Ойынның түрлерінің жіктелуі:
Грамматикалық
Психологиялық
Тірек-сызбалар
Логикалық ойындар
Техникалық құралдар
Дене еңбек
Грамматикалық ойындар – оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілі дамытуларына мол мүмкіндік береді. Синтаксистік, морфологиялық талдаулар процесі үздіксіз дамып отырады. Сонымен қатар фонетикалық заңдылықтарды да еркін меңгере алады. Олардың қатарына: 1) Әріптік, буындық кеспелер; 2) Диктант түрлері; 3) Жаттығу жұмыстары; 4) Шығарма, мазмұндамалар;5) Әңгіме, мәтін құрастыру; 6) Сөздіктер т.б.
Психологиялық ойындар – көбіне таныс емес тақырып кездескенде сұрақ қою арқылы ойналады. Ол оқушылардың ой-пікірлерін бөлісуге, маңызды мәселелерді, толғандырып жүрген проблемаларды шешуге, материалдарды қалай түсінгендерін ашық айта білуге септігіни тигізеді. Олардың қатарына: 1) Психологиялық сынау, сауалнамалар; 2) Сурет салу, құрастырулар; 3) Пікірталастар; 4) Сұрақ-жауаптар; 5) Сөздіктер (диалог, монолог).
Мектеп табалдырығын аттап, ең алғаш партаға отырған оқушыларға қалам мен қағаз беріп, «Қолыма тұңғыш қалам ап» тақырыбында сынақ ойынын жүргізуге болады. Ойын аяқталған соң оқушылардың барлығына психологиялық мінездеме жазылып, зерттеу жұмысын жасауға болады.
Тірек-сызбалы ойындар – бұл ойындар атынан көрініп тұрғандай көбіне сызу, суреттеу, жобалау, эскиздеу болып табылады. Ойын грамматикалық ойынмен тығыз байланысты: олардың қатарына: 1)ойық жазбалар; 2) суретті жұмбақтар; 3) сөзжұмбақ, аннаграммалар; 4) құрыштар;
5) суретпен бейнелеулер т.б.
Логикалық ойындар – оқушылардың ой-өрісін, тіл, сөз байлығын,кеңейтеді. Ойын ойланғыштыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке итермелейді. Ойын ойлау шеңбері арқылы жүзеге асады. Сондықтан көбіне сұрақ-тапсырмалар арқылы беріледі. Олардың қатарына: 1)жұмбақтар; 2) логикалық сұрақ-тапсырмалар; 3) лездік тапсырмалар; 4) әрі қарай жалғастырулар бар т.б.
Техникалық құралдар ойындары – өазіргі заман талабына сай қағидаларды негізге ала отырып ойналатын ойындардың түрі. Бұл ойындарды ойнау барысы қоғамда, тұрмыста, үйде, болашақта көп көмегімен тигізетіндігі дәлелденген. Оларға: 1)лингофон құрылғылары; 2) компьютер; 3) «Сега», «Денди»; 4) тир, автоматтар; 5) кодоскоп, диапроекторлар; 6) магнитофон, музыкалық орталық; 7) караоке, ямаха т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |