Ќазаќстан республикасыныњ


Өзін – өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет19/102
Дата04.11.2022
өлшемі1,95 Mb.
#156625
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   102
Байланысты:
Ќазаќстан республикасынын касипкерлик (3)

Өзін – өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары қандай?

  2. Жарғылық капиталдың құрылымы мен қалыптасу тәртібі қандай?

  3. Шаруашылық серіктестіктің белгілерін атап өтіңіз.

  4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің негізгі ерекшелік белгілерін ашып көрсетіңіз.

  5. Кәсіпкерліктің негізгі жіктемелік белгілері қандай?

  6. Кәсіпкерліктің негізгі түрлері мен нысандарып атап өтіңіз.

  7. Өндірістік кәсіпкерліктің мәні неде? Неліктен оны кәсіпкерліктің жетекші түріне жатқызады?

  8. Коммерциялық кәсіпкерліктің мәні неде және оның қызмет ету аясы болып не табылады?

  9. Қаржылық кәсіпкерліктің қызмет ету сферасына не жатады?

  10. Кеңес берушілік қызмет сияқты кәсіпкерлік түрлері неліктен бөліп көрсетілді? Оның ары қарай даму болашағы қандай?

  11. Дара кәсіпкерліктің негізгі сипаттамалары, артықшылықтары мен кемшіліктері.

  12. Азаматтардың қандай категориялары үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға шектеулер қойылған?

  13. Франчайзинг түсінігін сипаттап беріңіз.

  14. Франчайзингтің артықшылықтары мен кемшіліктері неде?

  15. Франчайзер мен франчайзидің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?



  1. -
    КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ТӘУЕКЕЛДЕР
    тақырып:




3.1 КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДЕР: ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ ЖІКТЕЛУІ
Экономикалық ортаның өзгеруі мен шаруашылық жүргізу жағдайлардың белгісіздік жағдайына байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру қандай да бір тәуекелмен байланысты. Соған қатысты күтілетін шекті нәтижеге қол жеткізе алмау қаупі пайда болады.
Нарықтық қатынастар аясында экономикалық еркіндік шегіндегі кәсіпкердің мінез-құлқы бәсекелік стратегия арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда кәсіпкердің негізгі міндеті, нарықтағы тауарлар мен қызметтерді іздеу мен өз орнын табу ғана емес, сонымен қатар нарықтан оппонентті шығарғысы келетін кәсіпкер-бәсекелестердің іс-әрекетіне қарсы тұру болып табылады. Сәйкесінше, аталған жағдай өндірістік-шаруашылық қызмет барысындағы әр түрлі шығындармен қоса, тәуекел кәсіпорынның қаржылық және коммерциялық операциялардың ажырамас бөлігіне айналады. Сондықтан тәуекелді көре біліп, оны минималды мүмкін деңгейге дейін төмендетуге ұмтылу қажет.
Кәсіпорын өндірістік – шаруашылық қызметті жүзеге асыра отырып, өнім өндіру, сату және сатып алу барысында туындайтын тәуекелдерді, тәуекел шығындарының орнын толтыру ғана емес, сонымен қатар зиянның алдын алу мақсаты бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуі тиіс.
Кәсіпкерлік тәуекел кәсіпорынның мүмкіндіктерінің әлеуетінен шыға отырып күтілген табыс мөлшерін ала алмау немесе пайда болуы мүмкін қауіптің әсерінен болатын ресурстарды жоғалту ықтималдылығы.
Тәуекелдердің жіктемесін әртүрлі ерекшеліктері бойынша жасалады:

  • пайда болу себептері бойынша;

  • кәсіпкерлік салалары мен функционалды түрлері бойынша;

  • сақтандыру мүмкіндігі, жіберілу деңгейі бойынша және т.б.

Әрбір нақты жағдайда қойылған мақсатқа байланысты қандай да бір жіктеме қолданылады. Кәсіпкерлік тәуекелдің түрлерінің сипаттамасы 10-суретте көрсетілген.
Өндірістік тәуекел өндірістік қызметтің кез-келген түрлерін жүзеге асырумен, өнімді, тауарлар мен қызметтерді өндірумен байланысты. Өндірістік тәуекелдің негізгі себептері болып өндірістің әр түрлі себептерден тоқтауы, өндірістік қорлардың істен шығуы, айналым құралдарының жойылуы, құрал-жабдықты, шикізатты уақытысында жеткізбеу және т.б.; өнім өндіруші және тұтынушы арасындағы келісімшарт өз міндеттемелерін орындай алмаумен байланысты туындайтын өндірістік тәуекел.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет