Іскерлік кеңес беру. Бұндай кеңес беру түрі адамда қанша іс-әрекет түрі болса, солардың барлығына да қатысы бар сұрақтармен айналысады. Іскерлік кеңес беру деп, адамдардың іскерлік мәселелерді шешуі айтылады. Бұған мамандық таңдау, адамның түрлі қабілетін дамыту мен жетілдіру, оның еңбегін ұйымдастыру, жұмысқа қабілеттілігін жоғарылату, іскерлік келіссөздер жасауға үйрету жайлы мәселелер зерттелінеді.
Кеңес берудің этикалық принциптері Кеңес беру барысында клиенттің құқығы. Клиенттің кеңес берушіге тәуелділігі этикалық мәселе түрінде.Кеңес берушінің кәсіби және этикалық құқы мен міндеттері. Кеңес берудің құпиялылығы және оның шектеулері. Психологтың клиентпен кеңес беру және басқа да қатынастарының этикалық және құқықтық сұрақтары. Кеңес берушінің кәсіби білім және іскерліктерін психологиялық ықпал ету құралдары ретінде сәйкестік мәселесі. Кәсіби мен-кеңес берушінің бейнесі, жеке бас
тәжірибесі. Кәсіби кеңес берушілердің жеке бас қасиеттері. Кеңес берушінің жеке бас құндылықтарының және өмірлік философиясының іс-
әрекетіне әсер ету мәселесі. Кеңес беруші-психотерапевт түсініктерін салыстыру.