Жобаның жекелеген бөлімдері (бөліктері) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жергілікті қорытындылары жобалау-сметалық құжаттаманы тұтастай бекіту үшін негіздер болып табылмайды, бірақ жиынтық сараптама қорытындысының құрамында пайдаланылады. Техникалық зерттеп-қарау нәтижелері негізінде объектідегі тозған элементтерді немесе инженерлік жүйелерді ауыстыру арқылы пайдалану сапаларын қалпына келтіру мақсатында күрделі жөндеу жүргізу үшін сметалық құжаттаманы әзірлеу ғана талап етілетін жағдайларға, бұл талап қолданылмайды.
3. Міндетті түрде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді талап етпейтін құрылыс жобаларына осы сараптаманы тапсырыс берушінің шешімі бойынша аккредиттелген сараптама ұйымы да жүргізуі мүмкін.
38-тармақтың 21) тармақшасының жетпіс үшінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
4. Аккредиттелген сараптама ұйымдары, осы Заңда көзделген сараптама қызметін қоспағанда, қандай да бір өзге қызметпен айналысуға құқылы емес.
64-6-бап. Құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сарапшылар
1. Құрылыс объектілерін жобалау саласында сараптама қызметімен айналысу құқығына аттестат алу үшін жеке тұлғаның тиісті мамандық бойынша жоғары білімі, объектілер құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемелердің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімі (бөлігі) бойынша жобалау саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуға және аттестаттаудан өтуі тиіс.
2. Үш жыл бойы практикалық сараптама қызметімен айналыспаған аттестатталған сарапшы қайта аттестаттаудан өткеннен кейін ғана сараптама қызметін жүзеге асыруға жіберіледі.
Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткенге дейін осы Заңның 38-тармағының 21) тармақшасының жетпіс жетінші абзацының қолданысы тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады
3. Сарапшыларды басқа аккредиттелген немесе мемлекеттік сараптама ұйымымен жасалған шарт бойынша штаттан тыс сарапшылар ретінде тарту, сондай-ақ сараптама ұйымы басшылығының тапсырмасы бойынша жобаның жекелеген бөлімдеріне (бөліктеріне) сараптамалар орындау жағдайларын қоспағанда, олар сараптама қызметін жеке-дара жүзеге асыруға құқылы емес.
64-7-бап. Аккредиттелген сараптама ұйымдарын және аттестатталған сарапшыларды есепке алу
Аккредиттелген сараптама ұйымдарын және аттестатталған сарапшыларды есепке алу тізілімдерді жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімі заңды тұлғаның деректемелері, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі туралы, жобалардың әртүрлі бөлімдеріне сараптама бойынша мамандандырылған аттестатталған сарапшылардың штатта бар-жоғы туралы ақпарат жиынтығын, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, қолданылған жауаптылық шаралары туралы мәліметтерді қамтиды.
Аттестатталған сарапшылардың тізілімі сарапшының жеке деректері, аттестаттың берілген күні мен нөмірі туралы, мамандануы, білімі және кәсібі бойынша жұмыс өтілі туралы ақпарат жиынтығын, сондай-ақ сарапшыға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, қолданылған жауаптылық шаралары туралы, оның ішінде сарапшыны жосықсыз деп тани отырып аттестатынан айыру туралы мәліметтерді қамтиды.
64-8-бап. Сараптама қызметі субъектілерінің құқықтары, міндеттері және жауаптылығы
1. Сараптама ұйымдарының құқықтары мен міндеттері осы Заңда және өз жарғыларында белгіленеді.
2. Сарапшы:
1) сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) құрамында аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жобаның бөліміне (бөлігіне) тапсырыс берушілерден және оны әзірлеушілерден қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
3) аттестатта көрсетілген кәсіптік мамандануына сәйкес жобалардың жекелеген бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптаманы жүзеге асыруға, олар бойынша сараптама қорытындысының тиісті бөліктерін жасауға, тапсырыс беруші кері қайтарып алынатын сараптама қорытындыларының түйіндерінде ескертілген шарттарды (талаптарды) орындамаған жағдайларда, сараптама ұйымының бұрын берілген қорытындыларды кері қайтарып алуына бастамашы болуға құқылы. Жобаның жекелеген бөлімдері (бөліктері) бойынша сарапшы жасаған жергілікті қорытындылар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын тұтастай бекітуге негіздер болып табылмайды, бірақ жиынтық сараптама қорытындысының құрамында пайдаланылады;
4) педагогикалық, ғылыми және (немесе) өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға құқылы.
3. Сарапшыға:
1) дайындауға сарапшының өзі тікелей немесе жанама қатысқан не жұбайының (зайыбының) және (немесе) жақын туыстарының қатысуымен орындалған жобалар бойынша сараптама жүргізуге;
2) кәсіпкерлік қызметтің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметімен байланысты өзге де түрлерімен айналысуға;
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің өзге де субъектілерімен еңбек, қаржылық және (немесе) басқа да тәуелді қатынастарда болуға тыйым салынады.
4. Сарапшы:
1) кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарының біреуінде штатта тұруға;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қаралатын жобалар бойынша құпиялықты сақтауға және қызметтік және коммерциялық құпияны қамтамасыз етуге;
3) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, аттестат нөмірі және оның берілген күні көрсетілген мөрі болуға;
4) өзінің кәсіптік біліктілігін кезең сайын арттырып отыруға;
5) кәсіптік әдепті сақтауға міндетті.
5. Сараптаманың сапасыз жүргізілу фактілері анықталған жағдайларда, сараптама ұйымдары мен сарапшылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Сараптама жүргізілгеннен кейін бекітуге ұсынылған сапасыз жобалар үшін сараптама ұйымдары жобалардың тиісті әзірлеушілерімен қатар жауаптылықта болады.
64-9-бап. Сараптама қызметінің тәуелсіздігі
1. Сарапшылар өз қызметінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен тәуелсіз болады.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, құжаттаманы сараптамаға қабылдау, жобаларды қарау, олар бойынша сараптама қорытындыларын дайындау және ресімдеу барысында сарапшылардың немесе сараптама ұйымдарының жұмысына араласуға ешкім де құқылы емес.
3. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің өзге де субъектілері сарапшылар мен сараптама ұйымдарының кәсіптік қызметіне араласқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
64-10-бап. Сараптама ұйымдарына қойылатын талаптар
1. Сараптама ұйымдарының құрамында жобаның негізгі бөлімдеріне сәйкес мамандандыру бойынша аттестатталған кемінде бес сарапшы болуға тиіс.
2. Сараптама ұйымдары мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттеуден өтуге;
2) іс қағаздарын жүргізу шеңберінде құжаттардың сараптамаға келіп түскен күні мен сараптама қорытындылары берілген күннің есебін жүргізуге міндетті.
64-11-бап. Аккредиттелген сараптама ұйымдарының кәсіптік бірлестігі
1. Палата қызметі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасымен және жарғымен реттеледі.
Кіру жарналарын алуға жол берілмейді.
2. Палатаның жоғары басқару органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы (өкілдер жиналысы) болып табылады.
3. Палатаны басқарудың атқарушы органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы (өкілдер жиналысы) сайлаған басқарма болып табылады.
Палата басқармасының құрамына сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның кемінде үш өкілі де кіреді.
4. Палатаның функцияларына:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қорғау;
2) сараптама ұйымдарын аккредиттеу және аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізу;
3) сарапшылардың біліктілігін арттырудың тұрақты жұмыс істейтін курстарын өткізу;
4) сарапшылар мен сараптама ұйымдары жұмысының оң тәжірибесіне талдау жүргізу, оны қорыту және тарату;
5) сарапшылардың әдеп кодексін әзірлеу және оның сақталуын тексеру;
6) жарғыда көзделген өзге де функциялар жатады.
5. Палата өзінің интернет-ресурсында аккредиттелген сараптама ұйымдары туралы ақпаратты орналастырады.»;
22) 66-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер мердiгерді таңдау жөніндегi конкурс (тендер) шарттарында инвестицияларға негіздемелер жасау және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзiрлеу тапсырыс берушінің мiндетiне кiретіні айқындалса, онда мердiгерлiк жұмыстарға конкурс (тендер) өткiзу кезiнде тапсырыс берушіде қажеттi мiндетті ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен, белгiленген тәртiппен бекiтiлген инвестициялар негіздемесі мен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы болуы мiндеттi.»;
23) 68-баптың 10 және 11-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жобалауға арналған тапсырмаға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына және өзге де бастапқы материалдарға сәйкес әзiрленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы мемлекеттiк нормативтiк құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келiсуден, ведомстводан тыс кешенді сараптамадан және бекiтуден өтеді.
Құжаттамаға сараптама осы Заңның 9-1-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
11. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастағанға дейін тапсырыс беруші мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар беруге міндетті.
Бұл ретте, жобалаушы техникалық жағынан күрделі емес объектілерді энергиямен жабдықтау желілеріне қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабар беруге құқылы.»;
24) тармақша 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
24) 73-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«73-бап. Объектілерді пайдалануға қабылдау және беру тәртібіне қойылатын жалпы талаптар
1. Салынған объектілерді қабылдау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және осы Заңмен реттеледі.
2. Тапсырыс беруші салынған объектiнi пайдалануға қабылдауды және беруді бекiтiлген жобаға сәйкес ол толық әзір болған және сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар болған кезде жүргiзедi.
Осы Заңның 74-бабында көзделген жекелеген жағдайларда, салынған объектiнi пайдалануға қабылдауды меншiк иесi (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) дербес жүргiзедi.
3. Құрылысы аяқталмаған объектілерді пайдалануға қабылдау және беру кезінде құрылысқа қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актімен ресімделеді.
Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi бекiтілуге жатады. Қабылдау актісін бекітуді тапсырыс беруші жүргізеді.
Тапсырыс беруші объектiнi пайдалануға қабылдау актісін бекіткен күн объектiнiң пайдалануға берiлген күнi деп есептеледi.
5. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісіне сәйкестік туралы декларацияның және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындылардың негізінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын адамдар қол қояды.
Объект бұзушылықтармен және құрылыс шалағайлықтарымен пайдалануға қабылданған жағдайда, объектіні пайдалануға қабылдауға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
6. Объектіні пайдалануға қабылдауға қатысушылардың міндеттеріне:
1) құрылысы аяқталған объектінің әзірлігін анықтау және құжаттамалық растау;
2) орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының және монтаждалған технологиялық, инженерлік немесе өзге де жабдықтың белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына, нормативтік талаптарға (шарттарға, шектеулерге) сәйкестігін бағалау;
3) жұмыстарды орындаушының бекітілген жобаның нормативтік талаптарын сақтау бойынша не ауытқулардың бар-жоғы бойынша іс-қимылын белгілеу және оларды мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртіппен келісу;
4) объектінің қолданысқа енгізілетін қуатының (сыйымдылығының, өткізу қабілетінің) жобада бекітілген көрсеткіштерге сәйкестігін белгілеу;
5) сәулет-құрылыс, инженерлік және технологиялық шешімдердің, сондай-ақ тұтастай объектінің прогрессивтілігін бағалау;
6) монтаждалған технологиялық жабдық пен инженерлік жүйелерді бақылап сынамалау мен сынақ жүргізу;
7) объектi пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, тапсырыс берушіге тиісті уәжді қорытынды беру кіреді.
7. Объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісі болмайынша салынған объектіні пайдалануға жол берілмейді.
8. Тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінде тіркелген, объектіні пайдалануға қабылдаудың бекiтiлген актiсi жылжымайтын мүлікке құқықтарды тiркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органда объектiнi тiркеу үшiн негiз болып табылады.»;
25) 74-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тіреу және қоршау конструкцияларын өзгертуге байланысты емес, бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жоспарлау арқылы реконструкциялауды;»;
26) тармақша 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
26) 75-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«75-бап. Объектілерді пайдалануға қабылдау тәртібі
1. Мердігерден (бас мердігерден) объектіні қабылдауды техникалық және авторлық қадағалаулармен бірлесіп тапсырыс беруші жүзеге асырады.
2. Мердігерден (бас мердігерден) объектінің пайдалануға қабылдауға әзірлігі туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейін тапсырыс беруші объектіні пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады.
3. Мердігерден (бас мердігерден) объектінің әзірлігі туралы хабарлама алған күннен бастап тапсырыс беруші мердігерден (бас мердігерден), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан сәйкестік туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды сұратады.
Мердігер (бас мердігер) мен техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушіден сауалды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сәйкестік туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды не теріс қорытындыларды ұсынады.
4. Тапсырыс беруші сәйкестік туралы декларацияның, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың негізінде мердігермен (бас мердігермен), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалармен бірлесіп, атқарушылық техникалық құжаттаманың бар-жоғы және жинақталымы тұрғысынан тексеруге, объектіні қарап-тексеруге және оны тиісті акті бойынша пайдалануға қабылдауға міндетті.
5. Бекітілген жобалық шешімдерді және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерді бұзушылықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ теріс қорытындылар болған кезде тапсырыс беруші объектіні мердігер (бас мердігер) бұзушылықтарды жойғаннан кейін пайдалануға қабылдайды.
Анықталған бұзушылықтар жойылған кезде объектіні пайдалануға қабылдау осы бапта белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Тапсырыс берушіге жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сәйкестік туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың сәйкестігі туралы қорытындыларды ұсыну - жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердігерлікті орындаушылардан, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан объектіні жобалау, салу, пайдалануға қабылдау және беру кезінде орындаған жұмыстары үшін жауаптылықтан босатпайды.»;
27) тармақша 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
27) 76, 77 және 78-баптар алып тасталсын;
28) 79-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«79-бап. Салынған объектілерді пайдалануға тапсыруға және қабылдауға қатысушылардың жауаптылығы
Тапсырыс берушілерді (инвесторларды, құрылыс салушыларды), техникалық және авторлық қадағалуды жүзеге асыратын тұлғаларды, iздену, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердiгерлiктiң жауапты орындаушыларын, құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын және жабдықтарын дайындаушылар мен берушiлерді қоса алғанда, салынған объектiлердi пайдалануға тапсыруға және қабылдауға қатысушылар, сондай-ақ құрылыстың және жабдықтарды монтаждаудың барысын жедел қадағалау қызметтері және басқа да қатысушылар жiберiлген бұзушылықтар не мiндеттi нормативтiк талаптардан (шарттардан, шектеулерден) ауытқушылықтар салдарынан азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнгені үшін, сондай-ақ мемлекеттiк, қоғамдық немесе жеке мүдделерге залал (зиян) келтiрiлгені үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.».
39. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж.,№ 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 8-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Келісу тәртібі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес бекітілген құрылыс салудың үлгілік қағидаларында айқындалады.»;
2) 14-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жаңа автомобиль жолдарын салу немесе бұрыннан барын реконструкциялау және күрделі жөндеу үшін әзірленген техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылатын, құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге жатады. Жалпыға ортақ пайдаланылатын бұрыннан бар автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттама бойынша автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен ведомстволық сараптама жүргізіледі.».
40. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
Достарыңызбен бөлісу: |