79
даралық сипаты, әдебиетке ұласуы. /Сүйінбай, Шөже,
Кемпірбай, Әсет,
Жамбыл, Ұлбике, Ырысжан, Майкөт т.б айтыстары/ Айтыста саяси –
әлеуметтік мәселелердің көтерілуі теңсіздіктің, әділетсіздіктің,
қоғамдық
кемшіліктердің сыналуы, ащы шындықтардың айтылуы. Ақындық шеберлік
пен тапқырлық. Айтыстың қазіргі сипаты мен дамуы. Айтыс – сынның өткір
құралы екендігі. Айтыстың көркемдік ерекшеліктері.
Балалар фольклоры
Балалар фольклорының өзіндік ерекшелігі мен зерттелу тарихы.
Идеялық – көркемдік табиғаты, атқаратын қызметі. Халық педагогикасымен
байланысы. Балалар фольклорының жанрлары мен жанрлық түрлері.
Бөбектерге арналған өлеңдер: бесік жыры, сәблік салт жырлары.
/Бесікке бөлеу,
бесікті аластау, тұсау кесу, өс – өс, т.б. уату өлеңдері./
Айтылу себебі мен мезгілі, тақырыбы мен стильдік өрнегі.
Балалардың өзі орындайтын өлең- жырлар: арнау – тілек, өлеңдер,
сұрамақ, тақпақтар, мазақтама, қызықтамалар, өтірік өлеңдер. Жыл
мезгілдеріне, табиғат құбылыстарына арналып айтылатын арнау – тілек,
өлеңдеріндегі ескі магиялық түсініктердің көрінісі.
Сұрамақ пен мазақтама,
қызықтама өлеңдерінің танымдық қызметі. Олардағы сұрақ пен жауап. Өтірік
өлеңдердің көркемдік шарты. Жаңылтпаш пен мазақтау өлеңдерінің
тәрбиелік мәні.
Ойын өлеңдері: ойынға шақыру, қаламақ, санамақ, драмалық ойындар.
Олардың атқаратын қызметі мен құрылысы. Өлең ойындар: тәжікелесу,
жаңылтпаш,
жұмбақтар, балалар айтысы. Бұл топтағы жырлардың ойын –
сөзге, өлеңге негізделуі. Диолог пен әзіл-оспақ.
Жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы, өтірік өлеңдер мен ертегі,
аңыз әңгімелер жанрларының балалар мен үлкендер
фольклорына
ортақтығын.
Балалар
фольклорының
поэтикасы.
Жинақылық,
қарапайымдылық, ойнақылық, дыбыстық үйлесімдер. Көркемдік бейнелеу
құралдары мен тәсілдері.
Достарыңызбен бөлісу: