Ќазаќстан республикасыныњ



Pdf көрінісі
бет77/229
Дата20.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#150035
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   229
Байланысты:
5В020500-Филология
4-5, 4-5, 4-5, 4-5, Диссертация Абиханова Г.Д., ensebaeva kk kazirgi kazak tili sintaksis
 
Фольклор мен әдебиет 
Фольклор мен әдебиеттің бір-бірімен тектес, туыстығы. Әдебиеттің 
фольклор негізінде қалыптасатындығы. Ауыз әдебиет дәстүрінің бірте бірте 
жазбаша дәстүрге ұласу тенденциясы. Фольклордың әдебиетке, әдебиеттің 
фольклорға әсері. Өзара байланыс, әдеби-фольклорлық процестердің түрлі 
деңгейінде, түрлі сипатта болатындығы /халықтығы, тақырыбы, идеясы, 
жанры, сюжеті, көркемдік бейнелеу құралдары мен тәсілдері/.
Түркі халықтарына ортақ ежелгі әдебиеттегі фольклордың әсері. 
Мифтер, аңыз әңгімелер, халық өлеңдері, мақал-мәтелдердің түркі жазба 
ескерткіштерінен алатын орны. Олардың қолданылу себептері. Орхон- 
Енисей жазбаларындағы ерлік пафос пен эпостық жырлардың өрелестігі. 
«Қорқыт Ата кітаб», «Оғызнаам», т.б. көне түркі жазба ескерткіштерде 
кездесетін қазақтың миф, ертегі, хикая, эпос жанрындағы сюжеттер. 
ХV – 


80 
ХVІІ ғасырлардағы жыраулық поэзия мен фольклордың байланысы. 
Жыраулар поэзиясының әдебиеттік және фольклорлық сипаттары. Олардың 
репертуарларында ұжымдық пен авторлық шығармалардың ортақ болуы. 
Ауызша айтылуына байланысты бұл дәуірдегі әдебиетте ұқсас қайталаулар 
ортақ, көркемдік құралдар мен тәсілдердің кездесетіндігі. Стиліндегі 
формулалық өзгешеліктер. Толғау, арнау өлеңдерінің фольклорға қатысы. 
СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР 
ҮЛГІСІ 
 
1.
Фольклордың пайда болу жөніндегі мектептер (мифтік теория, 
ауысып алу теориясы, тарихи мектеп). 
2.
Тұрмыс-салт өлеңдерінің жиналуы мен зерттелуі. Отбасы ғұрып 
фольклоры 
3.
Наурыз өлеңдері және еңбек-кәсіпке байланысты шығармалар. 
4.
Бақсы сарыны, арбай-байлау және бата тілек өлеңдері. 
5.
Лирикалық өлеңдер және оның түрлері 
6.
Кіші жанрлар. Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш. 
7.
Шешендік өнер тарихы және оның қоғамдық қызметі. 
8.
Төле, Қазбек, Әйтеке билердің мұрасы 
9.
Аңыздық прозаның түрлері. 
10.
Хикая жанрының ерекшеліктері. 
11.
Ертегілік проза және оның түрлері. 
12.
Эпикалық жырларды орындайтын ақын-жыршы, жыраулар 
13.
Тарихи жырлар және өмір шындығы 
14.
Эпостың тұтастану мәселесі 
15.
Айтыс өнері. Қазіргі айтыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет