9 кредит сағат № 9 дәріс Тақырыбы:Қазақша күрес үйрету методикасы. Қазақша күреске оқытып үйрету оқытушылар мен үйретушілердін қызметіне салды. Жаттығу процесі арқылы оқушылардың білімді игеруіне, дағды алуына жағдай жасалады, олардын көзқарасы қалыптасып, одан әрі руына қабілеті артады. Қазақша күреске үйретудің де тәрбиелік мәні бар. Палуанды оқытып, шеберлігін шыңдауда, тәрбиелеуде ұстау жетекші орын алады. Үйрете жүріп ол жас спортшыны коммунистік рухта тәрбиелейді. Жаттықтырушы оның советтік патриотизм, еңбек сүйгіштік, социалистік Отанға берілгендік, жігерін жанады, батыл өжет, табанды болуға үйретеді, принципшіл, қиындыққа төзімді, қарапайым болуға көмектеседі.
Жаттықтырушы палуандардың саналы тәртәптә болып, спорттың режимді сақтауын талап етеді. Ол қазақша күрес жөніндегі оқу-жаттығу және тәрбие жұмысын семьямен, мектеппен, партия және комсомол ұйымдармен тығыз байланыс жасай отырып істейді.
Жаттығу процесі меңгерілетін материалдардың ерекшеліктеріне, оның мақсаты мен міндетіне, оқытушылардың жасы мен квалификациясына сай келетін арнаулы методикалық амалдар қолданыла отырып, педагогикалық негізінде жүргізіледі.
Жаттығу мақсаты мен міндеті: Қазақша күрестегі оқу жаттығу жұмыстарының негізгі мақсаты – спорттызң
Көрсеткіштері жоғары моральдың қасиеттері биік, Отанын қорғауға әзір спортшыны даярлау. Палуандардың жасына және даярлық дәрежесіне қарай оқыту мақсаты нақтылана түсіп, белгілі бағытта болуы мүмкін, мысалы, қазақша күрестен разряды бар спортшылар, жаттықтырушылар немесе төрешілер даярлау. Бұл мақсатқа жету үшін даярлық кезінде мынадай міндеттер орындалады: денсаулықты нығайту, ерік күшін тәрбиелеу және физикалық даярлық, қазақша күрес жөніндегі теориялық білімді игеру, техника мен тактиканы игеру, төрешілік етуді үйрену т.б.
Жаттығу принциптері: Қазақша күреске үйреткен кезде жаттықтырушы саналық, белсенділік, ұдайылық, көрнектілік, түсініктілік, білімді терен меңгеру сияқты дидактикалық принциптерді пайдаланады. Жаттығу мақсаты мен міндеті: Қазақша күрестегі оқу – жаттығу жұмыстарының негізгі мақсаты – спорттық көрсеткіштері жоғары моральдық қасиеттері биік, Отанын қорғауға әзір спортшы даярлау. Палуандардың жасына және даярлық дәрежесіне қарай оқыту мақсаты нақтылана түсіп, белгілі бағытта болуы мүмкін, мысалы, қазақша күрестен разряды бар спортшылар, жаттықтырушылар немесе төрешілер даярлау. Бұл мақсатқа жету үшін даярлық кезінде мынадай міндеттер орындалады: денсаулықты нығайту, ерік күшін тәрбиелеу және физикалық даярлық, қазақша күрес жөніндегі теориялық білімді игеру, техника мен тактиканы игеру, төрешілік етуді үйрену т.б.
Жаттығу принциптері: Қазақша күреске үйреткен кезде жаттықтырушы саналық, белсенділік, ұдайылық, көрнектілік, түсініктілік, білімді терең меңгеру сияқты дидактикалық принциптерді пайдаланады.
Саналылық: Қазақша күресті оқыту жемісті болу үшін онымен айналысам деушілер оған міндетті түрде қызығуы керек. Сондықтан жаттықтырушы жаттығу процесінде әрбір спортшы саналы түрде, әрі белсенді қатысатындай етіп өткізуі тиіс. Бұл үшін олардың алдына міндет қойып, оны орындағанда не нәрсеге қол жететіндігін түсіндіру керек. Әдістерді үйреткенде оның қашан және қандай жағдайда орындалуы мүмкін екендігін, оны орындағанда не нәрсеге қол жететіндігін түсіндіру керек. Әдістерді үйреткенде оның қашан және қандай жағдайда орындалуы мүмкін екендігін, оны орындағанда қандай нәтижеге жетуге болатындығын айтуы қажет. Сонымен қатар спортшының алдына қойылған міндетті қайткенде орындап шыға алатындығын көрсетіп беруі керек.
Оқыту әдістері
Оқыту әдістері дегеніміз жаттығушылардың алдарына қойған міндеттерін
ұстаздың орындатқыза алатын жолдары. Палуанға әдісті орындауына көмектесуге және оның ақырғы нәтижеге жетуіне ықпал етуіне бағытталған оқытушының әрекеттері методикалық амалдар деп аталады. Оқу процесін ұйымдастырғанда оқытушы сөзбен жеткізу, көрсету, жаттығу, ойын әдістерін қолданады. Бұл әдістер жеке-жеке барлық жағдайда да қолайлы бола бермейді, сондықтан оқытушы оларды ұштастырып пайдаланады. Қай әдісті таңдап алу оқу материалының мазмұнына (теориялық немесе практикалық) педагогикалық міндетке (үйрену немесе жетілдіру) палуанның даярлық дәрежесіне (жаңа бастап жүрген немесе разряды бар) оқудың жағдайына байланысты.
Сөзбен жеткізу. Лекция, әңгімелесу, түсіндіру, қазақша күреске ауызша оқытудың негізгі түрлері болып табылады.
Лекция. Қазақша күрес программасының теориялық материалдарының маңызды тақырыптарын ауызша баяндау үшін қолданылады. Белгілі бір тақырыпқа лекция оқу үшін жоспар жасалады: түсіндірілетін негізгі мәселелер белгіленеді, лекцияның тезисі – палуандарға айтылатын негізгі мәселелер мен ойлардың қысқаша анықтамасы жасалады. Лекциянын басында негізгі ойлар айтылынып, оларды оқушылардын жазып алуларына мүмкіндік беріледі. Лекциянын соңында айтылған ойлар мен мәселелер тұжырымдалып, осы тақырыпты палуандар терең оқып-үйрене алуы үшін қажетті әдебиеттін тізімі беріледі.
Көрсету әдістері. Қазақша күрес әдістерін көрсету үшін спортшыларды пайдаланады. Бір жағдайда ұстаз қандай да болмасын әдістің қалай орындалатындығын өзі көрсетсе екінші жағдайда жаттығушының өзі арқылы көрсетіп, оны орындауды денесімен сезуіне мүмкіндік береді. Мұндай көрсету техникалық жағынан палуан әдіс туралы толық түсінік алғаннан кейін онынан жақты оқып, үйреніп, жетілдіре түсуге кірісуіне болады.
3. Әдістерді күрес жөніндегі әдебиеттерден оқып үйренуге, қазақша күрестен өткен жарыстарда қарап білуге болады. Бұл кезде палуандар әдіс жөнінде түсінік алады. Сонымен қатар палуандар өздері үйреніп жатқан әдістерге саналылықпен қарау үшін оларды бұның алдындағы сабақтарда үйреніп, жетілдірген таныс әрекеттерменг байланыстырып отыру қажет.
Еліктеу жаттығулары мыналар деп есептеуге болады: тіке тұрған кезде аяқты оңға әрі алға қарай созып, кеудемен құлау.
Бір әдісте бірнеше үйлесімді қимылдар жасауға тұра келетін жағдайда ол әдіс бөліп-бөліп (элементтері бойынша) үйретіледі.