Ќазаќстан Республикасыныѕ Єылым жјне білім министірлігі



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі55 Kb.
#120183
  1   2   3
Байланысты:
1 практика сот


Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министірлігі


Заңтану пәндері кафедрасы


ӨНДІРІСТІк тәжірибе
Есебі


Орындаған:


Тексерген: кафедра аға оқытушысы


Аудандық (қалалық) сотта өндірістік
тәжірибесін өту есебі

Мен, өндірістік оқу тәжірибесін Алматы қаласының _______ аудандық сотының Азаматтық істер жөніндегі кеңседегі бас мамандары мен сот атқарушылары қасында көмекші-тәжірибеші болып істедім. Мен бірінші күні келіп сотқа қатысты іс құжаттарымен, сондай-ақ сот органдарын реттейтін нормативтік актілер ережелерімен таныстым. Аудандық сотта менің өндірістік тәжірибем келесі тәртіпте өтілді:


а) сотта;
б) сот орындаушысының қарамағында, сот канцеляриясында, сот мәжілісі хатшысының қараманында.
Сот канцеляриясында тәжірибе өту.
Сот канцеляриясында мен азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдау және тіркеу тәртібімен, іс жүргізу тәртібімен, қылмыстық және азаматтық істерді рәсімдеу, есепке алу және сақтау ережелерімен, оларды сот мәжілісінде тыңдауға тағайындау тәртібімен танысуға, бірқатар құжаттарды (шақыру қағаз (повестка), атқару парақтары, т.б.) қарастырдым.
Сот мәжілісі хатшысының қарамағында тәжірибе өту.
Сот мәжілісі хатшысының қарамағында тәжірибе өту кезінде хатшымен бірлесе отырып, азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот мәжілісінің хаттамаларын ж.ргіздім, сондай-ақ сот мәжілісі хатшысына жүктелген өзге де міндеттерді атқардым.
Соттың қарамағында тәжірибе өту.
Соттың қарамағында тәжірибе өту кезінде мен мынадай жұмыстарды орындадым:
а) аудандық соттың жұмысын ұйымдастырумен және оның мазмұнымен танысуға, сотпен өзге сот қызметкерлері арасында міндеттерді білумен, сот мәжілісінде істерді қарау жоспарымен таныстым;
б) сот жұмысын жоспарлаумен, соттың өкілеттіктерімен таныстым;
в) үкімдер мен шешімдерді орындау жұмысын ұйымдастырумен, сот тәжірибесін зерттеу және жалпылау әдістерімен таныстым;
Сотқа келіп түскен талап арыздары бойынша сотпен бірге азаматтарды қабылдауға қатыстым. Сотқа келіп түскен талап арыздары бойынша істерді тыңдауға дайындау кезінде орындалуы тиіс әрекеттер жөнінде судьяға өз пікірлерімді білдірдім. Тыңдауға тағайындалған азаматтық және қылмыстық істермен танысым, сонымен қатар айыпталушы әрекеттерін саралау жөнінде, т.б. мәселелер жөнінде өз пікірлерімді білдірдім.
Тыңдауға тағайындалған азаматтық және қылмыстық істермен таныстым, азаматтық және қылмыстық істерді қарауға даярлаумен байланысты (сотқа шақыру қағаздарын, айыптау қорытындысының көшірмелерін жіберу,) өзге әрекеттерді жүргіздім. Істерді қарау кезінде сот мәжілісіне қатысып, талапкер мен жауапкердің түсіндірмелерінің мазмұнын, сотталушының, куәлардың айғақтарын, прокурордың қорытындыларын жазып, тіркедім. Осы мәліметтердің негізінде сот шешімдерінің, үкімдерінің, хаттамалар мен ұйғарымдардың жобаларын жасадым.
Процессуалдық құжаттардың жобалары танысу үшін судьяға ұсындым.
Судьяның тапсыруы бойынша мен алдын ала тыңдауға жататын қылмыстық істермен таныстым, судьяға өзімнің тұжырымдарымды білдіреді (қылмыстық іс бойынша ж.ргізілген тергеу әрекеттерінің толықтығы туралы, қылмыстарды саралаудың дұрыстығы туралы, т.б.), судьяның басты сот талқылауын тағайындау туралы, сондай-ақ істі алдын ала тыңдауды тағайындау туралы қаулылардың жобасын жасап ұсындым.
Мен сотқа келіп түскен апелляциялық шағымдар және наразылықтармен таныстым, сонымен қатар азаматтық және қылмыстық істерді 2-ші деңгейдегі апелляциялық сатыда қарауға қатыстым.
Іс ж.ргізуді ұйымдастыру және орындаумен, статистикалық есептілік және архив жұмысымен, заңнамалар мен сот тәжірибесі жөнінде анықтамалық жұмыстармен таныстым.
Сот орындаушысының қарамағында тәжірибе өту.
Сот орындаушысының қарамағында тәжірибе өту кезінде мен атқару құжаттарын жүргізу, есепке алу және сақтау тәртібімен, ақша есептілігімен, ақшаны есепке алу, талап етушілердің ақша алу тәртібімен таныстым, сот орындаушысының азаматтарды қабылдауына қатыстым. Сот орындаушысының тапсырмасы бойынша атқару әрекеттерін жүзеге асыруға және оларды тиісті құжаттармен рәсімдеуге қатыстым, мүлікті тәркілеу туралы үкімді орындау және азаматтық талапты қанағаттандыру бойынша жазбалар жүргіздім. Мен шешімдерді орындау тәртібі туралы қолданыстағы нұсқауларды және сот шешімдерін орындауға қатысты өзге де нұсқаулық материалдарды оқып-зерттедім.
Аудандық сотта өндірістік тәжірибе өту кезінде мен ол құжаттардың бір данасы тәжірибе өту туралы есепке тіркелуі тиіс болатын мынадай процессуалдық құжаттарды құрастырдым:
- азаматтық істер бойынша: талап арызын қабылдаудан бас тарту туралы, талапты қамтамасыз ету туралы, істі сот талқылауына даярлау туралы, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы, талап арызын қараусыз қалдыру туралы сот ұйғарымдарының жобалары, сот шешімдері, жеке ұйғарымдар, сот мәжілісінің хаттамалары.
- қылмыстық істер бойынша: ұкімдік мәжілістерді хаттамалары, істі қосымша тергеуге жіберу туралы қаулы, істі сотта тоқтату туралы қаулы, сот мәжілісінің хаттамалары, үкімдер, апелляциялық және қадағалау шағымдары мен наразылықтардың жобалары, жеке қаулылардың жобалары.
Сол күні мен мемлекеттік сот орындаушысына келген документтермен танысып, қалай жасайтынын үйрендім. Атқару парағына қарай документтерді жасайтынын түсіндім. Қаулының қалай жасалатынын үйрендім. Сұраныс хаттардың қалай жасалатын үйрендім. Бүгін мен қылмыстыққа кететін документтердің копиясын жасадым. Бүгін мен ерте келіп жеберген сұраныс хаттарымды жауаптарын документтерге салып қойдым. Мен жаңадан түскен құжаттарды, атқарушылық құжатты қозғау туралы қаулы шығардым. Борышкердің тұрғылықты жері бойынша хабарлама жеберіп үйрендім. Бүгін бюджетке қарыз борышкерлерге қонырау шалып олардың сот шешімін орындауын талап еттім. Бүгін мен атқарушылық іс жүргізуді қысқарту туралы қаулымен танысып қалай жасалатыны үйрендім. Борышкерге қандай жағдайда іздеу салатынын білдім. Қандай жағдайда атқарушылық іс жүргізуді тоқтатудың негізгі болып табылатын мән-жайлармен таныстым. Қалай атқарушылық іс жүргізуі жүзеге асады екенін біліп үйрендім. Борышкерге іздеу салғанда қандай орган жүзеге асыратынын білдім. Атқарушылық әрекеттерді орындау мерзімдері қанша екенін білдім.
Атқарушылық іс қозғау туралы қандай құжат шығарылады екенін үйрендім. Атқару құжаты келіп түскеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірілмей, мемлекеттік сот орындаушысы қозғайтынын білдім. Атқару құжаттары болып Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес берілетін сот бұйрықтары екенін білдім. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру немесе тоқтату жайлы қаулы шығарылатын білдім. Атқару құжаты өндіріп алушының арызы бойынша қайтарылатынын блдім. Атқарушылық іс жүргізуге байланысты әрекеттерді орындау кезінде және заңдарда көзделген өзгеде жағдайларда шақырылатынын білдім. Бүгін мен мемлекеттік сот орындаушысымен тыйым салынған машинаны алуға қатыстым жәңе оның қалай жасалатынын көрдім. Атқарушылық әрекеттер борышкердің тұрғылықты жері бойынша немесе жұмыс орны бойынша, не оның мүлкі тұрған жері бойынша жасалатынын білдім. Бүгін мен мемлекеттік органдардан келген жауаптпрды салып, атқарушылық істі қозғау туралы қаулылар шығардым.
Бүгін мен сот орындаушысына қойылатын талаптарды көрдім, үйрендім. Алимент төлеу жөніндегі берешекті өндіріп алу тәртібі туралы білдім. Борышкердің жалақысынан және өзге де табыс көздеріне өндіріп алу туралы қаулыны шығардым.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 362 бабына сәйкес сот үкімдері мен сот шешіміндерін немесе өзгеде орындамау қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын білдім. Борышкердің мүлкін сақтау және сату мәселелеріне қатысып көрдім.Бүгін мен мүлікке тыйым салу туралы қаулының мазмұны және тиым салу тәртібін үйрендім. Атқарушылық әрекеттер жасалатын уақытын білдім. Атқарушылық әрекеттер жасалатын жерлерді білдім. Атқару құжатын қандай жағдайда қайтаратынын білдім. Атқарушылық іс жүргізудегі тараптардын кім екенін білдім. Өндіріп алушы және борышкер. Атқарушылық санкциясын қандай жағдайда өндіріп алатын көрдім. Мен бүгін мемлекеттік сот орындаушылар мен бірге боршкердің үйіне барып мүлкіне опись жасап кеттік яғни оған предложение беріп кеттік, белгілі бір кақытта сол соманы борышкер төлемесе бар мүлкін алып кететімізді ескеттк. Бүгін біз тыйым салынған машинаны алдық. Атқарушылық іс жүргізу дегеніміз - бұл соттар мен басқа да органдардың қаулыларын орындау үшін сот орындаушыларының және сот приставтарының өзге де органдардан ұйымдар мен лауазымды адамдардан және азаматтардан ақшалай сомалар мен мүліктерді өндіріп алу қызметін жүзеге асыруын айтамыз. Атқарушылық іс жүргізу азаматтық іс жүргізудің соңғы қортынды сатысы болып саналады. Өйткені Азаматтық іс жүргізуге қатысушылар мен сот, іс бойынша шешім шығып ол заңды күшіне енгеннен кейін іс атқару өндірісіне келіп түседі, Атқару өндірісінде іс жүргізу органдары мен тараптарда өзгереді. Азаматтық іс жүргізу заңы бойынша Атқару өндірісі соңғы тарау болып қарастырылады. Азаматтардың бұзылған құқықтары мен даулы мәселелерін қалпына келтіру тек соттың шешім шығаруымен бітпейді. Көптеген жағдайларда сот шығарған шешімдер нақты орындауды талап етеді. Орындалған шешімдер ғана азаматтар мен ұйымдардын бұзылған құқықтары мен бостандықтарын заңды мүдделерін қалпына келтірудің көрінісі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет