Жеке кәсіпкерлік – бұл жеке кәсіпкерлік қызметке негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан, олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын, табыс табуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ынталы қызметі.
Жоспарлау – бұл кәсіпорынның экономикалық жүйесінің болашақ жағдайын анықтайтын, жоспарларды жасап шығару мен тәжірибелік түрде жүзеге асыруды қарастыратын қызмет.
Жұмысбастылық – тұлғалық және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты болатын және сәйкесінше оларға жалақы әкелетін заңға қайшы келмейтін азаматтардың қызметі.
Жұмыссыздық – тұрғындардың еңбекке қабілетті белгілі бір бөлігі, жұмыссыз қалғандағы экономикадағы жағдай, олар жұмысты іздейді және біліктілігін қайта ауыстыруға дайын болады. Табиғи (фрикциондық, институционалды, ерікті) және мәжбүрлі (технологиялық, құрылымдық, аймақтық) жұмыссыздықты бөліп көрсетеді.
З
Заңды тұлға – азаматтық субъектісі, оның ішінде шаруашылық құқықтары мен міндеттері бар, өзінің жеке балансы, мөрі мен банкте есепшоты бар, жарғы немесе ереже негізінде іс-әрекет ететін және банкроттық жағдайында өз иелігіндегі мүлікпен жауап беретін кәсіпорын.
Зиян – ақшалай нысанда көрсетілген шығын, шығыстың кірістен асып түсуі салдарынан кәсіпорындардың, бірлестіктер мен ұйымдардың ақшалай ресурстарының азаюы.
И
Инвестициялар – табыс табу мақсатында жүргізілетін іс, белгілі бір кәсіпорынға қаражаттарды салу.
Инвестициялардың ұдайы өндірістік құрылымы – жаңа құрылысқа, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға жұмсалатын салымдар арасындағы арақатынас.
Инвестициялық портфель – инвестордың ақшалай қаражаттары салынған бағалы қағаздардың (қаржы активтерінің) жиынтығы.
Инвестициялық тәуекел – инвестициялау нәтижесінде зиянға ұшырау ықтималдылығы. Инвестициялық тәуекелдерге портфельдік инвестициялар, яғни жаңашылдық тәуекелдері мен бағалы қағаздарға инвестициялау тәуекелдері жатады.
Инжиниринг – технологияны жасап шығаруды, инженерлік-техникалық жұмыстар кешенін, сонымен қатар объектілердің құрылысы мен мазмұны, өнімді тереңдетіп өңдеу, жинақтау, кепілдендірілген қызмет көрсету бойынша қызметтерді қосқандағы өнеркәсіптік жобаларды құру және қызмет көрсетумен байланысты инженерлік-кеңес берушілік қызметтер жиынтығы ретінде сипатталатын интеллектуалды қызмет.
Достарыңызбен бөлісу: |