Қазақстан Республикасының


Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 7,10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 20, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. 6



бет8/9
Дата05.11.2016
өлшемі1,58 Mb.
#969
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 7,10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 20, 22, 24, 25, 26,

27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36.


6 Тәжірибелік сабақ: Шалкиіз өмірі, шығармашылығының жиналып,

зерттелуі, шығармаларына әдеби талдау
Сабақтың мақсаты: Шалкиіздің шығармаларының жиналып зерттелуін

студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп

бағалау.

Сабақ жоспары: 1.Шалкиіздің өмірі, шығармашылығына тоқталу.

2. Өмір сүрген уақытын зерттеуші ғалымдардың әр түрлі

топшылаулары.

3.Оның батыр қолбасы болуы жайындағы тарихи әңгімелерге

тоқталуы.

4.Жыраулар ішінде оның тұңғыш рет орысшаға аударылуы

(төңкеріске дейінгі оқиғалар).

5.Шалкиіз-қазақ әдебиетіндегі философиялық, дидактикалық,

афористік толғаулардың көш басшысы.

6.Шалкиіз поэзиясындағы жауынгерлік, ерлік рух,

отаншылдық сарын.

7.Шалкиіз поэзиясындағы сырлы, дана афоризмдер мен

көркем поэтикалық тіл.

8.Шалкиіз-«шын мәнісіндегі жыраулық поэзияны жасаушы».

9.Қазақ әдебиеті тарихындағы оның алатын орны.

Әдістемелік нұсқау: Шалкиіз шығармаларының В.Радловтың, дағыстанды Мұхамед

Османовтың кітабында ерте кезде (1883 ж.) жарық көруі. Ақын шығармашылығының төңкерістен кейін көп жылдар бойы партиялық талап пен саясаттың назарына іліккендігі, Шалкиіздің жыраулар ішінде еңсесі биік, шыққан шыңы жоғары екендігіне,сахара жұлдызы, дала данасы, сөз құдіреті, пірі- көмейінен күмбірлеген жыр төгілген классикалық дәрежедегі жырау болғандығына тоқталу.



Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28,

29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36.


7 Тәжірибелік сабақ: Доспамбет шығармашылығының зерттелуі,

толғауларының маңызы

Дәрістің мақсаты: Доспамбет шығармашылығының зерттелуін,толғауларының

маңызын қандай дәрежеде меңгергенін тексеріп бағалау .



Сабақ жоспары: 1.Доспамбет жыраудың өмірі, шығармашылығы.

2.Толғауларының поэтикалық тілі.

3.Доспамбет туралы аңыз-әңгімелердің хикаяларының.

Радлов сияқты ірі ғалымдарға белгілі болғаны.

4. М.Османовтың 1883 ж. баспадан шыққан «Ноғай уа құмық

шиғырлары», Радловтың 1896 ж. «образцы народной

литературы тюркских племен» еңбектерінде жариялануы

туралы тоқталу.

5.Доспамбет шығармаларының тілі, толғауларының

маңызына, өзіне арналған жырларына тоқталу.



Әдістемелік нұсқау: Доспамбет шығармалары деп есептеп жүрген туындылардың негізінен 1908 ж. М.Бекмұхамедовтың Қазан қаласынан шыққан «Жақсыүгіт», Ғабдолла Мұштақтың (Ғұмар Қарашев) 1912 ж. Орынборда жарияланған «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» кітаптарында жарық көруі. 1967 ж. «Ертедегі әдебиет нұсқалары», 1971 ж. «Алдаспан», 1982 ж. «Бес ғасыр жырлайды» еңбектерінде басылған Доспамбет шығармаларын, алдында басылған еңбектердегі шығармаларымен салыстыру.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28,

29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36.


8 Тәжірибелік сабақ: Жиембет шығармаларының жиналып, зерттелуі

Сабақтың мақсаты: Жиембет шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау.

Сабақ жоспары: 1.Жиембет жыраудың өмірі, шығармашылығы.

2.Шығармашылығының маңызы.

3.Жиембет өмір сүрген дәуір сипаты.

4.Қазақтардың ойраттарға қарсы күресі

5.Жиембеттің елге есімін кеңінен танытқан «Есімге арнаған

толғауы екендігі».

6.Өмірінің ақырығы кездерінде Жиембеттің қуғынға ұшырауы.

7.Бізге жеткен өте аз мұрасының өзі-ақ Жиембеттің халқы

үшін қолына найза да алғандығын, ел екендігі дәлелдейтіні.

8.Әділетсіздікке, ханға қарсы ащы дауысы, өткір үні.



Әдістемелік нұсқау: Жиембет Бортоғашұлының Алшын руынан шығуы, әскери ақсүйек отбасында дүниеге келуі. Арғы атасы-Ноғайлыдан шыққан Алау батыр болғандығы. Жиембеттің тек жырау емес, Еңсегей бойлы Ер Есімнің, Кіші жүздегі үлкен тірегі, яғни әскербасы батыры, ел басқарушы биі қызметін атқаруы. Жиембет туралы біршама деректердің барлығы. Сондай-ақ Жиембеттің атын ескі шежірелер қорынан да кездестіруге болатыны. Шешендігі, батырлығы, әділдігімен халқының әулиелерінің2 біріне айналған Сырым батырдың ұраны атасы Жиембет болғандығы.Ол туралы әр түрлі әңгімелер, деректер. «Қол аяғым бұғауда» өлеңінің жыраудың хандардан көрген зәбірін

дәлелдейтіні. Сондай-ақ, «Басы саудың түгел-дүр» толғауының Жиембеттің өз елі, жерінен қуылғандығын дәлелдейтіні.



Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28,

29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36.




9 Тәжірибелік сабақ: Марғасқа жыраудың өмірінен мәлімет, толғауларына

әдеби талдау
Сабақтың мақсаты: Марғасқа жыраудың шығармаларының жиналып

зерттелуін,толғауларын студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау.



Сабақ жоспары: 1.Марғасқа жыраудың өміріне тоқталу, шығармашылығының

зерттелуі.

2.Марғасқа жырау Есім ханның әрі батыры, әрі ақылшы жырау

болғандығы жайлы.

3.М.Көпеевтің «Ел аузынан жинаған әдебиет үлгілері» атты

қолжазбасындағы Марғасқа жырау туралы айтылғандарға

тоқталуы.

4.Біздің заманымызға жеткен Марғасқа жыраудың «Ей,

Қатағанның хан Тұрсын» жырының шығу тарихы.

5.Толғауларына әдеби талдау.



Әдістемелік нұсқау: Марғасқаның ел аузында «бүтін билікке Төле би жеткен, бүтін хандыққа Есім хан жеткен»! деп атаққа шыққан Еңсегей бойлы Ер Есімнің тұсында өмір сүргендігі.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28,

29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36.


10 Тәжірибелік сабақ: Тәтіқара ақынның шығармашылығының жиналып,

зерттелуі

Сабақтың мақсаты: Тәтіқара ақынның шығармаларын, шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау.

Сабақ жоспары: 1.Тәтіқараның азаттық үшін күрес ұраншысы, басқыншыларға

қарсы халықты ұрысқа шақырушы жауынгер ақын, “жортуыл

кернейшісі” екендігі,.

2. Оның өз заманының ең көрнекті, ең қуатты, ең алдыңғы

қатарлы жыршысы, яғни ақыны болғандығы.

3.Ұлы Шоқанның Тәтіқара жырларына назар аударуы.

4. Шыққан тегі: Уақ ішіндегі Қалмақ болғандығы туралы

әңгімелеу.

5. Тәтіқара жайында таралған әр түрлі аңыздарға шолу.

6. Аблайдың жауынгершілікке аттанғанда жанынын

тастамайтын сенімді серігі, оның сарбазшысына дем берушісі

болғандығы.

7.Ақындығымен қоса ер жүректілігі, бірбет, қайсар

болғандығы.



Әдістемелік нұсқау: Ақын есімінің әсіресе 1756 жылы қазақ жеріне басқыншылықпен

кірген Цин үкметіне қарсы күресте ерекше танылуы. Шығармашылығына талдау:

« Қамыстың басы майда, түбі сайда». Өлеңнің шығу тарихына назар аудар. Абылай

сарбаздарына қауып төнгенде, жігер беру, намыс қайрау мақсатында туғандығы. Абылай

заманындағы әр батырға сипаттама, баға беруі.а )Жәнібек-«болат найза»; ә)Ер Жабай-

«Найзасының ұшына жау мінгізген»; б)дәріптеу, асыра ұлғайта мақтау.



Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 17, 19, 21, 22, 24, 25,27,28, 29, 31,

32, 33, 34,35, 36.




11 Тәжірибелік сабақ: Үмбетей жыраудың өмірі,шығармашылығының

зерттелуі
Сабақтың мақсаты: Үмбетей жыраудың шығармаларын, шығармаларының

жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау.



Сабақ жоспары:1.Үмбетейдің 1706-1778 жылдар шамасында өмір сүруі туралы

болжамдар.

2.Үмбетейге әкесінің әсері,жасынан ән-жыр, сөз өнеріне

еліктеп өсуі, халық әдебиетінің әсері.

3. Үмбетей жырларының басты ерекшелігі философиялық-

дидактикалық мәнінде екендігі.

4.Үмбетейдің Абылай заманындағы ел қорғаған халық

батырлары туралы мадақ толғауларды шығарушылардың

басы болғандығы.

5. Абылайды да ерекше дәріптеуі, құрметтеуі.

6.Жыраудың Бұқармен дос-жаран болуы.

7. Үмбетей жырларының аса көркем келуі, өлең жолдарының

көбіне үш буыннан тұруы.. .

Әдістемелік нұсқау: Үмбетейдің жырлаулық атын ерекше елге танытқан атақты батырлар туралы толғаған жырлары жайында. Әсіресе, ғалымдар жазғандай, ХVIII ғасырдың 70-жылдарында шығарған Бөгенбай атына байланысты толғаулары жырау есімін әдебиетімізге мәңгі қалдырғаны туралы сөз қозғалуы. Әкесі Тілеудің шежіре, абыз іспеттес болуы. Қаһармандық жырларды, шешендік сөздерді, халықтың сөз өнерін ерекше меңгеруі, қобызы болуы, халқының бай музыкасын да жетік білуі.Бұқардың қатынына байланысты айтқан жыры сақталған.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28,

29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36.


12 Тәжірибелік сабақ: Ақтамберді жыраудың шығармаларының жиналып,

зерттелуі

Сабақтың мақсаты: Ақтамберді шығармаларын, шығармаларының жиналып

зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін

тексеріп бағалау.

Сабақ жоспары: 1.Ақтамберді жыраудың шығармаларының жиналып, зерттелуі.

2.Ақтамбердінің жай жырау емес, жортуыл жыршысы, әрі

балуан, әрі батырлығымен халық арасында өте бетті, беделді

болғандығы туралы түсінік.

3.Ақтамберді елін, халықын жаудан қорғаушы жырау.

4. Ақтамберді толғауларының қайнар көзі-Шалкиіз, Доспанбет

сияқты өзінен бұрынғы аталар мұрасының заңды жалғасы,

көне қазақ поэзиясы тоқталу.

5. Ақтамбердінің бейіті Семей облысы, Абай ауданының Жүрек

Жота төбесінің басында екендігінен хабар беру. Жыраудың

93 жасында қайтыс болуынан мәлімет.

6. Өмірін түсіндіру барысында өлеңдерін дәлел ретінде

пайдалану.

Әдістемелік нұсқау: 1.Жырау ұрпақтары қазір де Семей облысында тұратындығы, солардың айтқан деректері, әрі “Тауари хамса” бойынша Ақтамберді Сарыұлының атақты Қаракерей Қабанбаймен бірге Найманның бір көсемі, әскербасы батыры, әрі төгілмелі жырау болғандығы туралы мәлімет. Орташа, кедей ортада туып өсуі. Өте жастай өлең шығаруы. Ерте есеюіне сол кездегі жаугершілік заманның да әсері екеніне кеңірек тоқталу.(Орта Азия хандықтары, қалмақтармен соғыстар.) тарихи оқиғалардың бел ортасында жүріп азаттықты, еркіндікті, халық үшін “күлдір-күлдір кісінетіп, күрең мінгені”, ерлікке, батырлыққа шақырған жауынгер екендігіне ерекше назар аудар.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28,

29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36.



13 Тәжірибелік сабақ: Бұқар жыраудың өмірі, шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Бұқар жыраудың шығармаларын, шығармаларының жиналып

зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау.



Сабақ жоспары: 1.Бұқардың ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті

өкілі болғандығы.

2. Бұқар өмір сүрген мерзім тынысы, тарихи оқиғалар.

Оның жырау шығармашылығына әсері.

3.Бұқар шығармашылығын жинастырған атақты Мәшһүр

Жүсіп жайында сөз қозғау.

4.Ата тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл, Қоржас екендігі,

1668-1781 жылдары өмір сүрген деген болжам.

5.Бұқардың Тәуке ханға, Абылай ханға қызмет көрсетуі.

6.Бұқар шығармашылығының зерттелінуі.



Әдістемелік нұсқау: Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің еңбегі. Оның Бұқар туралы Бұл кісінің сөзін түгел жазамын дегенге: «Нұхтың өмірі, Аюбтың сабыры, Аполатонның ақылы керек» деген сөзі;Шоқанның Бұқардың Абылай туралы екі өлеңін орысшалап хатқа түсіруі;Г.Потаниннің Бұқардың біраз өлендерін жинастыруы. «Тауарих хамсада», «Таң» журналында кейбір өлеңдерінің шығуы. Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, Қ.Мұхаметханов пен М.Мағауин, т.б зерттеулері жайынан мәлімет.Бұқардың ел бірлігі, татулығын жырлай отырып, патшаның отарлау істерін ерте түсінуі, оған қарсы болуы. Бұқар поэзиясының көтерген тақырып жағынаң әр алуандығы. Халық поэзиясының тұнығын жинап, бойына сіңіре отырып, өзінен кейінгі басталар жаңа поэзиясының да кейбір белгілерінің негізін салуы. Бұқар поэзиясының философиялық тереңдігі, даналық, афористік мәні, ақындық интуиция, поэтикалық тілімен, тіпті «Еуропалық лирикаға» жақындау өлең жолдарымен қазақ әдебиетінің алтын қорынан алатын орны. Абылайдың алдында беделді, қабырғалы биі болуы. Қоғамдық мәселелерге атсалысуы, даналық ақыл-ойы, аумалы-төкпелі заманда ел бірлігін жырлап, халқы алдында үлкен қызмет атқаруы, «көмекей әулие атануы», «Бұқар қара сөз білмейді, тек жырлай береді» екен деген аңыздар.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29,

30, 31, 32, 33, 34,35, 36.


14 Тәжірибелік сабақ: Шал ақын өмірі, шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: Шал ақынның шығармаларын, шығармаларының жиналып

зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау.



Сабақ жоспары: 1. Ақын шыққан орта: Анасының Үйсін Төле бидің қызы

екендігі.

2 . Орыс үкіметімен достық қарым-қатынасы, Орынбор

губернаторының А.Давыдовқа берген жарлығыда Құлекеңнің

беделді батыр екендігін, оған жақсы қарым-қатынас жасау

керектігінің ескертілуі.

3. Ғалымдар болжауы бойынша оның 1748-1819 жылдары өмір

сүргендігі туралы деректер.

4. Шалдың ұрпақтарының бірі белгілі ақын Нұржан Наушабаев

екендігі.

5.Шалдың 15 жастан “ақын” ретінде аты шығуы.

6. Шал импровизатор, төкпе ақын.

7. Шал шығармашылығында өзіндік мәні көрінген лирикалық

поэзисының да кезігуі.



Әдістемелік нұсқау: Шалдың қақтығыс өлендері (айтыс үлгісі), «Жігіт пен Шал», «Шал мен қыз», «Шал мен кемпір»тоқтал.Шалдың Шоқан Уалихановтың айтуы, бағалауы бойынша «Қазақ халқын құраған рулар жайлы тамаша эпос жасаған адам». «Шалдың -өз дәуірінің даналығын бойына сіңірген кең тынысты, қуатты ақын болғандығы». Құлекеңнің ұрпақтары қазір де Солтүстік Қазақстанда, Сергеев ауданында тұратындығы. Сондай-ақ, оның жақсылықты ту етіп көтеруі, жамандықты жерлеуі, өлеңдеріндегі ақыл-нақыл, үлгі айтудың басымдылығы.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13,17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29,

30, 31, 32, 34,35.



15 Тәжірибелік сабақ: Көтеш ақынның өмірі, шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: Көтеш ақынның шығармаларын, шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау.

Сабақ жоспары: 1.Көтештің Арғын, оның ішінде Сүйіндіктен тарайтыны.

2. Бала кезінен ақын ретінде елге атының кең жайылуы,әсіресе

Абылай хан алдында көзге түсуі.

3. Ол туралы халық арасындағы аңыз (“Абылай, Ботақанды

сен өлтірдің” деген өлеңге қараңыз).

4. Көтеш шығармаларының жинақталуы.

5. Көтештің өзі шыққан тегінең де кедей, өзінің де кедей

болғандығы жөніндегі деректер.

6. Сондай-ақ бізге жеткен өлендері туралы әңгіме-аңыздар.

7. Өлім, өмірінің соңғы кезеңі туралы деректер.

8. Көтештің суырып-салма ақын екендігі. ХVIII ғасырдағы

қазақ әдебиетіндегі алатын орыны.

9. Шығармашылығын талдау.

Әдістемелік нұсқау:. Мәшһүр Жүсіптің Көтеш шығармаларының жинақталуында атқарған істері (Мәшһүр Жүсіп туралы әңгімелей кету.) Көтештің қолмақол өлеңдер шығаратын жүйрік ақын, әрі таза қазақ түсінігіндегі ақын, күшті ақын екендігі. Көтеш шығармашылығы туралы профессор Ысмайыловтың пікірі, бағасы. «Көтеш-кез келген нәрсені өлеңге айналдыра алатын ақын және күй талғамайтын жүйрік» деді

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 10, 11, 12, 13,17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29,

31, 32, 33, 36.



СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫС ШЕҢБЕРІНДЕГІ ТАПСЫРМАЛАР.

1СОБӨЖ «Халқымыздың ұлы ұландары» жыраулар

шығармашылығында /толғау эссе жазу/
Өздік жұмысының мақсаты:Студенттерді шығарма- эссе жазуға баулу.

Әдістемелік нұсқау: Студент кез келген бір жырауға өз атынан ,осы эссе деген термин сөзге сүйене отырып шығарма-эссе жазу керек.Эссе-

тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап,өзінше

толғап,әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек,тың болжамдар мен

түйіндеулерге құрылатын философияның,эстетиканың,әдеби

сынның,публицистиканың, көркем әдебиеттің жаныры.
2 СОБӨЖ «Жырау және тарих» /ғылыми сипатттағы мақала әзірлеу/
Өздік жұмысының мақсаты:Студенттерді мақала жазуға баулу.

Әдістемелік нұсқау: 1.Жыраулардың тарихтан алатын орны қандай

2.Жыраулардың қазақ хандығының дамып, іргесінің нығаюына қосқан

үлестеріне тоқталу. 3.Қоғамдық, саяси қызметтердің әдебиет тарихынан

алатын орындарын сөз ету.


3 СОБӨЖ «Жыраулар толғауларындағы архайзм, тарихи көнерген

мағынасы түсініксіз сөздер /текстологиялық талдау/
Өздік жұмысының мақсаты:Өздік жұмыстарында түсіндірмелі сөздіктерді, фразеологиялық сөздіктерді пайдаландыру барысында қазақ тіл білімінен алған білімдерін тереңдете түсу.

Үлгі: Түсініксіз сөздер Түсіндірмесі

1. Пұсырман баласы 1. Мұсылманның баласы.

2. Жауабы жамшыдай 2. …………………….

3. Ақре тау 3. …………………….

4. Өз малын кізнеген 4. ............... ...................

Әдістемелік нұсқау: Мынандай еңбектерді қараңыз: Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі Құрастырған А.Құралұлы. А.1997,

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.1-10том. Алматы: Ғылым,1974-1986,Абай тілі сөздігі. Бас редакторы. А.Ысқақов. Алматы: Ғылым,1968.



4 СОБӨЖ « Жыраулар поэзиясында кездесетін троптың түрлерін

Теру /кортотека/

Өздік жұмысының мақсаты: Студенттер өздерінің әдебиет теориясынан алған білімдерін шыңдай түсу үшін қажет.

Әдістемелік нұсқау:Қ.Жұмалиев айтқан бес түрлі жолмен жасалатын метафора түрлерін жыраулар поэзиясынан табу.Жыраулар поэзиясында кездесетін метонимия мен синекдоханы тауып салыстыру.

Жыраулар поэзиясында кездесетін теңеулердің жасалу жолдарына көңіл аударыңыз.



Үлгі: Мысалы: Арабы торым өзіңсің,

Алдаспаным өзіңсің,

Сен –Алтынсың ...

Сен –Сұлтансың ...

Сен –Сұңқарсың ...,т.с.с.

Бұлардың бәрі - метафора.


5 СОБӨЖ Жыраулар поэзиясында кездесетін образдарға тән нышан –

элементтерге/кортотека/
Өздік жұмысының мақсаты: Студенттер өздерінің әдебиет теориясынан алған білімдерін шыңдай түсу үшін қажет.

Әдістемелік нұсқау:Ақын, жыраулардың бейнелеу әдістерінде юморлық, сатиралық, трагедиялық,геройлық, романтикалық образдарға тән нышан–элементтер көптеп кездеседі. Мысалы:Асанның «Ай, хан, мен айтпасам білмейсің», Бұқардың «Атаңды білмес құл едің» деп басталатын

шумақтарында сатиралық образ детальдары елес береді соған көңіл

аударыңыз.
6 СОБӨЖ Жыраулар поэзиясы және батырлар жыры /реферат 13-15 бет/
Өздік жұмысының мақсаты:Ауыз әдебиетімен хандық дәуір әдебиетінің арасындағы байланысқа студент назарын аудару.

Әдістемелік нұсқау: Жыраулар поэзиясын батырлар жырымен салыстыр.

Жыраулар поэзиясымен батырлар жырының арсындағы үндестікке назар аудар.



7 СОБӨЖ Жыраулар атынан болашақ ұрпаққа хат-аманат жазу

/хат үлгісіндегі толғау-эссе/


Өздік жұмысының мақсаты:Студенттердің тіл байлығын дамыта түсу.

Әдістемелік нұсқау: Асанның хаты. «Уа, жас ұрпақ...Есті көрсең кем деме. Бәрі тұйғын табылмас », «Артық үшін айтысып, достарыңмен санаспа ». Адамның адамдығы мінген тағы,шыққан тауы атақ – даңқы емес ,ең алдымен адамгершілігі, халқына қызмет етуінде болмақ. Сондықтан «Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессіз сөз бастама ...» Адам күні адаммен –достық, бейбітшілік жер жүзіне ең керекті дүниелер. Сондықтан да «Еділ бол да, Жайық бол, ешкімменен ұрыспа... » т.с.с

Ескерту: Аманат хатта – жыраулардың өз толғауларынан мысалдар көп

алынулары керек.



8 СОБӨЖ Ақтамберді мен Шалкиіз жыраулардың шығармаларын

ақындар поэзиясымен салыстыру /әдеби талдау/
Өздік жұмысының мақсаты:Жыраулар поэзиясының ақын поэзиясынан айырмашылығын, өзіне тән ерекшелігін дәлелдету.

Әдістемелік нұсқау: 1.Ұйқас түрлері,рифманың өзіндік ерекшелігін сарала. 2.Шумақ пен буын саны жырауларда өзгеріп отырады,әр түрлі болып келеді,тармақтарында жүйе көбіне сақталмайды соған көңіл аударыңыз.3.Жыраулар поэзиясының ақын поэзиясынан айырмашылығы,өзіне тән ерекшеліктерін дәлелде.

Мысалы. Үлгі: 1.Ақтамберді жырау.

“Күдір де күдір / кісінетіп / /9/а

Күреңді /мінер ме/ екенбіз,/9/б

Күдеріден /бау тағып /7/ а

Ақ кіреуке /киер ме екенбіз? /10/б

Ор қояндай /жүгінтіп,/б/а

Аш күзендей /бүгілтіп,/7/а

Жолбарыстай /шұбарды /7/в

Таңдап /мінер ме/ екенбіз? /8/б

Біржан сал

Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, а/11/

Адамға зияным жоқ жүрген жанмын. а/11/

Қасыңа мені сендер неге алмайсың, б/12/

Өзім сұңқар, өзім сал кімге зармын. а/11
9 СОБӨЖ «Жыраулар сөзі тарих шежіресі» /реферат/
Өздік жұмысының мақсаты:Студенттерді өз бетімен ізденуге жол

ашу,ғылыми материалдармен жұмыс жасауға баулу.



Әдістемелік нұсқау:1.«Жырау»деген кім ,оның шығармашылық

ерекшеліктеріне назар аудар.2.Жыраулар поэзиясының тарихтағы

орны,әдебиеттегі орнына тоқтал.
10 СОБӨЖ Үмбетейдің жеке адамдарға арнау жырларына қарап

отырып жазу /шығарма-эссе/
Өздік жұмысының мақсаты:Студенттерді жазу жұмыстарына төселдіру.

Әдістемелік нұсқау: Жыраудың адам психологиясы ,мінезін ашып көрсетудегі шеберлігіне назар аудару керек. Мысалы Үмбетейдің «Жауқашарға» , «Бұқарға», «Ақтамберді», «Қабанбайға», «Бекболат биге», «Бәкеге»,т.с.с. арнау өлеңдері бар.Міне осы арнау өлеңдерін қашан,қандай жағдайда ,неге шығарғанына тоқталу.Басқа жырауларда арнау өлеңдер бар ма екен? Бар болса солармен салыстыру.
11 СОБӨЖ Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай

(тарих және көркемдік шындық) /реферат/


Өздік жұмысының мақсаты:Дәріс,семинар сабақтардың ғылыми мәнін

арттыру,студенттердің қабілетін дамытып,ғылыми жұмысқа жетелеу.



Әдістемелік нұсқау:1.Бұқар ел бірлігінің жыршысы екендігі.2.Абылай ханның халық тарихынан алатын орны.3.Абылай ханның сол заманның

жырауы Бұқар шығармашылығына әсері. 4.Бұқар шығармашылығының мәні –ел бірлігі, достықты үндеуі, халықты Абылайдың саясатын қолдауға

шақыруы. 5.Сол заман үшін Бұқар шығармашылығының маңызы.6.Абылай портреті Бұқар шығармаларында қалай ашылғандығына назар аудар.
12 СОБӨЖ «Жыраулар поэзиясын салыстыру»/кортотека/
Өздік жұмысының мақсаты:Теориядан алған білімдерін шыңдай түсу.

Әдістемелік нұсқау: 1.Жыраулар тоғауларына зер сала отырып,қайталанып келетін өлең жолдарын табу. 2.Өзіңше қалай ойлайсың, жырауларда қайталау неге кезігеді? 3.Тапқан қайталаулардың ең алғашқы негізі қай жыраудікі дер едің? 4.Ойыңды нақты мысалдармен дәлелде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет