Ќазаќстан республикасыныњ


Интерпренер – жұмыс істеп тұрған корпорация ішінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға. К Кәсіпкерлер



бет93/102
Дата04.11.2022
өлшемі1,95 Mb.
#156625
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   102
Байланысты:
Ќазаќстан республикасынын касипкерлик (3)

Интерпренер – жұмыс істеп тұрған корпорация ішінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға.

К


Кәсіпкерлер - коммерциялық мүмкіндіктерді көре алатын, қажетті капиталға қол жеткізуге байланысты қажет операцияны қалай өткізу керектігін білетін және тәуекелге бара алатын, табыс пен сәтсіздік үшін жауапкершілікті өз мойнына жүктей алатын іскерлік әлемдегі адамдар.
Кәсіпкерлердің жауапкершілігі - мемлекеттің, қызметкерлердің, тұтынушылардың, шаруашылық жүргізу субъектілерінің құқықтарын бұзуға, орындалмаған (келісімшарттық) міндеттемелерді қалпына келтіруге бағытталған белгілі бір іс-әрекеттерді жасау қажеттілігі, міндеті.
Кәсіпкерлік бұл жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынға шаруашылық жүргізу құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген, тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) деген сұранысты қанағаттандыру жолымен таза табыс алуға бағытталған, меншік нысанына тәуелсіз, азаматтар мен заңды тұлғалардың ынталы қызметі.
Кәсіпкерлік қызмет – өзіндік ынтаға, жауапкершілік пен инновациялық кәсіпкерлік идеяға негізделген, пайда табуға бағытталған, қызметтің ерекше түрі.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – кәсіпкерлік қызметтің бәсекеқабілеттілігін ұлғайтуға бағытталған заңнамалық, атқарушы және бақылаушы сипаттағы шаралар жүйесі. Мемлекеттік қолдау шаралары нарықтың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің белсенділігін ынталандыруға және олардың шаруашылық қызметінде көмек көрсетуге бағытталған. Мұндай шараларға жеңілдіктерді, несиелерді ұсынуды, мемлекеттік тапсырыстармен қамтамасыз етуді және т.б. жатқызады.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу – тәуекелді төмендетуге және кәсіпкерлік қызметтің тұрақтылығын өсіруге бағытталған заңнамалық, атқарушы және бақылаушы сипаттағы шаралар жүйесі.
Кәсіпкерлік қызметті талдау - оның қызметінің дамуы мен тиімділігін жақсарту мақсатында, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, қажетті іс-шаралар жүргізу үшін зерттеу үрдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет