Ќазаќстан республикасыныњ


«Хұсрау уа Шырын» (1341-1342 ж.ж.)



Pdf көрінісі
бет91/229
Дата20.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#150035
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   229
Байланысты:
5В020500-Филология
4-5, 4-5, 4-5, 4-5, Диссертация Абиханова Г.Д., ensebaeva kk kazirgi kazak tili sintaksis
 «Хұсрау уа Шырын» (1341-1342 ж.ж.) 
дастаны. Авторы туралы 
деректер. Дастанның қасқаша мазмұны. Иранның ханы Ануширван. 
Хұсраудың тууы. Суретші Шапурдың әңгімесі. Миһин Бану және Шырын. 
Хұсраудың Шырынды іздеп шығуы. Көп қиыншылықтардан кейін жолығуы. 
Шырынның шарты. Византия патшасы, оның қызы Мәриям. Хұсраудың 
еріксіз Мәриямға үйленуі. Исфахандық Шекер сұлу. Шеруяның оқиғасы. 
Хұсраудың өлімі. Сүйгені үшін Шырынның өз-өзін құрбан қылуы. 
Бұл дастанда Низамидің өзінің сүйікті жұбайы – қыпшақ қызы 
Аппақтың бейнесін жасауы. Хұсрау, Шырын, Фархад бейнелері. Дастандағы 
адамгершілік ойлары.
Шығарма кейінгі қисса-дастандарға желі болып тартылғандығы: балаға 
зарығу, оның көрікті де білімді болып өсуі, бір шеттегі сұлудың даңқын 
естіп, сырттай ғашық болу, екеуінің кездесуі жолындағы қиыншылықтар, 
қызға ғашық болған бәсекелес кейіпкермен арадағы қақтығыстар, т.б. 
қалыптардың бұл дастанда жүйеленуі. 
«Жұмжұма сұлтан
» (1370 ж.) дастаны. Авторы Хұсам Кәтиб туралы 
деректер. Дастанның мазмұны. Иса пайғамбардың өмірінен алынған 
оқиғаның ғибратқа құрылғандығы. Адамды адалдық, жақсылық қасиеттерге 
тәрбиелеуге арналғандығы. Жұмжұма сұлтанның о дүниеде басынан 
кешіргендерін суреттей отырып, адамды адалдыққа тәрбиелейтіндігі. Жер 
бетіндегі жақсы тұрмыстың адам қиялындағы елесінің бірі – жұмақ екені
оны әр халық өз ортасы мен тіршілігіне қарай елестететіні. «Рахат өмір» 
мифтері. «Тозақ» туралы түсініктердің пайда болуы. Олардың дінде 
түйінделуі. Жауыздың және ізгілік мәселесінің көрінуі. 


95 
«Жұмжұманың» «Қубас» және Мәулікей Жұмашев нұсқасы. 
Дастанның имандылықты насихаттаудағы рөлі жөніндегі В.В. Радловтың 
пікірі. 
«Гүлстан бит-түрки
» 
(1391 ж.).
Авторы Сайф Сараи (1320-1396). 
Өмірі, шығармалары жөніндегі мәліметтер. Сайф Сараидің «Қамысты» деген 
жерде туғандығы. Египетке кету себебі. Мәмлүктер тарихына шолу. 
«Көндігерлер» (Ә. Марғұлан). Сараидің «Суһайыл мен Күлдірсін» дастаны. 
Дастанда өз дәуірінің өзекті мәселесі көтерілетіндігі. Ақсақ Темір 
шапқыншылығы. 
«Гүлстан бит-түрки» шығармасы. Оның Сағдидің осы аттас 
шығармадан 
аударма-нәзира 
жолымен 
жазылғандығы. 
«Гүлстан» 
хикаяттарының тәлім-тәрбиелік мәні. «Бір сұлтанның үш ұлы», «Наушаруан 
патша», «Уәзірдің ақымақ баласы», «Байбатша мен кедей баласы», «Патша 
мен құлы» әңгімелері. Сараидің өз өлеңдері. «Гүлстан» хикаяттарының мәні, 
адамгершілік ойлары. Сараидің нақыл сөздері: «Бейнет көрмеген адам 
рахаттың қадірін білмес», «Әдепті – әдепсізден үйрендім», «Кісіге 
жалынышты болып, алтын қылыш тағынғанша, еркіңмен отырып қара көже 
ішкен артық», «Ұзын бойлы ақымақтан қысқа бойлы ақылды артық», «Бір 
үйге екі мейман сыя берер, ал екі сұлтанның басы бір елге сыймас», «Екі 
жүзді адам алдыңнан келсе, қойдай жуасып дос болар, артыңнан келсе
бөрідей тырнақ салар», «Тәрбие бірдей болғанмен, қабылдауы түрлі-түрлі», 
«Дүние өмір рахаты үшін керек, бірақ өмір дүние үшін емес».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет