Ќазаќстан Республикасыныѕі білім жјне єылым министрлігі


X – ші апта 10 кредит сағат



бет28/120
Дата05.02.2022
өлшемі1,61 Mb.
#22181
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   120
X – ші апта
10 кредит сағат
10 дәріс
Тақырыбы: Балаларды және жасөспірімдерді жаттықтырудың ерекшеліктері
Қазақша күрестен жеткіншектер 12 жасынан бастап айналыса алады. Бұл олардың организмі мақтан өсетін кезі және оргондарды жеке-жеке емес, барлығы бірдей бірыңғай процесс ретінде дамиды.
Күреспен айналысатын жасөспірімдерді төрт топқа бөлген дұрыс болатындығын практика көрсетті. Ол топтар жеткіншектер – 12-13 жас, жасөспірімдер 12 - 13 жас, жасөспірімдер кішіректері 14 - 15, жасөспірімдер ересектері 16-17 жас.
12 – 17 жастың арасы жасөспірімдердің жыныстық жағынан жетілген уақыты. Ал 12 – 15 жас арасында жасөспірімдердің бойы мықтап өседі, ол бір жылда 10 сантиметрге дейін жетеді. Бірақ буындары мен сүйектері әлі де әбден жетіліп қатаймайды. Осы ерекшеліктерді ескеріп, жасөспірімдердің күші мен икемділігін арттыратын жаттығуларды аса сақтықпен жасату қажет. 16-17-де баяулайды да жылына 2-3 сантиметр ғана болады. Сүйектерінің ұзынынан өсуінің баяулап, олардың қатая бастауы едәуір салмақ түсетін жаттығуларды да орындауға кірісе беруге мүмкіндік туғызады. Бұлшық ет тканьдері де мықтап өсіп, 15 жасқа толғанда жалпы салмағының 30-35 процентіне дейін жетеді. Сондықтан 15 жасынан бастап біртіндеп спортшының күшін арттыратын жаттығулар жасата бастауға рұқсат етіледі. 16 - 17 жаста бұлшық ет жалпы салмағының 40 - 45 процентіне жетеді. Осыған байланысты жан - жақты дайындықты сынайтын күрес техникасын үйрену басталады.
Спортшылар мына қағидаларды әрқашан білуге тиіс:

  • белдесу кезінде бір кілемнің үстіне бірнеше жұптың бірдей күресуіне рұқсат етілмейді;

  • үсті-басы кір және терісінде жарасы бар палуандар жаттығуға жіберілмейді;

  • салмағы мен разрядына үлкен айырмашылығы бар спортшылардың екеуара белдесуіне, бәсекелесуіне рұқсат етілмейді.

  • аяқ киімсіз немесе тақасы бар аяқ киіммен сабаққа қатысуға тиым салынады;

  • дене қалпын сақтап қалу техникасына және әсіресе, акробатикалық жаттығуларды үйренген кезде бір жерін зақымдап алмайтындай басып құлауға үйренгенше күрделі жаттығуларды жасамайды;

  • спортшының мойнын қатайтатын арнайы жаттығуларға ерекше көңіл аударып, оларды жаттығу сабақтарына енгізеді және массажды қолданады;

  • спортшы өзінің жаттығу киімдерін таза ұстауға, тырнақтарын алып жүруге, кілемге шыққанда аяғын сүртіп жүруге міндетті;

  • спортшыларға сабақтарға арнайы аяқ киіммен ғана қатысуға рұқсат етіледі. Күрес әдістерін тек бойжазбадан кейін ғана үйрене бастауға болады. Бұл кезде тек бір бағытта ғана (кілемнің арқасынан шетіне қарай) қозғалуға рұқсат етіледі;

  • қорғану және қарсы амал жасау әдістерін үйренген кезде жаттығушылар кілемге құлағанда қолын созбауды үнемі есте ұстауға тиіс;

  • қазақша күрестің әдістерін орындағанда спортшыларға бірге жаттығып жүрген палуанмен қосарлана құлау қажеттігі міндетті;

  • қарсыласын құшақтап ұстағанда саусақтарын айқастыруға тиым салынды.

10 практикалық сабақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет