бағдарламасының үлгісі оқу жоспарының «Дене тәрбиесінің мәдениеті және спорты» негізінде дене тәрбиелеу мәдениеті факультеттері мен академиялары студенттеріне арналған.
Бағдарлама мамандықты оқу бағдарламасында жаттығудың ілімі мен тәсілдемесін, спорттық мәре жайлары және оларды қажетті жаттығу құралдарымен қамтамасыз етуді оқытуды көздейді.
Оқу барысында дәрістерден семинарлардан әдістемелік және жаттығу сабақтарынан оқулық тәжірибелерден тұрады.
Дәрістерде студенттерге ұлттық спорт түрінің даму тарихынан, әдіс тәсілдерін, олардың бастапқы дайындау және ұлттық спорт түрінен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуден, ұлттық спорт түрінен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырып, өткізуден т.б. негізгі мағлұматтар хабарланады.
Пәннің мазмұны.
Дәріс пен практикалық сабақ атаулары, оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ) және студенттердің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) сынақтық талап көлеміндегі сағаттан тұрады.
Әдістемелік шолу сабағы.
Жалпы дамыту және арнайы дамыту, жаттығуларын ұлттық спорт түрімен айналысушыларға бір орында және қозғалыста жүргізу, жүгіріп келіп биіктікке «аттау», тәсілімен секіру, ұзындыққа «аяқты бүгіп» тәсілімен секіруді жүргізу.
Оқу практикасы.
Топтарды сапқа тұрғызу, мәлімдеме тапсыру, саптағы жаттығулармен бұйрықтарды орындау, дұрыс түсіндіріп көрсету және жоспарланған жалпы дамыту және арнайы дамыту жаттығуларын орындау. Айналысатын топтарды керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, өткізетін сабақ орнын әзірлеу.
1.2. Кредиттің аптаға бөліну кестесі. (2-ші кредит).