмендігі;

  • тізімдемені кеңейту бөлімінде кәсіпорындардың жұмыс бәсеңдігі, өнiмнiң сапаны жақсаруы, инновациялық, көп ғылымды және жоғары технологиялы өнiм жасау, өзiндiк құнның мен маркетингтi дамының төмендеуi ;

  • өнiмнiң бәсекеге түсе алатындығына кері ықпал ететiн, энергия қорлары өнiмінiң өзiндiк құнына кететін шығынның жоғары бөлігі;

  • Республикандағы металлургиялық кәсiпорындарының тәуелдiлiгінен, қышқылдың сұрының жабдықтарының тұрақтылығын қамтамасыз етуі (цистерна, қышқыл тапшылығы);

  • ауыл шаруашылық өндiрушiлердiң төлеу қабылетiлігінің төмендігінен минералды тыңайтқыштарды әлсiз тұтынуы;

  • минералды тыңайтқыштарды өндiруге бюджетен бөлінетін жәрдемді игеру бойынша артта қалушылық (құралдың бөлінуі, оңтүстiк өлкелерде егiс науқаны жұмыстарының басталуымен байланысты)

  • кен базасын дамытуы бойынша шартты мiндеттемелердiң әлсiз орындалуы;

  • өнiмнiң бәсекеге түсе алатындығын жоғарылатуға бағытталған, НИОКР қаржыландыруының жоқтығы;

  • кәсiпорынның иелерiнің нарықтағы фосфорлы өнiмнiң меншiктi қуыстары мен минералды тыңайтқыштарды жаулап алуы бойынша агрессивтi саясаттың жоқтығы.

Химия өнеркәсiбiнiң тұрақты дамыту көзі болып табылатын тағы да бірқатар артықшылықтары бар. Олардың катарына қуатты шикiзат базасы,сонемен қатар, жылдам дамитын iшкi нарықтың бар болуы мен фосфорлы өнiмге сұраныстың жоғарылауы жатады. Жоғарыдағы мәселелердің шешілуі,

Химия өндірісінің бәсекеге қабілеттілігіне кері әсерін тигізетін, жоғарыда айтылған мәселелердің дұрыс шешімі, республиканың сонымен қатар аймақ экономикасының бiрқалыпты дамуын қамтамасыз етуг е мүмкіндік береді.

Фосфор саласын комплексті дамыту қажеттілігі қалыптасан - ол фосфорлы шикiзаттың олжасынан бастау алып, әлеуметтік инфраструктураға қаражат бөлінумен аяқталады. Жаңа инвесторлары үшiн «Казфосфат» ЖШС-тың басты құндылығы тау-кен базасының дамуында, шикiзатты өндiру көлемiнiң түбегейлi үлкеюiнде ( жылына төрт немесе бес миллион тонна), қазіргі химия деңгейі келешек химия алыбының жобалық қуатынан алыс болып табылуында.

Болашақта кәсіпорын өзін дүние жүзілік нарықта сары фосфорды экспорттаушы ретінде көрсетпей, негізігі күшті минералды тыңайтқыш өндірісіне бағыттауда. Кәсіпорында екі даму жоспары белгіленген – ағымдағы жоспар, жұмыс iстейтiн кәсiпорындарды қалпына келтiру және өндiрiс көлемін ұлғайту, ал стратегиялық, ұзақ мерзімді перспективалық құрылыстың жаңа өндірістік объектісінұсыну,

соған тиесiлi минералды тыңайтқыштар зауытының шығарылымымен қоса синтетикалық жуғыш заттар зауытының шығарылымын, меншiктi электр станциясы бойынша зауыт және қазiргi кәсiпорындарға талғаулы минералды тыңайтқыштардың өндiрiсiнiң тәртiпке келтiру.

Келешекте өнім көлемінің шығарылымы, негізінен ықшамдау есебі мен жаңа инвестициялық жобалардың нәтижесінде өседі деп күтілуде.

Сары фосфордың өндiрiс көлемдерi және одан өндірілетін натрийдың триполифосфаттарының өсуі кәсiпорынның синтетикалық жуғыш заттарды (СЖЗ) қайта шығарылымының бастауына мүмкіндік береді, бұл уақытқа дейін СЖЗ шымкент цехында өндірілетін болса, қазіргі кезде дүние жүзілiк жетекшi елдерімен бәсекеге қабілетсіздігіне байланысты артта қалуда. Қазіргі уақытта кәсіпорын объект оқиғаларын дамытудың екі нұсқасын қарастыруда. Бiрiншiсі – цехтың жұмысын итальяндық құрал-жабдықтармен қатар синтетикалық жуғыш заттарды (СЖЗ) қолдану арқылы қалпына келтіру,олар нарықта арзан бағамен орнын анықтайды. Екiншiсі – кәсіпорын объектiсін синтетикалық жуғыш заттар (СЖЗ) өндірісі жолымен қалпына келтіру немесе жаңа зауыттың құрылысын дүниелiк жетекшiлерiмен бiрлесiп талқылау.

Машина жасау

2011 жылы машина жасау өнімдерін шығару 5,0 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың осы кезеңіне 140,2 %-ды құрайды. Сондай-ақ 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемінде аздаған өсу байқалады 3,2 млрд. теңгеден 3,4 млрд. теңгеге тиісінше. Салада жуу техникалары басымдықпен шығарылады, атап айтқанда өндірістік жуу машиналары.


2006-2011 жылдардағы машина жасау өндірісінің көлемі және нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы

4 сурет

Өндірісте осы саламен айналысатын қаланың негізгі кәсіпорыны болып өндірістік жуу машиналарын, киімді кептіретін және кір сығатын машиналар жасайтын «Таразкоммаш» ЖШС-і болып табылады. Кәсіпорын 1929 жылы құрылған, оның алып жатқан аумағы 4,24 Га. құрайды. Серіктестіктің негізгі қызметінің түрі кір жуу машиналарын жасау және өндірістік жуу машинасының құрал жабдықтарын жүзеге асыруда. Бұл кір жуу машинасы Каусар сиымдылық массасы 25 кг., кептіру машинасы МС-001 сиымдылық массасы 25 кг. Және центрифуга арын сиымдылық массасы 10 кг. Машиналар сенімді, үнемді және қолдануға ыңғайлы. Негізгі тұтынушылар болып ауруханалар, балабақшалар, әскери бөлімдер саналады. Өнімдер Қазақстан Республикасына аумағына, Қырғызстанға және Өзбекстанға таратылады. Сонымен 2011 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорында 24 Каусар жуу машинасы, 19 жартылай автомат Каусар жуу машинасы, 38 центрифуг Арын машинасы, сонымен қатар 12 кептіретін МС-001 машинасы жасалынды. Зауытта өндіріс көлемінің өсуі 2010 жылмен салыстырғанда 109,3% құрады. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2012 жылдың басында кәсіпорын қосалқы бөлшектер сатып алуға 3,4 млн. кредит алды. Болашақта серіктестіктің өндірісті дамытуға кредит алу жоспары бар.


«Энерджи-Тараз» ЖШС-і 2001 жылы қала тұрғындарын жүйелі кабель өнімдерімен қамтамасыз ету аясында құрылды. Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі болып, жарықтандыру кең спекторлық диодтық шамдарын шығарады, электромонтаждық жұмыстар бойынша қызмет көрсетеді, облыс және қала халқын электр тауарларымен қамтамасыз етеді, электротехникалық лабораторияның қызметін көрсетеді. 2001 жылы 130 млн. теңгені құрайтын бір жоба қосылып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды. Құны 400 мың евро тұратын диод өндіретін неміс жабдығы сатып алынды. 2011 жылдың аяғында люминесцент лампаларды пайдаға жарату бойынша цех іске қосылды, бұл цех Жамбыл облысының экологиясының жақсаруына едәуір үлес қосты. 2013 жылы Қазақстан Республикасының оңтүстігінің (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарын) ескі шамдарын қабылдайтын цех ашуды жоспарлап отыр. 2012 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын 269,1 млн. теңгені құрайтын 3201 светодиодтық шамдар шығарды, бұл 2011 жылдың көлемімен салыстырғанда 9 есеге артық.
Металлургия
Қаланың және аймақтың экономиканың дамудың басым бағыты металлургияның дамуы болып келеді. Соңғы 3 жылғы кезеңде 2009-2011 осы салада өсу динамикасының қарқыны байқалады. Сонымен 2009 жылы өндірілген өнім көлемі 1,55 млрд. теңге болса, 2010 жылы – 2,4 млрд. теңге (155%), ал 2011 жылы – 6,7 млрд. теңге немесе 266,6 % өткен жылға.
2006-2011 жылдардағы металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемі және нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы
5 сурет

Осы саладағы өнім өндіру көлемінің өсуі негізгі 2 салақұраушы кәсіпорынға ферросиликомарганец өндіруші «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-і және «Запчасть» АҚ-на тиесілі.

Каталог: userfiles -> file
file -> В гости к Санта-Клаусу и Снежной Королеве 27-30. 12. 12
file -> Баукең ЖҰлдызды болған күн халықТЫҢ ЖҰлдызды болған күНІ
file -> «темекі түтінінен азат қазақстан үшін» Ұлттық одағЫ Қазақстандағы темекіге қарсы орталықтардың Қызметін ұйымдастыру
file -> БАҒдарламасы мазмұны кіріспе
file -> Бағдарламасының мониторингі бойынша жедел есептілік Есепті кезең 2013 жыл
file -> Модуль шифры мен атауы
file -> БАҒдарламасы «Жаңа білім беру үрдісінде колледждің көптілділікті іске асыру тәжірибесінен»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет