Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – бұл бір немесе бірнеше тұлғалармен құрылған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік.
Жеке кәсіпкерлік– бұл жеке кәсіпкерлік қызметке негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан, олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын, табыс табуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ынталы қызметі.
Жоспарлау– бұл кәсіпорынның экономикалық жүйесінің болашақ жағдайын анықтайтын, жоспарларды жасап шығару мен тәжірибелік түрде жүзеге асыруды қарастыратын қызмет.
Жұмысбастылық – тұлғалық және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты болатын және сәйкесінше оларға жалақы әкелетін заңға қайшы келмейтін азаматтардың қызметі.
Жұмыссыздық – тұрғындардың еңбекке қабілетті белгілі бір бөлігі, жұмыссыз қалғандағы экономикадағы жағдай, олар жұмысты іздейді және біліктілігін қайта ауыстыруға дайын болады. Табиғи (фрикциондық, институционалды, ерікті) және мәжбүрлі (технологиялық, құрылымдық, аймақтық) жұмыссыздықты бөліп көрсетеді.
З
Заңды тұлға – азаматтық субъектісі, оның ішінде шаруашылық құқықтары мен міндеттері бар, өзінің жеке балансы, мөрі мен банкте есепшоты бар, жарғы немесе ереже негізінде іс-әрекет ететін және банкроттық жағдайында өз иелігіндегі мүлікпен жауап беретін кәсіпорын.
Зиян– ақшалай нысанда көрсетілген шығын, шығыстың кірістен асып түсуі салдарынан кәсіпорындардың, бірлестіктер мен ұйымдардың ақшалай ресурстарының азаюы.
И