Ќазаќстан республикасыныњ


Берілген бағыттың неғұрлым белгілі тәсілдеріне жататындар



бет12/39
Дата06.02.2022
өлшемі385,5 Kb.
#79228
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Байланысты:
психология

Берілген бағыттың неғұрлым белгілі тәсілдеріне жататындар:

  1. К. Роджерстің клиентке орталықтанған тәсілі

  2. И. Ялом мен Р. Мэйдің экзистенционалды тәсілі

  3. В. Франклдың логотерапиясы

Кейбір ғалымдар осыған Ф. Перлздің гештальт-терапиясын да қосады, бірақ бұған оның денелік орталықтанғандығы, дене қажеттіліктері мен психикалық процестер қызметтерінің детерменизмі кедергі болады.


К. Роджерстің клиентке орталықтанған тәсілі
Бұл бағыт бойынша, барлық адамдар өзін өзектеуге деген тума тенденциямен бөленген, ол келесі ұмтылыстарда көрінісін табады:

  • Қоршаған ортаға деген неғұрлым артушы бейімділік;

  • Өзінің ішкі ұйымдастырылуының дамуы мен күрделенуі.

Дамудың белгілі бір кезеңінде барлық дамдар өзгелердің көзқарастары мен бағасына тап болады. Олардың негізінде өзін-өзі басқарудың ішкі жұмыс органы - өзін-өзі бағалау - қалыптасады.
Егер де адам өзін өзектеуге байланысты тенденцияларға қарсы көзқарастар мен бағаларға тым бағдарланса, бұл жолда оны невроз тоқтатуы мүмкін.
Клиентке орталықтанған тәсілдегі клиентпен жұмыс істеудің мақсаты. Клиент өзінің күнделікті өмірінде жақын әлеуметтік ортаның көзқарастары мен бағлауына неғұрлым аз бағдарлануы қажет те, өзінің жеке тұлға ұйымдастырылуының күрделенуімен байланысты тума тенденциясына неғұрлым көп бағдарлануы керек.
К. Роджерс жоғарыда аталған мақсат бағытында жүзеге асаптындай кеңес беруші мен клиент арасындағы диалгтың міндетті 3 шартын анықтап, сипаттады (Роджерс триадасы):

  1. Кеңес беруші өз тәжірибесіне байланысты клиентпен когруэнтті болады. «Конгруэнтті» сөзі латынның congruens (congruentis) – сәйкес, беттесуші деген мағынаны білдіреді. Бұнда кеңес берушінің әрекет-қылығы оның тәжіриебсіне, ойлауына, сезімдеріне сай болатындығы туралы айталады.

  2. Кеңес беруші клиентке байланысты шартсыз жағымды бағаны сезінеді. Бұл бағаның жағымды болуы – кеңес берушінің адам табиғатының жағымды сипатына сенуінің арқасында болады екен.

  3. Кеңес беруші клиентті эмпатиялық түрде қабылдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет