Ќазаќстан Республикасыныѕі білім жјне єылым министрлігі



бет24/120
Дата05.02.2022
өлшемі1,61 Mb.
#22181
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   120
VIII – ші апта


8 кредит сағат
8 дәріс
Тақырыбы: Төрешілік ету ережелері
Палуанның лақтыру тәсілін бағалағанда ең алдымен түрегеп тұрып лақтыруы ма, тізерлеп отырып лақтырды ма, немесе құлай лақтырды ма, оған қарамастан техникасы ғана ескеріледі.
Егер палуан өнер көрсету үстінде қорынмен, тоізерлеп қалса, аяқ қолын тіреп қалса, ол амалға баға берілмейді.
Күрес арасындағы демалыс 6 минуттан кем болмауы тиіс.
Күрестің басталуы және аяқталуы.
Белдесу басталар алдында және көкпен белгіленген диагональ бойынша қарама-қарсы бұрышта тұрады. Кілемдегі төреші белгі бергеннен киін палуандар кілемнің ортасына шығып қол алысады да, содан соң қайтадан орындарына барады. Арбитордың ысқырығынан соң палуандар кілемнің ортасына қайта шығып белдесуді бастайды. Белдесу аяқталғаннан соң палуандар кілемнің ортасына арбитордың екі жағына шығып тұрады.Нәтиже хабарланғаннан кейін және жеңімпаздың қолы жоғары көтерілгеннен соң палуандар тағы да қол алысып, кілемнің үстінен кетеді.
Белдесудің барысы және ұзақтығы.
Күрес гонг соғылғанда басталып-аяқталады және арбитірдің ысқырығы бойынша палуандар қандай жағдайда болса да тоқтатылады.
Спортшеберлері 1,2 және 3 разрядты спортшылар үшін жарыстың ұзақтығы 6 мин. Жаңадан бастап жүрген палуандар мен екі топтағы жастар үшін де жарыс ұзақтығы 4 мин. Осы уақыт бойынша күрес екі палуанның бірі жеңілгенше жүреді. Күрес кезінде палуандар орбитрдің рұқсатынсыз алаңнан кете алмайды. Палуанның бірі жарақаттанса және киімдерінде олпы-солпылық болса, белдесу тоқтатылады, бірақ әрбір палуан үшін бүкіл күрес бойынша мұндай тоқтауға 2 минуттан артық уақыт берілмейді. Егер 3 мин. өткеннен кейін де палуан жарысты жалғастыра алмайтын болса, ол жеңілді деп есептеледі. Егер бір белдесу бойы оны палуанның тек біреуі тоқтата беретін болса, оның барлық тоқтатқан уақыты қосылып есептеледі, ол 3 мин. аспауы тиіс.
Белдесудің нәтижесі. Күресі екі палуанның бірінің жеңісімен, екіншісінің жеңілуі мен немесе екі палуанның да жеңілуімен аяқталуы мүмкін. Ережені бұзғандары үшін екі палуан кілемнен аласталған жағдайда олардың екеуі де таза жеңіліске ұшыраған болады. Палуанның күресте таза жеңіліске жетуі айқын басымдық пен ұпай санымен жеңіп шығуы мүмкін.
Таза жеңіс мынадай жағдайларда палуан таза жеңіске жетеді.
Қарсыласының қос жауырыны кілемге тисе және ол арқасымен кілемге аунап түссе.
Ережені бұзғаны үшін қарсыласы айқастан шығарылса:
Алған жарақатына т.б. байланысты қарсылас айқастан бас тартса.
Екінші рет шақырғаннан кейін 3 мин. ішінде кілемге шықпаса.
Айқын басымдықпен жеңу. Егер күрестің барысында палуанның бірі қарсыласынан 9 ұпай аса түссе, айқас тоқтатылады да, ол палуан айқын басымдықпен жеіңіске жетті деп есептеледі. Жеңімпаз 4 ұпай, жеңілген 0 ұтылыс ұпай алады.
Балл бойынша жеңу. Егер белдесуге берілген уақыт ішінде таза жеңіске ешкім жетпеген болса төрешілер жеңімпазды айқас кезінде бір палуанның екіншісінен артықшылығын көрсеткен балмен есептелген күрес сапасына қарай анықтайды. Бұл артықшылық бәсеке кезінде қолданылған әдістердің негізінде анықталады.
Егер жеңген палуан 5-8 балл артық алса, жеңіске жеткен палуан 3 ұпай, жеңілгені 0 ұтылыс ұпай ал 1-4 балл артық болса, жеңгені 2, ал жеңілгені 0 ұтылыс ұпай алады.
Аздаған басымдылықпен балл бойынша жеңу. Аздаған басымдылықпен жеңіс мынадай жағдай техникалық балдарының соны бірдей болғанда ескерту үшін алған балдарын ескере отырып әдісті сапалырақ орындаған палуанға беріледі.
Егер бұл көрсеткіш тең болса, белдесудегі соң салмағы өз палуан жеңген болып саналады.
Аздаған басымдылықпен жеңіске жеткен палуан бір ұпай жеңілген палуан 0 ұтылыс ұпай алады.
Тиым салынған әдістер.
Қазақша күрестен ететін жарыстарда палуандардың бір-бірімен сөйлесуіне, қарсыласын лақтырып басымен түсуге, қылғындырып ұстауға, демалуына кедергі келтіретіндей етіп қарсыласының мұрны мен аузын жабуға, тырнауға, тістеуге, ұруға, саусақтарынан ұстауға, қолын қайыруға, қарсыласының аяғынан ұстауға. Әдісті дұрыс қолданбаған жағдайда бұрын қолы жеткен артықшылықтары, жоққа шығарылады.
Егер төреші палуанның бірінің тыйым салынған әдісті қолданғанын байқамаса, онда екінші палуан дауыстан белгі бере алады. Сол белгі бойынша арбитр айқасты тоқтатып, жағдайды анықтап, кінәлі палуанға ескерту жасауы тиіс.
Жалған белгі беру тыйым салынған әрекет болып табылады да ол үшін палуан тыйым салынған әрекет істегендігідей етіп жазаланады.
Егер палуан тыйым салынған әдісті қолданамын деп өзі қолайсыз жағдайда қалса, онда айқас жалғастырыла береді. Тыйым салынған әдіс қолданғаны үшін палуанға ескерту жасалады.
Команданың орнын анықтау
Жеке командалық біріншілікте ескертудің екі варианты болуы мүмкін.
Бірінші вариант - өз салмақ категориясында бірінші орын алған спортшы командасына 1 ұпай, екінші орын алған – 2 ұпай, үшінші орын алған – 3 ұпай, т.с.с.
Екінші вариант – ең көп ұпай саны бойынша бірінші орынға – 17, екінші орынға – 16.
Үшіншіге – 15 т.с.с.
Жеке командалық жарыстарда командалардың орындары командалардың есептік құрамына кіретін палуандардың жеке нәтижелеріне байланысты мынадай ретпен анықталады: бірінші вариантта ұпайдың ең аз саны бойынша және екінші вариантта ұпайдың ең көп есептік саны бойынша, бірінші, екінші, үшінші және басқа орындардың коп болуына қарай, барлық жеңістердің ең көп саны бойынша, таза жеңістің ең көп саны бойынша, балл бойынша, жеңістің көптігіне қарай, өз ғана басымдық пен жеткен жеңістің көптігіне қарай, таза жеңіске жұмсалған уақыттың ең өз болуына қарай.
Командалық есепті анықтағанда жарыстан шығып қалған палуан команданың жарысқа қоспаған адамы ретінде болады.
Командалық жарыста таза жеңіске жеткен палуан командасына 4 ұпай, ал оның қарсыласы 0 ұпай әкеледі, балл бойынша және өз ғана басымдылық пен жеңіске жеткен палуан командасына 9 ұпай, ал жеңілген спортшы 0 ұпай әкеледі.
8 практикалық сабақ
Қазақша күрестен жарыс өткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет