3. Зерттеу жұмысының тақырыбын құрастыру
Зерттеу жұмысының тақырыбын құрастыру – ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі.
Тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:
Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі).
Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы).
Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және маңызды болуы);
Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде қиындықтарды шешу).
Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті – тұлғалық немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар).
Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы).
Аталған талаптардың бәрі де маңызды, бірақ өзектілік, проблемалық және осы заманғы тұжырымға сәйкес келуі сияқты бөліктер айрықша түсіндіруді қажет етеді. Өзекті тақырыпқа «мәңгі жасмыл», «ұзаққа кететін» деп аталатын тақырыптар жатады. Тақырыпта проблема анық немесе жабық түрде болуы тиіс. Оның көздері іс жүзіндегі қиындықтардан көрінеді. Егер теориялық білімде сәйкес түсіндірмелер мен шешімдер болмаған жағдайда проблема туындайды. Міне, осы кезде ғылыми проблема пайда болып қалыптасуы жүреді де, «білмегенді білу», «белгісіздің белгілі болуы». Зерттеу тақырыбын құрастыруда екі негіз бар. Олар:
Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі.
Зерттеу тақырыбын негіздеу.
Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі.
Әлеуметтік өзгерістер білім технологиясы мен әдістемесінің мақсаттарын, мазмұнын жаңартуды алға тартып отыр. Соның нәтижесінде педагогке жаңа талаптар қойылуда. Ол тек оқытушының, тәрбиешінің функцияларын ғана емес, оқыту мен тәрбие берудің әдістерін зерттеушінің функциясында атқаруы тиіс. Бұл жұмысты ғылыми және ғылыми әдістемелік зерттеудің әдіснамасын меңгеріп, оны іс жүзінде пайдалана алатын педагог қана атқара алады. Жаппай педагогикалық ізденіс өткен ғасырдың 90 – жылдарында пайда болды. Педагогтік кәсіп шығармашылықпен тікелей байланысты. Педагог үнемі ең жақсы әдіс – тәсілдерді іздестіріп, әртүрлі әдістер мен құралдардың тиімділігін салыстырып отыруы тиіс. Қазіргі заман педагогтің зерттеушілік жұмысының мақсатқа сай және кәсіби деңгейде болуын қажет етіп отыр. Зерттеудің неғұрлым ретті түрде, терең негізделіп және қатаң құрылымдалған түрде жүргізу оның нәтижелі болуына мүмкіндіктер ашады.
Зерттеу тақырыбын негіздеу.
Тақырыпты таңдау және нақтылау – ұзақ уақытқа созылатын қиын жұмыс. Тақырып көздері тәжірибе немесе теория жазықтығында болуы мүмкін. Алғашқы кездерде қарама – қайшылықтар, іс жүзінде ұнамсыз болуы сияқты кедергілер болуы мүмкін. Тақырыпты шектеу және нақтылау, оған жақын тақырыптардан жігін ашу, оның зерттеу аясын және жағдайларын дәл көрсету де аса маңызды. Тәжірибенің көпқырлылығын, жұмыстың барлық бағытындағы педагог, психолог немесе басшы маңызды оқиғалар мен фактілерді әрдайым есте ұстау қажет. Зерттеу үнемі шектеліп отыруы тиіс, себебі солай өткенде ғана зертеліп отырған үрдіске терең бойлау мүмкіндігіне ие болуға, ақырына дейін жетуге болады. Сондықтан зерттеудің проблемалық алаңы көлемі және шешілетін нақты міндеттері бойынша шектеліп отыруы тиіс. Тақырыптың аталуы проблеманы, ізденіс пәнін, әсіресе бағытын, ізденістің жетекші аспектісін білдіреді. Кейбір жағдайларда негізгі тақырыптың аталуы қосымша сөздер арқылы нақтыланып беріледі. Зерттеу жұмысының нәтижелі болуы үшін педагог мынадай талаптарды орындауға міндетті:
ізденіс әрекетінің сипаты шығармашылық, өнімді екендігін, тек ақпарат алуға бағытталмағандығын, керісінше оның мән – мағынасын ашуға, оны жасауға өзіне ғана тән тиімді шешімдерді іздестіруге бағытталатындығын ұғыну;
жалпы ғылыми және пәндік білгірлік, сондай – ақ жалпы мәдени дүниетаным болуы;
тұлғалық шығармашылық әлеуеттің, стандартты есем тәсілдер мен шешімдер жасауға қабілеттілік, ерік – жігер және моральдық психологиялық сапалардың: адалдық, табандылық, барынша беріліп қызығушылық, сыни көзқараспен қарауға қабілетті болу;
ғылыми ізденістің теориялық және практикалық әдіснамасын меңгеру;
Достарыңызбен бөлісу: |