Қазақстан Республикасының Заңы



бет20/31
Дата26.08.2017
өлшемі4,55 Mb.
#28652
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31

14-баптың 2-тармағының 34) тармақшасы алып тасталсын;

2) 58-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«58-бап. Кiрме жол бойынша жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру ерекшелiктерi

1. Мемлекеттік көлiктік бақылау органы кiрме жолда жүру қауiпсiздiгiне, жылжымалы составтың, контейнерлердiң, жүктердiң сақталуына қатер төндiретiн ақауларды байқаған кезде анықталған бұзушылықтар туралы акт жасалады.

Тармақ иеленушi көрсетілген актiнiң негiзiнде кiрме жолдар қызметтерін көрсетуді тоқтата тұруға мiндеттi.

Уәкілетті органның жазбаша хабарламасы негізінде Ұлттық инфрақұрылым операторы кiрме жолдарға жылжымалы составты берудi және оны алып кетудi тоқтатады.

2. Тармақ иеленушi анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.

Кiрме жолды пайдалануды қайта бастауға уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде жол берiледi.

Уәкілетті орган кiрме жолды пайдалануды қайта бастау туралы шешім қабылданған кезден бастап Ұлттық инфрақұрылым операторын жазбаша хабардар етеді.

3. Анықталған бұзушылықтарды актiде көрсетiлген мерзiмдерде жоймағаны үшін тармақ иеленушi Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

Аталған жағдайда тармақ иеленушi шарттар бойынша, оның iшiнде контрагентпен жасалған шарт бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн толық мүлiктiк жауаптылықта болады.»;

3) 66-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;

4) 66-1-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Тасымалдаушылардың Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:»;

5) 76-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:



«9. Тасымалдау шарты бұзылған жағдайда, Кеден одағының басқа тасымалдаушысынан жүкті тасымалдауға қабылдаған тасымалдаушы кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес жүктерді халықаралық тасымалдау кезінде жоғалған, жеткізілмеген жүкке кедендік баждар мен салықтарды төлеуге жауапты болады.»;

6) 89-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:



«Заңды тұлғадан түсетін кінә қоюға ұйымның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам қол қояды және ол мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады.».

41. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар):

6-баптың 3-тармағы алып тасталсын.

42. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар):

6-баптың 1-тармағының 26) тармақшасы алып тасталсын.

43. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

6-баптың 15-2) тармақшасы алып тасталсын.

44. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж.,№ 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат;№ 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2014 жылғы 13 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын мемлекеттік кіріс органдарына беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

8-баптың 43) тармақшасы алып тасталсын.

45. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 173-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 г., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат):

7-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын.

46. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

5-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын.

47. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 6, 46-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):



1) 1-баптың 11-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 «11-1) инвесторлар үшін «бір терезе» - инвесторлардың құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеуді көздейтін, инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуда уәкілетті орган тарапынан жәрдемдесудің орталықтандырылған нысаны;»;

2) 12-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«2-1. Уәкілетті орган инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторлармен инвесторлар үшін «бір терезе» жасау және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы өзара іс-қимыл жасайды.»;

3) мынадай мазмұндағы 12-2-баппен толықтырылсын:



«12-2-бап. Инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторларға мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде жәрдем көрсету

1. Инвесторлар үшін «бір терезе» жасау және оның жұмыс істеуі үшін уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдауға және олардың нәтижелерін инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторларға немесе олардың заңды өкілдеріне беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған арнайы бөлінген орынды ұйымдастырады.

Бұдан басқа уәкілетті орган инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторларға немесе олардың өкілдеріне қатысты:

1) бұрыннан бар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша қабылдауды және консультация беруді;

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін қажетті құжаттарды дайындау мен ресімдеуге көмектесуді;

3) электрондық цифрлық қолтаңбаны, электрондық өтініштер мен басқа да құжаттарды ресімдеуге көмектесуді;

4) осы бапта айқындалған тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алған кезде орталық және жергілікті атқарушы органдарда инвестициялық басым жобаны қолдауды жүзеге асырады.

2. Инвесторлар үшін «бір терезе» қызметін ұйымдастыру туралы қағидаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және онда:

1) инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторларды немесе олардың заңды өкілдерін қабылдауды және консультация беруді жүзеге асыру;

2) мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторларға немесе олардың заңды өкілдеріне беру;

3) уәкілетті орган мен мемлекеттік органдар арасында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

4) уәкілетті органның инвестициялық басым жобаны мемлекеттік органдарда қолдауы;

5) инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторлар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету процесін мониторингілеу тәртібі көзделуге тиіс.

3. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты мемлекеттік органдармен бірлескен бұйрықпен инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторларға мемлекеттік қызметтер көрсету шеңберінде өзара іс-қимыл жасау және уәкілетті органның инвестициялық басым жобаны мемлекеттік органдарда қолдауы үшін жауапты тұлғаларды айқындайды.

4. Уәкілетті орган инвесторлар үшін «бір терезе» шеңберінде орталық және жергілікті атқарушы органдар алдында инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвестордың өтінішін қарау туралы өтінішхат беруге және инвнсторлардың құжаттарын мемлекеттік органдарға енгізуге құқылы.»;

4) 14-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;

5) 15-баптың 3-тармағында:

1) тармақшаның екінші абзацы алып тасталсын;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің үлесі жиырма бес пайыздан аспаса беріледі.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің қатысуы инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімді құрайды. Бес жыл ішінде мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан шығуға міндетті. Бұл талап орындалмаған жағдайда, инвестициялық преференцияларды қолдану ол (олар) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан толық шыққанға дейін бір жылдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.

Тоқтатыла тұрған кезең ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан шығу туралы талапты орындамау инвестициялық келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға және бұрын берілген инвестициялық преференцияларды қайтаруға әкеп соғады;»;

47-тармақтың 6) тармақша 2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді



6)18-5-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Инвестициялық субсидияларды төлеу инвестор инвестициялық міндеттемелерді орындаған кезде, өндірісті инвестициялық келісімшартта белгіленген толық көлемде пайдалануға бергеннен кейін жүзеге асырылады.»;

7) 19-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«3) заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған заңды тұлға жарғысының көшiрмесі;»;

8) 21-1-баптың 6-тармағындағы «екі ай» деген сөздер «үш ай» деген сөздермен ауыстырылсын.

48. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

6-баптың 1-тармағының 28) тармақшасы алып тасталсын.

49. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат):

1) 14-баптың 1-тармағының 10) тармақшасындағы «сатып алуға құқылы.» деген сөздер «сатып алуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

«11) акционерлердің жалпы жиналысының осы Заңда көзделген тәртіппен қоғам акцияларының санын өзгерту туралы немесе олардың түрін өзгерту туралы шешім қабылдауына қатысуға құқылы.»;

2) 36-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«2. Осы баптың 1-тармағының 1-1), 2), 3) және 14) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмдерi қоғамның дауыс беретiн акцияларының жалпы санының айқын басым көпшілігімен, ал инвестициялық жекешелендiру қорын қайта құру нәтижесiнде құрылған қоғамда - қоғамның жиналыста өкiлдiк еткен дауыс беретiн акцияларының айқын басым көпшілігімен қабылданады.

Егер осы Заңда өзгеше белгiленбесе, акционерлердiң жалпы жиналысының өзге мәселелер бойынша шешiмдерi қоғамның дауыс беруге қатысушы дауыс беретiн акцияларының жалпы санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады.»;

3) 49-баптың 6-тармағының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:



«Заңды тұлға - акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетенге оның басшысы қол қоюға және заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) куәландырылуға тиіс.

Жеке тұлға - акционердің не заңды тұлға - акционер басшысының қолы қойылмаған, сондай-ақ заңды тұлғаның мөрі жоқ (ол болған кезде) бюллетень жарамсыз деп есептеледі.»;

4) 58-баптың 6-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:



«Директорлар кеңесінің хатшысы директорлар кеңесі мүшесінің талап етуі бойынша оған директорлар кеңесі отырысының хаттамасын және сырттай дауыс беру арқылы қабылданған шешімдерді танысу үшін беруге және (немесе) оған хаттама мен шешімдердің қоғамның уәкілетті қызметкері қол қойып және қоғам мөрінің (ол болған кезде) бедерімен куәландырылған үзінді көшірмелерін беруге міндетті.»;

5) 70-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:



«Кредиторларға, жұртшылық пен акционерлерге ақпарат беру мақсатында, қоғам директорлар кеңесi қоғамның iрi мәмiле жасасуы туралы шешiмдi қабылдағаннан кейiн үш жұмыс күні iшiнде мәмiле туралы қазақ және орыс тілдеріндегі хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға мiндеттi.»;

6) 72-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



 «1) үш жұмыс күні ішінде, олардың мәмiле тараптары болып табылатындығы немесе оған өкiл немесе делдал ретiнде қатысатындығы туралы;»;

7) 74-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Iрi мәмiленi және мүдделiлiк болуына орай жасалатын мәмiленi жасау кезiнде осы Заңда көзделген талаптарды сақтамау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, өзге де мәмілелер жасау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздерде, мүдделi тұлғалардың талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен осы мәмiлелердi жарамсыз деп тануға әкеп соғуы мүмкін.»;

8) 76-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:



«Iрi мәмiле және (немесе) мүдделiлiк болуына орай жасалатын мәмiле туралы ақпарат қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес жылдық қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазбада жария етiледi, сондай-ақ осы Заңның 79-бабының талаптарына сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізіледі.»;

9) 79-бапта:



2-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2-2. Қоғам депозитарийдiң интернет-ресурсында Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептiлiкті, корпоративтiк оқиғалар туралы ақпаратты, қоғамның жылдық қаржылық есептiлiгiн және аудиторлық есептерді, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде орналастыруды қамтамасыз етедi.»;

3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында ақпаратты жариялау (акционерлердің назарына жеткізу) мерзімдері көзделмесе, осы ақпарат пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жарияланады (акционерлердің назарына жеткізіледі).»;

10) 82-баптың 6-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:



«Өткiзу актiсiне атқарушы органдардың басшылары мен қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың бас бухгалтерлерi қол қояды және қоғамдардың мөрлерiмен (олар болған кезде) куәландырылады.»;

11) 83-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:



 «Біріктірілетін қоғамның барлық акциялары сатып алынғаннан кейiн аталған акциялар жойылады, ал біріктірілетін қоғамның мүлкi, құқықтары мен мiндеттерi атқарушы орган басшылары мен қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың бас бухгалтерлерi қол қойған және қоғамдардың мөрлерiмен (олар болған кезде) куәландырылған өткiзу актiсiне сәйкес біріктірілу жүзеге асырылатын қоғамға берiледi.».

50. «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет