Ќазаќстан республикасыныњ



Pdf көрінісі
бет80/229
Дата20.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#150035
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   229
Байланысты:
5В020500-Филология
4-5, 4-5, 4-5, 4-5, Диссертация Абиханова Г.Д., ensebaeva kk kazirgi kazak tili sintaksis
Көлемі 3 кредит 
Автор: 
Сағындықов Н.Б.
– филология ғылымдарының кандидаты, қазақ 
әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасының аға оқытушысы
 
 
Пікір жазғандар:
Тебегенов Т.
– филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы 
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры 
Жақсылықов А.
– филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
«Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті» атты негізгі пәннің басты мақсаты 
мен міндеті – біздің заманымызға дейінгі сақтар мен ғұндардың жазу-
сызуларынан бастап, заманымыздың VІ-ХІV-ғасырларында қалыптасып 
дамыған түркілік жазба әдебиетімізге байланысты біртұтас ұғым-түсінік 
қалыптастыру. Ежелгі дәуірдегі әдебиетті көне тарихпен, көшпенділер 
мәдениетімен сабақтастыру. Әдебиеттің дәуірлік кезеңдерін жүйелеу. Әр 
дәуір әдебиетінің өз ерекшеліктерін аңғару. Әдеби-мәдени және тарихи 
мәндері бөлекше жазба ескерткіштер мен әдеби мұралардың мазмұны мен 
көркемдік мұратын талдау. Қазақ әдебиетінің кейінгі дәуірлерімен 
байланысын және ортақ ұқсастық-бірліктерін айқындау. 
Негізгі оқу бағдарламасында ежелгі және орта ғасырларда өмір кешкен 
көркемсөз өкілдерінің негізгі шығармалары мен сол шығармалардың тууына 
дәнекер болған тарихи жайлардың қысқаша себеп-салдарлары аталып 
беріледі. Сондай-ақ, оқу жоспарына сай өтілетін дәрістік және тәжірибе 
сабақтарының тақырыптары, студенттердің өзіндік жұмыстарының және
студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстарының тақырыптары арнайы 
беріліп отырады.
Әдебиетіміздің бұл кезеңдерін қарастыру 30-жылдары бастау алса, 50-
жылдардың аяғында әдебиеттің ежелгі дәуірін зерттеу мәселелерін 
Бейсенбай Кенжебаев көтерді. Бүгінгі таңда әдебиеттану ғылымында Ә. 
Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, Х. Сүйіншәлиев, М. Жолдасбеков, Н. 
Келімбетов, А. Қыраубаева, А. Егеубаев, Ш. Ыбыраев, т.б. ғалымдардың 
қазақ әдебиетінің тарихын жүйелеп-зерттеудегі еңбектері бар. Қазақстанның 
тәуелсіздік алуына байланысты көне тарих беттері ашылуда. Соңғы 
жылдарда ежелгі әдебиетті зерттеудегі жаңаша бағыттар, тың деректер мен 
соны аудармалар шыға бастады. Негізгі оқу бағдарламасы басты ғылыми 
жаңалықтарды ескеру негізінде түзілді. 
Пәннің оқу міндеттерін төмендегідей түйіндеуге болады: 


84 
– «Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті» пәнін оқыту арқылы студентке төл 
әдебиетіміздің тарихын, оның қалыптасу үдерісін, әр түрлі даму кезеңдерін 
және зерттелуі мен зерделенуі туралы білімді жинақтау; 
– осы күнге дейін өзінің көркемдік мәнін, эстетикалық сипатын 
жоймаған «Күлтегін», «Тоңұқұқ», «Оғыз қаған», «Қорқыт ата кітабы», 
«Диуану луғат ат-түрік», «Құтты білік», «Даналық кітабы», «Ақиқат сыйы», 
«Гүлістан бит-түрки», «Махаббат нама», «Қисас-ул әнбия» тәрізді жазба 
ескерткіштердің табылуы мен аударылуын, олардың мазмұн-мағынасын, 
әдеби ерекшеліктерін, көркемдік мұратын білдіру
– аталған жазба ескерткіштердің әдеби-көркемдік жағынан өзінен 
кейінгі әдебиетті дамытып-байытудағы орны мен маңызын түсіндіру; 
– жекелеген жазба ескерткіштер мен көркем туынды үлгілерінің 
мәтінін өз бетімен оқып-талдауына және әдеби-ғылыми тұрғыдан терең 
зерттеп-шұғылдануына мүмкіндік беріп, жағдай жасау; 
– «Күлтегін», «Тоңұқұқ», «Оғыз қаған», «Қорқыт ата кітабы», «Диуану 
луғат ат-түрік», «Құтты білік», «Даналық кітабы», «Ақиқат сыйы», «Гүлістан 
бит-түрки», 
«Махаббат 
нама», 
«Қисас-ул 
әнбия» 
тәрізді 
жазба 
ескерткіштердің болашақта орта және орташа оқу орындарында оқытудың 
әдіс-тәсілдерін игерту. 
Курс мазмұнын меңгеру нәтижесінде студент:
– әдебиеттану біліміндегі ғылыми мектептер мен ғылыми бағыттардың 
даму логикасы турасында; 
– әдебиеттану саласындағы және оның қазіргі бағыттарындағы кәсіби 
білімді игеру, жинақтау, жеткізу және оңтайлы қолдана білу амалдары 
турасында; 
– әдебиеттануды жан-жақты дамытудағы жаңаша ақпараттық және 
телекоммуникациялық 
технологияларды 
қолдану 
және 
олардың 
терминологиясын игеру турасында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет