Ќазаќстан республикасыныњ



бет96/102
Дата04.11.2022
өлшемі1,95 Mb.
#156625
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   102
Байланысты:
Ќазаќстан республикасынын касипкерлик (3)

Лизингтік қызмет – бұл мүлікті алу мен оны лизингке беру бойынша инвестициялық қызмет.
Лицензия заңмен қарастырылған нақты шаруашылық операцияларын, оның ішінде сыртқы сауда (экспортты және импортты) операцияларды жүзеге асыруға деген құзіретті мемлекеттік органдармен заңды тұлғаларға берілетін рұқсат.
М


Маклерқор және тауарлы биржаларда делдалдық операцияларды жүзеге асыратын тұлға.
Мәміле - азаматтық құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған азаматтар мен заңды тұлғалардың іс – әрекеттері.
Монополист – нақты тауардың жалғыз өндірушісі. Әдетте, бұл тауарға монополиялы түрде жоғары баға тағайындалады. Нәтижесінде тұтынушылар және қоғам үлкен шығындарға ұшырайды.
Монополияға қарсы реттеунарықты монополиялау мүмкіндігін шектеу мақсатында мемлекетпен жүзеге асырылатын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық шаралар жиынтығы.
Міндеттеме - азаматтық заңнамада бір тұлға (борышкер) екінші тұлғаның (кредитор) пайдасына қатысты белгілі бір іс-әрекет жасауға деген құқық қабілеттілігі.

Н


Нарықэтикалық, құқықтық нормалар мен ережелерді ұстанудың, бәсекенің белгілі бір интенсивтілік жағдайында, тауардың нақты түрін сату-сатып алу мен сауда мәмілелерін жасауды жүзеге асырудың шартты орны.
Нарық инфрақұрылымы – нарықтың қызмет етуін қамтамасыз ететін экономикалық институттар жиынтығы (сауда, делдалдық ұйымдар мен кәсіпорындардың, несиелік мекемелер, сақтандыру, көліктік және басқа да кәсіпорындардың желісі).
Несиелік келісімшарткелісімшарт, ол бойынша бір тарап (несие беруші) екінші тарапқа (қарыз алушыға) келісімшартпен қарастырылған шарттармен мөлшерде ақша қаражаттарын беруге, ал қарыз алушы алынған ақша сомасын қайтаруға және ол бойынша пайыздық үстемелерді төлеуге міндеттенеді.

О


Олигополия бірнеше кәсіпорындар біртекті немесе әртүрлі өнім өндіретін нарықтағы жағдай, және мұнда нарыққа кіру қиындатылады, бағаларға бақылау жүргізіледі.
Оферта – бұл бір немесе бірнеше тұлғаға келісімшарт жасауға жіберілген ұсынысы қабылданған жағдайда, ұсыныс жасаушының адресатпен келісім жасалғанын білдіретін шешім.
Оффшорлы аймақ - ел заңнамасының кейбір ережелері мен нормалары жүрмейтін, яғни аталған оффшор құрылатын ел шекарасын, территориялық жағынан бөлінген аймақ, аудан, облыс немесе арал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет