Лизингтік қызмет – бұл мүлікті алу мен оны лизингке беру бойынша инвестициялық қызмет.
Лицензия – заңмен қарастырылған нақты шаруашылық операцияларын, оның ішінде сыртқы сауда (экспортты және импортты) операцияларды жүзеге асыруға деген құзіретті мемлекеттік органдармен заңды тұлғаларға берілетін рұқсат.
М
Маклер – қор және тауарлы биржаларда делдалдық операцияларды жүзеге асыратын тұлға.
Мәміле - азаматтық құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған азаматтар мен заңды тұлғалардың іс – әрекеттері.
Монополист – нақты тауардың жалғыз өндірушісі. Әдетте, бұл тауарға монополиялы түрде жоғары баға тағайындалады. Нәтижесінде тұтынушылар және қоғам үлкен шығындарға ұшырайды.
Монополияға қарсы реттеу – нарықты монополиялау мүмкіндігін шектеу мақсатында мемлекетпен жүзеге асырылатын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық шаралар жиынтығы.
Міндеттеме - азаматтық заңнамада бір тұлға (борышкер) екінші тұлғаның (кредитор) пайдасына қатысты белгілі бір іс-әрекет жасауға деген құқық қабілеттілігі.
Н
Нарық – этикалық, құқықтық нормалар мен ережелерді ұстанудың, бәсекенің белгілі бір интенсивтілік жағдайында, тауардың нақты түрін сату-сатып алу мен сауда мәмілелерін жасауды жүзеге асырудың шартты орны.
Нарық инфрақұрылымы – нарықтың қызмет етуін қамтамасыз ететін экономикалық институттар жиынтығы (сауда, делдалдық ұйымдар мен кәсіпорындардың, несиелік мекемелер, сақтандыру, көліктік және басқа да кәсіпорындардың желісі).
Несиелік келісімшарт – келісімшарт, ол бойынша бір тарап (несие беруші) екінші тарапқа (қарыз алушыға) келісімшартпен қарастырылған шарттармен мөлшерде ақша қаражаттарын беруге, ал қарыз алушы алынған ақша сомасын қайтаруға және ол бойынша пайыздық үстемелерді төлеуге міндеттенеді.
О
Олигополия – бірнеше кәсіпорындар біртекті немесе әртүрлі өнім өндіретін нарықтағы жағдай, және мұнда нарыққа кіру қиындатылады, бағаларға бақылау жүргізіледі.
Оферта – бұл бір немесе бірнеше тұлғаға келісімшарт жасауға жіберілген ұсынысы қабылданған жағдайда, ұсыныс жасаушының адресатпен келісім жасалғанын білдіретін шешім.
Оффшорлы аймақ - ел заңнамасының кейбір ережелері мен нормалары жүрмейтін, яғни аталған оффшор құрылатын ел шекарасын, территориялық жағынан бөлінген аймақ, аудан, облыс немесе арал.
Достарыңызбен бөлісу: |