2016-2017 оқу жылы
Жас дос!
«Грамматика әлемі» жұмыс дәптері сендердің қазақ тілінен алған білімдеріңді тиянақтай түсуге жетелейді. Осы жұмыс дәптері арқылы сендер дұрыс байланыстыра сөйлеуге, сыни тұрғыдан ойлауға үйренесіңдер. Қатесіз жазуға машықтанып, қазақ тілінің дыбыстық, грамматикалық құрылымын меңгересіңдер.Бұл дәптерде «Дыбыс және әріп», «Сөйлем. Сөйлем мүшелері», «Сөзжасам», «Сөз таптары» деген бөлімдер қайта қарастырылып, біртіндеп күрделендіріледі.
«Грамматика әлемімен» бірге ойлан, арманда, қиялда, құрастыр, ізден, сұра.Кітапта жұмбақтар, сызба жасау, ұйқастар іздеу, мысал, ертегілер жазу сияқты сан алуан тапсырмалар бар.Тапсырмалар , әрине, ойлануды қажет етеді. Егер қандай да бір қиын тапсырмалар кезіксе, мұғалімнен, үлкендерден көмек сұра.
Өз тіліңнің әдемілігі мен мағыналық тереңдігін түсіндіретін көмекшің- «Грамматика әлемімен» дос бол!
Іске сәт!
Дыбыстар елінде
Достарыңызбен бөлісу: |