Арттерапияның мақсаты. Агрессивті және түрлі жағымсыз сезімдерді шығаруға орынды түрде ерік беру (сүреттермен, мүсіндермен азайтудың қаупсіз жасы)
Емделу үрдісін жеңілдетеді. Ішкі конфликттер мен уайымдауларды вербалды түрде жеткізуге қарағанда бет келбет арқылы жеткізу жеңіл болып келеді.
Интерпретация мен диагностикалық қорытынды үшін қажет материал алу. Сурет өнерінің шығармалары шексіз көп, клиент олардың бар екендігін жоққа шығара алмайды. Суреттің құрылымы мен стилі клиент жөнінде мол мәлімет алуға көмектеседі.
Клиенттің ойы мен сезімін қайта қарау. Кейде вербалдық емес құрамдар адамның күшті уайымдаулары мен таңдануларын көрсетудің немесе жеткізудің жеңіл жолы болып табылады.
Психолог пен клиенттің қарым-қатынасын реттеу. Істі атқаруға бірге араласу екеуара эмпатиялық және бір-бірін қабылдау сезімдерін тудырады.
Іштей реттеу сезімін дамыту. Суреттермен жұмыс сезімін дамыту, Суреттермен жұмыс жасау кейде түстерді және рітінді дұрыс реттеумен ерекшеленеді.
Сезім мен түйсікке назар салу. Шығармашлық бейнелеу өнерімен айналысу көру мпен кинестикалық түйсінулердің дамуына, қабылдауға мол лирикідік тұрады.
Сурет өнерге дамыту және өз-өзіне деген бағалауды жоғарылату. Арттерапияның негізгі өнімі қанағаттану сезімі болып табылады. Ол жасырын талаптылық пен оны дамытуда туындайды.
Арттерапияның элементтерін қолдану топтық жұмыста, қиянды тереңдетуде, конфликттерді шешуде, топ мүшелелері арасындағы қатынасты реттеуде аса маңызды.
Алғашқыдағы арттерапиясы эмоционалды аутқулары бар адамдарды емдеуде ауруханалар мен психиатриялық емханаларда қолданса, қазір арттерапияның шеңбері кеңейіп, алғашқы психоаналитикалық негізінен алмақтаға.
Арттерапия көп жағдайда отбасының мәселелерді шешуде қолданылады. Ол үшін отбасы мүшелерге бірігіп (шығармашылық) сурет салуды немесе нақты сәттегі отбасының жағдайын бейнелейтін туынды жасап шығаруын тапсырады.
Арттерапия ішкі конфликттерді, күшті эмоцияларды, уайымдауларды шығаруға, клиенттің өз сезімдерін тани білуіне көмектеседі. Арттерапия топтың және индивидуальдық тұрғыда да жүргізіледі. Арттерапияны жүргізу психолог үшін үлкен біліктілік пен дайындықты талап етеді.
Арттерапияның екі формасы бар: басыққы және белсенді.
Басыңқы формада клиент өзге адамдар жасаған суреттерді қарайды, кітаптар оқиды, әуендер тыңдайды.
Белсенді формада аталған әрекеттерді клиент өзі атқарады.
Арттерапия жаттығулары құрылымдық немесе құрылымдық емес болуы мүмкін.
Құрылымдық жаттығуда нақты тақырып белгіленеді. Психолог материалды белгілейді, кейн оны талдайды.
Құрылымдық емес жаттығуда клиент материалды, жабдықты, тақырыпты өзі тоқтайды.