5.Ойлан,тап.
Ең әуелі аралас әріптерден мағыналы сөздер шығарып, қасындағы ұяшыққа орналастырыңдар. Табылған әріптерді сандарының реті бойынша төмендегі ұяшыққа орналастырып, кілтті сөзді табыңдар. Бұл тақырып жануарлардың аттарына байланысты.
6-сабақ Мәтін түрлеріне берілген жаттығулар
1.Мәтін түрін ажырат.
Тұмау-жұқпалы ауру. Аурудың белгілері: адамның ыстығы көтеріледі, түшкіріп, басы ауырып, тынысы тарылады. Тұмау жаппай тараған кезде алдын ала сақтану керек.
2.Мәтінді оқы. Оған ат қой.
Бәйгенің түрі көп. Ежелден салтымызға сіңген спорт түрлерінің бірі- ат бәйгесі. Ол құнан бәйге,жорға бәйге, дөнен бәйге,... болып бөлінеді.
Ат шабыс айналма және түзу жарыс болып екіге бөлінеді. Өздеріңнің ипподромнан көріп жүргендерің – айналма жарыс.
Ат бәйгесін жеңіп алу оңайға түспеген. Әуелі бәйге атын баптайды, құйрық- жалын күзейді- суыртпақтай –ақ мата қиындысымен кекілді түбінен, құйрықты жуан ортасынан буып, байлайды, үкі тағады.
Тамашаға жиналған жұрт қолына жалау ұстаған қарақшының соңынан еріп, атты тосып алатын көмбеге – мәреге жиналады.
Достарыңызбен бөлісу: |