Ќазаќстан республикасыныњ



Pdf көрінісі
бет69/229
Дата20.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#150035
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   229
Байланысты:
5В020500-Филология
4-5, 4-5, 4-5, 4-5, Диссертация Абиханова Г.Д., ensebaeva kk kazirgi kazak tili sintaksis
 
 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
 
Халық әдебиеті пәні және оның ерекшеліктері 
«Фольклор» - ағылшынның «халық даналығы» деген мағынадағы сөз. 
Халықтың ауызша шығарған сөз өнерін, оның табиғаты мен тарихын 
зерттейтін ғылым фольклортану/фольклористика/.Фольклордың тарихы мен 
теориясы туралы түсінік. Халық өнерінің түрлері, олардың ішінде 
фольклордың алатын орны және фольклортанудың басқа ғылымдарға
/әдебиеттану, өнертану, этнография, тіл-тарих/философия қатысы.
Фольклордың көп қырлы болмыс-бітімі мен синкреттілігі, әдет-ғұрып, 
наным-сенім өнердің басқа түрлерімен байланысты болуы. Қазақ 
фольклорының халықтық сипаты. 
Фольклордың ерекшеліктері. Фольклор-ауызша сөз өнері, ондағы 
сөздің жетекші қызметі. Оның жанрлары, тұтас көркемдік жүйесі. 
Поэтикалық тәсілдері мен көркемдеу құралдары, шындықты бейнелеу 
өзгешелігі. 
Фольклор 
мен 
жазба 
әдебиет. 
Ауызша 
сөз 
өнерінің 
табиғаты:шығарманың туу, таралу және сақталу ерекшеліктері, мезгілі мен 
мекені. Ауызша айтудың дәстүрлілігі мен формулалығы, стильдік өзгешелігі 
мен шындықты бейнелеудің көркемдік әдістері. 
Фольклор-ұжымдық сананың жемісі. Оның шығу, айтылу, даму 
процесіндегі ұжымдық көрінісі және түрлері. Дәстүрлік пен нормативтілік. 


73 
Фольклордың өзгермелігі. Вариант/нұсқа/және версия. Көпнұсқалық 
және 
оның 
фольклордағы 
ұжымдылық 
пен 
ауызша 
айтылуға 
байланыстылығы. 
Халық әдебиетінің қоғамдық-әлеуметтік мән-маңызы мен идеялық
тәрбиелік, әстетикалық, танымдық қызметтері. Фольклор халық өмірінің, 
тұрмыс-тіршілігінің барлық саласын олардың рухани түсініктері мен ұлттық 
ерекшеліктеріне қарай бейнелейді. 
Фольклордың өшпес өміршеңдігі, аса құндылығы-халықтың рухани 
айнасы екендігіне, елдің үміт-арманын, тарихи-әлеуметтік құбылыстар 
жайындағы таным-түсінігі мен парасат-пайымын, бағасын көрсете 
алатындығында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет