Ќазаќстан республикасыныњ



Pdf көрінісі
бет84/229
Дата20.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#150035
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   229
Байланысты:
5В020500-Филология
4-5, 4-5, 4-5, 4-5, Диссертация Абиханова Г.Д., ensebaeva kk kazirgi kazak tili sintaksis
Біздің 
заманымыздан 
бұрынғы 
VІІ 
ғасырдан 
бастап 
заманымыздың V ғасырына дейінгі кезеңдегі ежелгі жәдігерліктер мен 
әдебиет үлгілері.
Қазіргі Қазақстан жерінде біздің заманымызға дейінгі VІІ ғасырлардан 
заманымыздағы V ғасырлар арасында сақ, ғұн, үйсін тайпалары өмір сүрген. 
Тілі – түркі тілі, жазуы – түркі жазуы болғандығы жөніндегі бұлтартпас 
деректер. Геродоттың «Тарих» кітабындағы деректер. Ғұн, үйсін 
тайпаларының өмір тіршілігі жайындағы Сыма-Цянның «Жылнама», Бань-
Гудың «Ханнама» кітаптарының маңызы. 
Тарғытай, оның үш ұлы: Арпоқсай, Ылпоқсай, Қолоқсай туралы аңыз. 
Шаңырақты кіші ұл иелену дәстүрінің түпкі көрінісі. Осы аңыздың қазақта 
жұмбақ түрінде айтылуы (түрен, балта, мойынтұрық, шөмішті тұспалдау). 
Тарғытайдың Ер Тарғын атымен есте қалуы. 
Алып Ер Тұңға. Фирдоусидің «Шаһнамасындағы» Афрасияб, 
«Авестада» Франграсиан екендігі. Ол туралы жоқтау жырының Қашқари 
«Жинағында» (ХІ ғ.) берілуі. 
Тұмар патшайым – ұлы сақ даласының билеушісі. Жаулап алмақ 
болған Кир патшаның жансыз басына жиіркене қарап тұрып: «Аңсағаның қан 
еді, іш енді соны», – деп қан толтырған сабаға тығып, өзенге лақтыруы. 
Ел тағдыры үшін жанын қиған Ширақ батыр. Өз бақытынан ел 
бақытын артық санаған Зарина сұлу. Тұмар мен Зарина үлгісінің Қарлыға, 
Гүлбаршын, Гүләйім бейнелерінде сақталуы. 
Көшпелі сақтардың ұлы, әйгілі шешен Анақарыс (Анахарсис). 
Ғұн билеушісі Мөде (Мөте, Боғда) ерліктері жайлы аңыздар. 
Түркілердің киетегі (төтемі) – «Көк бөрі» аңыздары. Есіктен табылған 
заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар мен жазба деректер. Алтын адамның 
жанындағы тостағандағы жазу. Деректі жазу бар жерде әдебиеттің де 
болатындығы. 
 
Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет (V-VІІІ ғ.ғ.). 
Бұмын қағанның (Елхан) түрк тайпаларының басын қосып, Түрк 
қағанатын құрғандығы. Бұмынның мұрагерлері Мұқан қаған мен Естемі. 


88 
Елтеріс қағанның түрктерді тауғаштардан азат етуі. Күлтегін мен Білге қаған, 
Тоңұқұқтың тұсындағы Түрк қағанаты.
«Орхон ескерткіштері», оның жазылу себебі. Зерттелуі. Ескерткіштің 
кілтін табудағы белгілі ғалымдар В. Томсен мен В.В. Радловтың еңбектері. 
Орхон жазуларының жанры. И.В. Стеблеваның, Қ. Өмірәлиевтің, Ғ. 
Айдаровтың, М. Жолдасбековтің пікірлері. Жырдың қазақтың дәстүрлі 
эпосымен ұқсас екендігі. Ортақ ұқсастық-бірліктері: тақырыбы, көтерген 
мәселесі, көркемдеу тәсілдері, сөз қолданысы тұрғысынан қарастыру. 
Жырдың туындыгері кім? Йоллық тегін, Тоңұқұқ туындыгерлігі жөніндегі 
пікірлер. «Тегін» және «құл» сөздерінің мағынасы (Қашқари сөздігінде). 
Орхон жазуының мазмұны мен айтар ойы. Білге қағанның ел-жұртқа 
үндеуі. Жырдағы айтылатын негізгі мәселе елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі 
екендігі. Ұрпақтарға өсиеті. Түріктердің 630-680 жылдары тәуелсіздік 
тізгінінен айырылып қалу себебін түсіндіруі. Бұмын, Естемі қағандардың 
орнына отырған хандардың біліксіздігін сынауы. «Жаным – арымның 
садағасы» дейтін дәстүрлі жан-дүниесінің көрінісі. Көк Тәңірі мен түрктердің 
қасиетті жер-суы, Елбілге анадан Елтеріс атты ердің тууы. Қаһармандары: 
Білге қаған, Күлтегін, Тоңұқұқ. 
Жырдағы оқиғаны ұйыстырушы негізгі тұлғаның Күлтегін екендігі. 
Оның он жасында ер атанып, он алты жасқа келгенде ел-жұртын молайтқаны. 
Отыз бір жасқа дейінгі ерліктері, елге қорған бола білгендігі, қырық жеті 
жаста қаза табуы. 
Білге қаған халқының қамын ойлап, күндіз отырмаған, түнде 
ұйықтамаған Елбасы екендігі. Көрші тайпалардың бағалауы. 
Тоңұқұқ бейнесінің «Оғыз қаған жырындағы» ұлық Түрік және 
қазақтың Бұхар жырауымен ұқсастығы. Қара Ертісті жайлаған қарлықтардың 
Сәбек тайпасынан шыққандығы. Тоңұқұқ – сол кездегі түрк қағанатының 
саяси-әлеуметтік және әскери ісінің барлығын өз қолынан өткерген дана 
абыз. Тоңұқұқтың ұрпағы – Тәтетұнға туралы мәлімет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет