3 кредит сағат № 3 практикалық сабақ Практикалық сабақтың тақырыбы : Қазақша күрестің техникасын үйрету.
Практикалық сабақтың мазмұны : 1. Арқадан асырып лақтыру.
2. Шалып лақтыру.
Арқадан асырып лақтыру. Жеңнен және белбеудің артынан ұстап лақтыруға ыңғайлы. Қарсылас қатты немесе аздап еңкейіп тұрғанда орындалады. Шабуылдаушы қарсыласын жеңінен және белбеуінің артқы жағынан ұстап, өзіне қарай тартып, оған арқасын бере айналып, жамбасымен санынан қағып, алға – солға – бір жағына еңкейіп лақтырады.
Жеңі мен жағасынан ; әр аттас иығы мен жеңінен ; аттас иығы арқылы белбеуінен ; әр аттас жағасы мен жеңінен ; белбеуінен бүйірінен қолтығына кіріп ; белбеуі мен аттас қолынан ; мойны мен жеңінен ; қолдарын айқастырып ; жағасынан айқыш-ұйқыш ; әр аттас қолы мен аттас жағасынан ; аттас қолы мен әр аттас жағасынан ұстауға болады.