Ойын арқылы оқыту
Тәуелсіздіктің алтын тәжін киіп тілімізге жан біткелі, халқымыздың да еңсесін көтерген елге алдымен оқу-білім керек. Әлем тізгіні білімдінің қолында десек, білімді болсақ біз де тізгінге жармаса аламыз, болашақтың алысқа шабар жүйрігін біз де тартып міне аламыз. Сондықтан қазіргі білім ошақтарында байырғы білім беруді өзгертіп, жаңа педагогикалық технологияны басшылыққа алып, жаңаша әдіс-тәсілдерді енгізіп, соған орай дәстүрден тыс оқыту түрлерін қолданып, компьютерлік оқыту технологиясымен де ұштастырып келеміз.
Ендеше осы айтқандарымыздың басты мақсты жас мемлекетіміздің күш қуатын арттыру, оның іргетасын мықты етіп, биік тұрғызатын, патриоттық сезімі оянған жеке тұлғаны қалыптастыру, осы тұлғадан қабілетті балалар шығару және интеллектік белсенділігін көтерну, өз бетімен оқуға, үйренуге деген құштарлығын байыту емес пе. Бірінші кезекте міндетті түрде осы істі жүзеге асыратын нақты тірек қалыптастыру керек. Ол үшін осы жүйені іске асыруға бағыт беретін арнайы оқулықтар мен әдістемелік оқу-құралдарын шығарып, көбейту қажет.
Бастауыш сатыдағы оқу-тәрбие үрдісіндегі «Ойын арқылы оқыту технологиясының» орны ерекше. Ойын- бала әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді. Ойын бала затының түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да бала қабілеті, белсенділігі байқалатынын А.С.Макаренко өте жақсы көрсеткен. Үлкендер өмірі үшін жұмыс қызметін істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, - деп жазды ол, балалар өмірінде ойын да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады.
Ойын балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ойынның өз мақсаты, жоспары, шарты, жауабы, арнайы заттары т.б.көптеген сипаттары бар. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала зейінін қажет ететін әдейілеп ұйымдастырылған ойындар, оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша бала ойын үстінде қандай болса, еңбекте де сондай болады, демек ойын адамның өміртанымының алғашқы қадамы.
Ақын Абай Құнанбаев:
«Ойын ойнамай,
Өсер бала болар ма?» - демекші жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны тануы, еңбекке қатынасы, психикалық ерекшелігі ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады.
Ойын ойнау барысында қалыптасатын мінез-құлықтар: зейін қою, ойлану, жауап беру, жауапкершілікті сезіну, шеберлікті меңгеру, қиындықты жеңу, төзімділік, еңбек ету, білім алу, талдау, түрлендіру, есте сақтау.
Ойын ойнаудағы алғашқы психикалық қажеттілік. Ойынның бала ұғымына, жас ерекшелігіне сәйкес түсініктілігі.
Ойын құраушыларының білім жүйесіне сай, сәйкестілігі және тәлім-тәрбиелік, дамытушылық әрекеттерінің мәні зор.
Қандай да болсын ойын түрі баланың пәнге деген қызығушылық қыбілетін оятатындай деңгейде болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |