1 кредит сағат № 1 дәріс Тақырыбы: Белдесудің тактикалық жоспары Айқандасқа жақсы нәтиже көрсету үшін палуан алдын-ала (күрес басталмай тұрғанда) кездесу кезінде қалай әрекет ететінін жоспарлап алуы қажет. Мұндай тактикалық жоспарда күресті жүргізу тактикасының негізгі сәттері болуы тиіс.
Күресті жүргізудің тактикалық жсопарында мыналар міндетті түрде көзделеді: айналысудың мақсаты, оған жетудің жолдары мен әдістері, шешуші техникалық әрекет жасайтын жері, тактикалық дайындық әдістері және айқасқа күшті бһолу. Қажет болған жағдайда палуан қалай тұрып күресетінін, сондай-ақ қандай ара қашықтықта болатынын белгілейді. Айқастың сәтті аяқталуы көбінесе тактиканың дұрыс белгіленуіне байланысты. Тактикалық жоспарды жасаған уақытта күрестің ең мүмкін болатын варианттарын болжап, ол кезде өзінің не істейтінін ойластырып қоюы тиіс. Палуанның күрес кезінде алға қоятын міндеттері, оған жету жолдары мен әдістері өзінің мүмкіндіктеріне міндетті түрде сай келуі керек.
Белгісіз қарсыласымен белдесу жоспары күреске түсер алдында жасалды да, күресушінің өзінің мүмкіндіктеріне қарай құрылады, сондықтан жарыста орын алған нақты жағдайлар да ескеріледі.
Белгісіз қарсыласымен айқасудың алдын ала жасалған жоспары шындыққа сай бола бермейді. Сондықтан басты міндеттердің айқса кезінде тікелей барлау жанымен өзінің жақсы көретін әдістерін қолданудың ең қолайлы сәтін іздеу.
Таныс қарсыласымен кездесуге дайындық үстінде палуан күресті жүргізудің бірсыпыра дәл келетін жоспарын алдын ала жасап, оны орындап шығу үшін жаттығу жүргізе алады. Мұның алдындағы жағдайдағыдай палуан кілемге шығуға аз қалғанда өзін кездесуге дайындайды, сөйтіп бұл кезде ол жоспарының негізгі сәттерін ой-елегінен өткізеді.
Белгілі қарсыласымен кездесудің тактикалық жоспарын жасағанда өзінің физикалық деректерін қарсыластың ерекшеліктерімен дұрыс салыстырудың маңызөы зор. Оның тактикалық жоспарын ойлап табу керек, содан соң өзінің жақтарына сүйене отырып, қарсыласып басым түсуге қажет. Осы мақсатпен палуан өзіне қолайлы жағдай туғызуы керек және ол жағдайда қарсыласы сенімімен қимылдай алмайтын болғаны жөн.