74
Тұрмыс-салт өлеңдері
Халық өлеңдерінің зерттелу тарихы мен классификациясы,
фольклордың ең көне үлгілері екендігі. Ш.Уәлиханов, В.Радловтың халық
өлеңдерін жіктеуі. Қазіргі зерттелу жайы мен классификациялаудың
проблемалары, жанрдың сипаттамасы мен анықтамасы. Тұрмыс-салты
жырларының үй-іші, шаруашылық, еңбек процестеріндегі түрлі салт-ырым,
әдет- ғұрып ,наным-сенімдермен байланысы. Олардың салтқа тікелей және
жанамалы түрде қатысты болуы, ұжымдық пен синкреттілік сипатының
басымдылығы.
Еңбек кәсіппен байланысты туған өлең-жырлардың жанрлық түрлері.
Төрт түлік жырлар, көшпелі өмір-тіршіліктің бейнеленуі, төрт түлік
жайындағы ескі наным-сенімдер.
Аңшылық жырлары. Ерте кездегі аңшылық кәсіп пен бергі
замандардағы қазақтың аңшылық-саятшылық дәстүрі және оның поэзиядағы
көрінісі. Наурыз туралы өлеңдер, ұлыс күні айтылатын тілектер. Бұлт
шақырып, тасаттық беру салты.
Наным-сенімдерге(діни ұғымдарға) байланысты өлеңдер. Сөздің
мифологиялық қасиеті туралы ұғым. Көп құдайға табыну және оларға
қатысты салт-ырымдар. Бәдік, бақсы сарыны. Арбау, жалбарыну өлеңдері.
Халықтың алғыс, қарғыс, бата беру салтына байланысты өлең-жырлары.
Наным-сенімге байланысты өлеңдердің композициясы мен стильдік өрнегі.
Үй іші салтына байланысты өлең түрлері. Үйлену салт жырларының
қыз ұзатып, келін түсіру, той өткізу ғұрпымен бірге орындалуы. Той бастар,
жар-жар, сыңсу, жұбату, беташар, той тарқар өлеңдерін орындаушылар мен
айтылу мезгілі. Мазмұны мен құрылысы. Қайтыс болған адамға байланысты
айтылатын естірту, көңіл айту, жоқтау өлеңдерінң салтпен байланысы. Сөз
бен саз үндестігі.
Лирикалық өлеңдер
Халық лирикасының жанрлық ерекшеліктері мен классификациялау
мәселесі.Лирикалық өлеңдердің тұрмыс-салт жырларымен ұқсастығы және
айырмашылығы. Лирикалық өлеңдердің алуан түрлі тақырыпты қамтуы.
Қара өлең, ән өлең, тарихи өлеңдер. Идеялық-көркемдік ерекшеліктері мен
образдар жүйесі, композициясы. Тарихи өлеңдердің тарихи жырлардан
өзгешелігі. Көркемдік суреттеу құралдары мен тәсілдері. Лирикалық
өлеңдердегі қазақ халқының эстетикалық дүниетанымы.
Достарыңызбен бөлісу: