Ќазаќстан республикасыныњ



Pdf көрінісі
бет88/229
Дата20.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#150035
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   229
Байланысты:
5В020500-Филология
4-5, 4-5, 4-5, 4-5, Диссертация Абиханова Г.Д., ensebaeva kk kazirgi kazak tili sintaksis
Ахмет Йасауи (ХІІ ғ.).
Ақын, ойшыл, ұстаз, бүкіл түркі жұртына 
имандылық нұрын шашқан діни қайраткер, діни ағартушы, жаңа сопылық 
ағымның пірі. 
Өмірі. Шығармалары. Ақынның ұстаздары – Ақата, Арыстан баба. 
«Ұстаздың ұртындағы құрма». «Хикметтер» кітабы адамгершілік, ізгілік 
жолына үндейтіндігі, күпірліктен сақтандыратындығы. Дінді құрметтеу
имандылық, адамгершілік мәселесі. Йасауидің даналық ойларының 
Баласағұни мен Абай пәлсафасымен үндестігі. Ол ойлардың бір арнадан 
тарағандығы. Өсиет-өнегелік мәні. 
Йасауи – ойшыл. Сопылық дүниетамның мағынасы. Негізгі ойы – 
адамның Аллаға шексіз махаббаты екендігі. Йасауи «Хикметтеріндегі» 
ғашықтық, Алланы сүю, жаратушыға іңкәрлік мағынасында берілетіндігі. 
Халуат: Ел-жұрттан аулақтану. Жаратқан Аллаға сыйынып, құдіретінің 
шексіздігі мен руханияттың мағынасын ұғу, пенделік тіршіліктен баз кешіп, 
жан дүниені тазарту, жоғарғы рухитанымға үңілу, діни-пәлсафалық 
еңбектерді оқып, іздену. 
Йасауи «Хикметінде»: Алланы тану адамның өзін-өзі тануы үшін 
қажеттігі. Мұхаммед пайғамбар мен төрт сахабасын мадақтауы. Өмір мен 
өлім толғаныстары. Жер астына түсу себебі. Йасауи тақуалығының 
Баласағұни кейіпкері Одғұрмыштың, қазақ ақындары Шәкәрімнің, Ақан 
серінің қоғамнан оқшаулануымен байланысы. 
Е.Э. Бертельс, А.Н. Самойлович, А.К. Боровков, Г.Ф. Благова, Э. 
Наджип сияқты орыс шығыстанушыларының және Х. Сүйіншәлиев, М. 
Мырзахметов, Ә. Дербісәлиев, Р. Бердібаев, М. Жармұхамедов, С. Дәуітов, Б. 
Сағындықұлы, т.б. зерттеушілердің еңбектері. 
 
Ахмет Жүйнеки және Сүлеймен Бақырғани (ХІІ ғ.).
 
Өмірі, 
шығармашылығы. Ахмет Жүйнекидің «Ақиқат сыйы» кітабы. Кітаптың түрк 
тілін құрметтеп, оны поэзия тіліне айналдыруды мақсат еткені. А. Жүйнекиді 
Әлішер Науаидің бағалауы. 


92 
Алланы, Мұхаммед пайғамбарды, төрт сахабасын мадақтайтындығы. 
Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы. Тілді тыйып ұстау – 
әдептілік пен тәртіптіліктің шарты. Жомарттық пен сараңдық. Кішіпейілділік 
пен тәкаппарлық. Біліктілік туралы ойлары. «Ақиқат сыйының» 
адамгершілік, сыпайылық, тазалыққа тәрбиелейтіндігі. А. Жүйнекидің 
қанатты сөздері. Абай ойларымен сабақтастығы. 
ХХ ғасырдан бастап В.В. Радлов, Э. Наджип, Т. Ковалевский, Е.Э. 
Бертельс, С.Е. Малов, сондай-ақ француз, поляк сияқты ұлт-ел ғалымдары 
зерттеді. Қазақ ғалымдарынан Ә. Құрышжанов, Б. Сағындықов, Қ. 
Өмірәлиев, т.б. қарастырған. 
Ахмет Йасауиден дәріс алған талантты шәкірттерінің бірі С. 
Бақырғани. Түркістанда туып, Орта Азия, Шығыс елдеріндегі беделді оқу 
орындарында оқыған, ғұлама атанған, 1136 ж. қайтыс болған ақын, діни 
ағартушы. 
С. Бақырғанидың түркі әдебиетіне нәзирагөйлік дәстүрді енгізіп, 
Йасауидің сопылық көзқарастарын дамытқандығы. «Ақыр заман», 
«Бақырған», «Хакім ата» кітаптарында дін жолын, Аллаға ғашықтықты, 
пайғамбарлар өмірін насихаттайтындығы. Алғаш Құран хикаяларын түркі 
тілінде қисса жанрында нәзира тәсілімен жазған ақын: «Смағұл қиссасы», 
«Жарты алма», «Ибраһим және оның шаһит ұлы», «Ғазыреті Ғали», 
«Мұстафа», т.б. қисса-хикаялары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет