Ќазаќстан Республикасыныѕі білім жјне єылым министрлігі



бет18/120
Дата05.02.2022
өлшемі1,61 Mb.
#22181
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   120
VI – шы апта.


6 кредит сағат
6 дәріс
Тақырыбы: Белдесуді жүргізу тактикасы мен жарыстарға қатынасу тактикасын игеріп, жетілдіре түсу
Палуан белдесуді жүргізу тактикасы мен жарыстарға қатынасу тактикасы жөніндегі білімін, шеберлігін және дағдысын ұдайы кеңейтіп отыруы тиіс. Әрбір айқаста және жарыста спортшы тактикалық жағынан неғұрлым терең және дұрыс ой толғап, әр түрлі жағдайдан тез және дәл қимылдап тол тауып шығып, өзінің тактикалық ойын жүзеге асыра жатып болса, оның жетістіктері соғұрлым жоғары болмақ. Тактика білімін шеберлік, дағды тек бірте-бірте оқу жаттығу жұмыстары арқылы және жарыс кезінде ұдайы жүзеге асырылып отырады.
Күрес тактикасын жетілдіруге, әсіресе, тапсырма беру әдісін пайдалану аса тиімді болып табылады.
Гиоменде палуанның тактикалық шеберлігін жан-жақты жетілдіруге бағытталған шамамен алынған бірнеше тапсырма келтіріп отырмыз. Белдесу мен жарыстарға қатысу тактикасын үйреніп, жетілдіре түскен кезде мынадай негізгі әдістерді пайдаланамыз: жағдайды қайталау, жағдайды өзгертіп отыру, сөзбен жеткізу, көрсету, бақылау, тапсырма беру және көңіл бөлгізу.
Күрес кезінде: әдісті кілемнің шетінде немесе қарсыласпен жақын тұрып орындау, ъқарсыластың шабуылығын алдын алу, жауап ретінде қарсы шабуылға шығу, тактикалық даярлықтың белгілі бір әдістерін төндіру, қайталап шабуылдау, амал қолдануға мәжбүр ету; пайдалану; қарсыластың жіберген кемшіліктерін пайдалану күші; төзімділігі т.б. арқылы басым түсу.
Қарсыластың екпінін басып, оның әрекеттерін шектеп, еркін қимылдатпай, кілемнен шықпай, оның ортасында арқасын беріп тұру. Қарсыласының мықты қорғанысының бұзып, 2-3 немесе одан да көп ұтыс басып алу.
Палуанға шартты түрде бір немесе екі балл ұтып жатырсың деп хабарлап, жоғатқан балдарын қайталауға немесе басымдыққа жетуге тапсыра беру.

  • Айқын басындықпен жеңіске жету. Белдесу кезінде палуанға айқын басымдықпен жеңіске жетуге оған бір немесе екі ұпай жетпейді деп хабарлап, айқасты айқын басымдықпен аяқтау жөнінде тапсырма беру;

  • Айқастың алғашқы бөлімінде 3-4 балл басым түсіп, ал екінші кезеңде қарсыласып жеңу үшін барлық мүмкіндікті пайдалану;

  • Бәсекені бірнеше минуттаң соң екінші рет негізгі бәсекелеспен күресетіндей күйде өткізу; толық бой жазу алмай қалғандай болып өткізу, т.с.с.;

Әр түрлі қарсыластармен күрескенде жеңіске апаратын сенімді жол табу үшін
үлкен өнер көрсетіп, айқастың тактикалық жоспарын жасағанда да, сондай-ақ оны жүзеге асырғанда творчестволықпен қарап, әрдайым қарсыласып өзінің еркіне бағындыруға, инициативаны қасына алып, өзінің тактикасын орындатуға ұлтылуы тиіс.
Тактиканың түрлері.
Палуанның айқаста көрсететін өркениеттерін байланысты тактиканың мынадай негізгі түрлерін ажырата аламыз: шабуылдау, қарсы шабуылдау және қорғану.
1. Шабуылдау тактикасы. Палуанның үлкен белсенділік көрсетуіне салды. Мұндай тактикаға тек еркін тұру, еркін жүріп күресу, әр түрлі тактикалық әдіс-айладан тұратын комбинациялық әрекеттер жасау тән болып келеді.
Шабуылдау тактикасы спортшының физикалық және психологиялық даярлығының жақсы болуын, оның техникалық және тактикалық әр түрлі тәсілдер қолдануын талап етеді. Бұл тактика үздіксіз шабуылдау және ауық-ауық шабуылдау тактикасы болып екіге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет