1.Сурет бойынша әңгіме құра. Жазда қалай демалғандығың туралы әңгімеле.
2. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой.
…ор, …иклон, …ертеж, тұ…ы, Гау...ар, … адиша, жи…аз, …оккей, қа….арман, пла…, …емпион, бор…, …ётка, кон...ерт, стан....ия, ....ифр, ...абар.
3. Өлең жолдарынан қатаң дауыссыз дыбыстарды тап. Олардың неліктен қатаң дыбыс екенін дәлелде.
Қызықтырып бізді,
Ағам чертеж сызды.
Біздің туған шаһарда,
Тұрады көп қаһарман.
Циклон- ол дауыл,
Көрді соны ауыл.
Зообақта көп хайуан,
Келген бәрі қайдан?!
Ащы тамақ ауыр,
Тұщы тамақ тәуір.
Қ. Мырза Әли
4.Өлеңді оқып, әр дыбыстың өз орнын тап.
«А» дегенің –Ана,
«Б» дегенің-бала.
«Б» дегенің –баға,
«Бестен» басқа алма.
Жуан
|
Жіңішке
|
Қатаң
|
Ұяң
|
Үнді
|
|
|
|
|
|
5. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз.
Ф В?
Ас...альт, ....агон, ....абрика, .... елосипед, теле...он,
микро....он, .....орма, пара...оз, .... олейбол, а...тобус.
6 .Төмендегі тор көздердегі әріптердің ішінен киіз үйдің жабдықтарының атын оқи аласыздар.
3- сабақ. Я,ю,ё дауысты дыбыстарымен сырлас
Сурет бойынша әңгіме құра. Ұлттық ойын туралы әңгімеле.
Қарамен жазылған сөздермен сөйлем құра.
Жұмбақ шешейік.
Торпақта жоқ,
Қоянда бар,
Шортанда жоқ,
Шаянда бар.
(........................)
____________________________________________
____________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |