Ќазаќстан Республикасыныѕі білім жјне єылым министрлігі



бет30/120
Дата05.02.2022
өлшемі1,61 Mb.
#22181
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   120
XI – ші апта
11 кредит сағат
11 дәріс
Тақырыбы: Жас палуандармен тәрбие жұмысы
Балалармен жаттығу өткізудің өзіндік ерекшеліктері мол, сондықтанда
балалармен айналысатын ұстаздар олардың физиологиялық, анатономиялық, психологиялық өзгешіліктерін жақсы білуге тиіс. Мұнда бір ескеретін нәрсе 12 - 15 жасар жеткіншектерде қосу процесі тежелу процесінен басым болады.
16 - 17 жасар жасөспірімдердің орталық жүйке жүйесі үлкен өзгерістерге ұшырайды, олар ұстамдырақ, салмақтырақ болады және санасы өседі. Бұл оқу-тәрбие жұмысын жүргізуді оңайлатады. Жасөспірімдердің осы айтылған ерекшеліктерін ескерген жағдайда мұның өзі жаттықтырушыларға палуандарды жақсы даярлауға ғана көмектесіп қоймай, олардың организмін қалыптан тыс өзгерістерге ұшыратпауға да әсер етеді.
Жасөспірімдерді қазақша күреске үйретіп, жаттықтыру балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің және республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің бекітілген программаларына сәйкес жүргізіледі.
Қалай оқытқан күнде де жастарға күреспен айналысудың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіріп, оған жетудің жолдары мен амалдарын көрсетіп кемшіліктер мен табыстардың сырын талдап ашып, көмектесіп отыру қажет. Мысалы, жаттықтырушы спортшының алдына қандай болмасын әдістің техникасын үйренуді жақын арадағы міндет ретінде қойып, оның не үшін қажет екендігін түсіндіреді. Белгілі бір уақыт ішінде бұл әдісті жетік меңгеріп, спортшы көңіліне қанағат табады, ал мұның өзі оны спортпен әрі қарай айналыса беруге ынталандырады. Жастар ересектерге қарағанда қолынан келмеген нәрсеге қаттырақ қапаланар. Сондықтан жаттықтырушының мұндай фактіге аса зейін қойғаны жөн. Сонымен қатар, жастар, әсіресе жеткіншектер көрген нәрсесін ұмытпай әрі тез және дұрыс игеріп кете алатын болғандықтан, оларға күрес әдісін көрсету амалын көбірек қолданған дұрыс. Жаттықтырушы жекелеген жастар организмінің ерекшеліктерін ескеруі керек, өйткені олардың орындайтын жаттығулары өздерінің дайындығына, мүмкіндіктеріне сай келгенде ғана пайдалы болады.
Қазақша күреске үйрету методикасының негізгі талабы сабаққа үзбей қатынасу болып табылады. Тек сонда ғана күреспен айналысу жас спортшының мүсінінің сымбаттылығын, денсаулығының жақсарып, көрсеткіштерінің өсуіне тікелей әсер етеді.
Жас кезінде жан-жақты даярлықтан өтудің үлкен маңызы бар. Мұның өзі денесініңтік болып қалыптасуына, әрқилы жағынан жетілуге, техникалық тәсілдерді меңгеріп алуға, бұрынғы нашар дамыған қасиеттерін дамытуға ықпалын тигізеді. Ал жасөспірімдердің төзімділігін арттырған жағдайда оларға түсетін күшті бірте-бірте көбейте отырып, жылдың аяғында жас спортшы орташа қарқынмен ортасына бір минут үзіліс жасап 4 минут бойынша шаршамай жаттыға алатындай дәрежеге жеткізу керек. Ересектеу жасөспірімдер шаршамай 4 минуттан 2 айқас өткізе алатындай болуы тиіс. Палуандардың ептілігімен шапшаңдығын арттыру үшін әрбір сабақта тиісті жаттығуларды жасата беру керек, өйткені бұл қасиеттерді тәрбиелеу өте қиын. Ал спортшының қайраты күш жұмсап шапшаң орындалатын жаттығулар есебінен арттырылуы тиіс. Қайратын көбейтуді тездетуге тырысып, көп күш жұмсауды қажет ететін жаттығуларды жиі орындау спортшының шапшаңдығына нұсқап келтіретіндігін ұмытуға болмайды. Әсіресе, жастардың төзімділігін арттырғанда аса сақ болған жөн. Бұл үшін оларға орташа салмақ түсетіндей жаттығуларды бөліп – бөліп жасату немесе жиірек үзіліс беріп оқу – жаттығу айқасын өткізу керек. Олар жаттыға түскен сайын демалыс уақытын азайтып, ал күрес уақытын көбейте берген жөн. Оқытушының басты міндеттерінің бірі – жаттығушылардың шамасы жететін жаттығуларды іріктеп алу.
Жасөспірімдерді күреске үйреткенде алуымен ұстасу, босату сияқты спорттың осы түріне дағдылануға арналған жаттығуларды жасатудан бастайды. Сонымен қатар оларды тактикалық жағынан даярлаудың үлкен маңызы бар. Күрес олар үшін ойын іспетті. Ұстаз жаттығу шартын бірте-бірте қиындата отырып, олардың шеберлік деңгейін өсіреді. Бұл жаста сонымен қатар техниканың даярлыққа ерекше көңіл бөлінеді: үйренген әрбір амалдың 1 - 3 тактикалық варианты болады.
Жарыстыру жастарды қазақша күреске үйретудің ең ұтымды жолы. Бұл әдістің кім алысқа лақтырады, кім дәлірек лақтырады, кім шапшаңырақ жетеді деген сияқты түрлері өте көп. Сондай-ақ ГТО нормасын тапсыру кезінде де жеңіл шығу немесе жүлделі орын алу үшін айқас өткізілгенде де пайдалануы мүмкін.
Жастар қатысатын жарыстарды жоғары ұйымшылдықпен және мәдениетті дәрежеде өткізу керек. Сондай-ақ жарыс кезінде шамадан тыс күш жұмсалмады, қақтығыс болмауы тиіс, оның жолдастық жағдайда өткені дұрыс. Жарыстың осылайша жақсы ұйымдастырылып, ретімен уақытында өтуі жастарды дұрыс тәрбиелеуге көмектесіп олардың күреске деген ынтасын арттыра түседі.
Жан-жақты және техникалық даярлығы жақсы жекелеген жас спортшыларды ресми жарыстарға балалар балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің программасында көрсетілген мерзімнен бұрынырақ қатынастыра беруге болатындығын практика көрсетіп жүр. Бұл арада да ескеретін жайлар бар. Жарыс кезіндегі белдесулер басқа кездегі күрестерден ауырлау болады, өйткені палуанды белдесу кезінде әсіресе оған дейін алаңдататын жәйттар көп, олар: көрермендер, төрешілер, салтанатты жағдай т.б. Мұндай жағдай спортшының жүйкесіне әсер етеді. Сондықтан ресми жарыстарда да жасөспірімдерді бірте-бірте даярлап баулыған жөн.
Мына жайға да елеулі көңіл бөлген жөн. Күреспен жаңадан айналысып жүрген жасөспірімдер қазақша күреспен жарыс өткен кезде орап лақтыру, көтеріп лақтыру, белбеуден ұстап арқадан асырып лақтыру сияқты қауіпті әдістерді орындайды. Ал мұндай әдістер күреспен айналысудың тіпті екінші жылының программасында да көзделмеген. Сондықтан бұл әдістерді енді ғана күреспен айналысып жүрген, жан – жақты даярлығы әлі толыспаған жастарға қолдануға рұқсат етпеу керек.
Жастардың арасындағы жарыстарда мұндай қауіпті әдістерді пайдалану – кейбір оқытушылардың разряды бар спортшыларды даярлау жоспарын тезірек орындап шығуға ұмтылып, оларға жеңіске жетуді қамтамасыз ететін ұтымды әдістерді үйретуінің нәтижесі. Мұндай амалды зиянды деп есептеу керек, өйткені аз ғана әдісті игеру спортшының бұдан әрі шеберлігін жетілдіре түсуге кепілін тигізеді.
Жасөспірімдердің кішіректеу тобы үшін 1,5 айда бір реттен артық жарыс өткізілмеуі тиіс. Ересектеу жасөспірімдер тобындағылардың жылына 4-5 жарысқа қатысуына болады. Жасөспірімдердің кішіректеу тобы мен ересектеу тобы үшін жарыс бөлек-бөлек өткізілуі керек.
Жаңадан үйреніп жүрген палуандар жарысын өткізу үшін арнайы дайындық керек. Кішіректеу жасөспірімдерді жарысқа дайындағанда оларға салмағын кемітуге үзілді – кесілді тыйым салынатындығын ерекше атап көрсеткен жөн. Өйткені салмағын жасанды жолмен азайту жеткілікті мөлшерде қоректік заттарды керек ететін өсіп келсе жатқан жас организмге өте зиянды. Сондықтан салмағын азайтқанда болатын қолайсыз жайлар жөнінде жаттығушыларға түсінік беріп отыру керек. Жасөспірімдерді салмағын азайтуға итермелейтін жаттықтырушының қылығын көпшілік айтпауы тиіс. Тек ересектеу жасөспірімдерді ғана 1-2 килограмм шамасында салмағын азайтуға болады.
Қазіргі кезде ересектеу жасөспірімдерге арнап қазақша күрестен ведомство аралық жарыстар өткізу белгіленген. Сондықтан бұл арадағы міндет – оған мұқият дайындалу. Мұндай кездесулерге талантты палуандарды іріктеп алу қажет.
2. Тәрбие міндетін табыспен шешу үшін оқытушы өзінің шәкірттерін, атап айтқанда, олардың мінезін, әлсіз және күшті жақтарын, еңбек және тұрмыс жағдайын, үлгірімін т.б. білуге тиіс. Ұстазы оқушыларын неғұрлым жақсы білетін болса, оның тәрбиелеу амалдары мен әдістері соғұрлым ұтымдырақ болады. Ұйымшыл, тату коллективте жаттықтырушыға спортшыларды тәрбиелеуге үлкен көмегін тигізе алады. Сондықтан ол әуел бастан-ақ алдына қойған қандай мақсатты да орындауға жәрдемдесе алатын осындай коллектив құруға ұмтылуы тиіс. Тату, ұйымшыл, мықты коллектив құруға оның мүшелерінің өзара жақсы қарым – қатынаста болуының да үлкен маңызы бар.
Егер кінәлі болған жасөспірім түзелем деп уәде берген болса, оның сөзінде қалай тұратынын байқап жүру керек. Бірақ оны мезі етуге болмайды. Кінәлі болған палуанға сезіктеніп қарай берсе, ол да сескеншіл болып, коллективтен бойын аулақ салады. Ал мұның өзі онымен оқу – спорт және тәрбие жұмысын жүргізуді қиындатады.
Коллектив мүшелерінің бір - біріне сергек қарап, көмектесуге әзір тұруы, біреу кінәлі болып қалса, оның қиын жағдайына ортақсатуға тырысуы ондай спортшының өзіне - өзі келіп, жаман мінезінен арылып, қатарға тез қосылып кетуіне ықпалын тигізеді.
Қарапайымдылық – жас спортшының аса жақсы қасиеті болып есептеледі. Ол өзіне жоғары талап қоя білуге негізделген. Бірақ қарапайымдылық, ұялшақтық, өз күшіне сенімсіздік емес. Қарапайымдылық енжарлық та емес, ол белсенділік, сабаққа творчестволықпен қарау т.б.
Коллективтің ынтымақшыл болуына активтің де көмегі мол. Жаттығып жүргендер ішінен секцияның бюросы, редакциялық коллегия сайланады. Осы активтің айналасына бүкіл коллектив топтасады. Сондықтан активтің коллекивтік қалыптасуына ықпалы оның дұрыс, ойланып сайлануына байланысты. Егер коллективте тәртіп бұзғандар болса, оның түзелуіне ең ұтымды әсер ететіндей шараны таңдап алу керек. Тәрбие мақсатында жаттықтырушы ескерту жасайды, сөгіс жариялайды, сабақтан шығарып жібереді, бірсыпыра уақыт сабаққа, жарысқа қатысуға тыйым салады және ең соңғы шара ретінде секциядан шығарып жібереді.
Жасөспірім өзінің кінәсін сезініп, оны түзетуге шын ұмтылғанда ғана оған қолданған шарадан нәтиже шығады. Сондықтан шара қолданып қана қоймай, сонымен бірге қатесін түсіндіріп, олай жасаған дұрыс болмайтындығына сендіру керек.
Сендіру тәрбиесі жұмысында кеңінен пайдалануы тиіс. Оқытушы тәрбие жұмысында шара қолдануға мәжбүр болғанымен негізінен жақсы үлгіге көбірек көңіл аударуы керек. Ынталандырып, жаттығушыны ілгері ұмтылдыра түсу мақсатында мақұлдап өту ғана жөн. Сонда мысалы, «солай», «дұрыс», «жарайсыз», «алғыс жариялаймын» деген сөздер арқылы жас спортшыны мақтап отырады. Ал ең соңында грамота, белгі, кубок сияқты наградалар тапсырылады. Ынталандырудың бір түрі ретінде жасөспірімнің суретін коллективтегі ең жақсы спортшылардың суреті ілінген тақтаға ілуге де болады.
Тәрбиенің бір түрі кейде бірнеше нәтиже беруі мүмкін. Мысалы, жарыстарда жақсы көрсеткіштерге жеткен жасөспірімді мақтағанда біреуін ондай мақтау шеберлігін әрі қарай жетілдіре түсуге ынталандыратын болса, екінші жас менменсіп, көкірегін көтеріп кетеді. Міне, сондықтан менменсуге, өркөкіректікке бейім жас спортшыны барынша аз мадақтау керек. Кемшілігін бетіне басу жөнінде де осыны айтуға болады: біреуге сапта тұрған спортшылар алдында айтса, екіншісіне жеке айту қажет.
Ережелерді қатаң сақтай отырып жақсы ұйымдастырылған жарыс жасөспірімдерді сапалы тәртіпке тәрбиелеудің ұтымды жолдарының бірі болып табылады. Жалпы залдың тазалығы, спорт құралдарының орын-орында жинастырылып қойылуы да жас спортшыларға эстетикалық тәрбие беруге көмектесетіндігін атап айтқан жөн.
Оқытушы сабақты дұрыс, жаттығушылардың сезіміне әсер ететіндей дәрежеде шебер жүргізе білуі тиіс. Сонда сабаққа қатысқандардың көңіл-күйі көтеріліп, қуанышты болады. Бұл олардың тәртібін нығайтып, жаттықтырушының беделін арттырады. Шәкірттерінің алдында беделді болу үшін ұстаз әрдайым білімі мен шеберлігін жетілдіріп, күрестен және спорттың басқа да түрлеріндегі барлық жаңалықтарды біліп отыруы қажет.
Жасөспірімдермен сабақ өткізгенде олардың жүрек қан тамыр жүйесінің ерекшеліктерін де ескеру қажет.
11 практикалық сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет