Орындаған: Адай А. С. Қабылдаған: Уалиева П. А. Тобы: s 301 Эукариот жасушасының генетикалық аппараты



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі19,83 Kb.
#85799
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Эукариоттар мен прокариоттардың гендік құрылымы


Реферат


Тақырыбы:Эукариот пен прокариот гендерінің құрылымдары

Орындаған:Адай А.С.
Қабылдаған: Уалиева П.А.
Тобы: S 301

Эукариот жасушасының генетикалық аппараты
Эукариоттар (грек. еu – жақсы, толығымен және karyon – ядро) – құрамында ядросы бар организмдер.Эукариоттарға барлық жоғары сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ бір немесе көп жасушалы балдырлар, саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады. Эукариоттар жасушалары прокариоттармен салыстырғанда құрылысы жағынан күрделі келеді. Эукариот жасушасының генетикалық аппараты жасушалық ядро түрінде бөлектенеді, ішінде басты тұқымқуалаушы – хромосома. Хромосомалар саны түрленуіне қарай екіден (жылқы аскаридасы) мыңға (төменгі сатыдағы өсімдіктер) дейінгі шамада. Эукариот жасушаларында ДНК мөлшері бактериалардан көбірек: ағза түрлеріне қарай мөлшері 104 мен 1011 арасында өзгеріп тұрады. Хромасома сол жасушадағы хромасомадан тыс механизмдермен әрекеттесе отырып, тұқым қуалау ақпаратын сақталуын, оның дұрыс көшіріліп жазылуын реттейді және генетикалық материалдың екі еселенуін, сондай-ақ оның ұрпақтан ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді.
Эукариот геномының басты ерекшеліктерінің бірі – ДНК-ның ақуыздармен структуралық және функционалды байланысы. Оған себепші – генетикалық ақпараттың берілуі мен ақуыздың реттеуші фунциясы болып табылады. Ақуыздар жасуша көбеюіндегі ДНК суперспирализациясында, интерфазалық хромасомалардың қалыптамалық реттеушісі ретінде үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар, ДНК-мен бірге ақуыздар саны синхронды көбейетіндіктен, репликация процессінің уақыты ұзартылады. 1880 жылы Флемминг тірі клеткаларды фиксациялап, негіздік бояуларды жақсы сіңіретін тығыз денешіктерді хроматин деп атады; бұл оның қышқылдық қасиетін көрсетеді. Өйткені хроматиннің құрамында ДНҚ (35-40%), гистонды және гистонды емес ақуыздар (60-65%) болады. Әр организм түрінің жасушаларында оның өзіне тән тұрақты ДНҚ мөлшері бар. Хроматинді құрайтын гистонды ақуыздар 5 түрлі: Н1, Н2А, Н2В, Н3, Н4. Гистонды емес ақуыздар қатарына құрылымдық ақуыздар, реттеуші ақуыздар және фермент молекулалары жатады
Эукариот геномына тән ерекшелік – ақуызды кодтауға керекті ДНК мөлшерінің артықшылығы. Эукариот геномының көлемі өте үлкен болады, себебі ДНҚ молекуласы тек қайталанбайтын ДНҚ-ның негізгі бөлігінен ғана емес, орташа жиілікпен қайталанатын және өте жиі қайталанатын сателитті ДНҚ деп аталатын учаскелерден де тұрады. Орташа жиілікпен қайталану он-жүз шама көшірмеден кездеседі, орташа саны ≈ 300-400 ж.н. Қайталану арасында қайталанбайтын ДНК учаскелері орналасады. Өте жиі қайталанатын ж.н. қысқа ДНК фрагменті ретінде, үлкен мөлшерде (106-ға дейін) көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет