Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі


Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан босату



бет19/127
Дата27.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#141049
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   127
Байланысты:
Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі

Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан босату
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) оған заңдарда көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босатуы мүмкiн.
Кәмелетке толмаған адамға оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөнiндегi комиссияның көмегiмен жұмысқа тұру талабы да қойылуы мүмкiн. Бұл тiзбе осымен шектелмейдi.
Кәмелетке толмаған адам әкiмшiлiк жазаға ұшырады деп есептелетiн мерзiм. Өзiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған кәмелетке толмаған адам осындай жазаға әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап, алты айдың iшiнде ұшырады деп есептеледi.
Негізінен, айыппұл кәмелетке толмаған адамда бар мүліктің есебінен төленеді.
Егер, кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткілікті мүлкі болмаған жағдайда, айыппұл ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға салынады. Ал, арнайы құқықтан айыру жазасы кәмелетке толмағандарға бір жылдан аспайтын мерзімге қолданылады. Әкімшілік жазалардың басқа да түрлері (әкімшілік қамаққа алуды қоспағанда), сондай-ақ аталмыш Кодекстің 41 және 52-баптарында аталған әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылған кәмелетке толмағандарға жалпы негіздерде қолданылады.
Кәмелетке толмаған адамға әкімшілік жаза қолданған кезде (ӘҚБтК-тің 56 және 57-баптарында аталған мән-жайларды ескермегенде) оның өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың әсер етуі ескеріледі. Алайда, кәмелетке толмаған жас басқа да жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар жиынтығында жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріледі. Мәселен, әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті орган (лауазымды адам) оған заңнамада көзделген тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкімшілік жауаптылықтан немесе тағайындалған әкімшілік жазаны орындаудан босатуы мүмкін.
Кәмелетке толмаған балаға тәрбиелік ықпал етудің мынадай шаралары тағайындалуы мүмкін, ол
-заңды түсіндіру; ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру; келтірілген зиянның есесін толтыру міндетін жүктеу; бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған баланың мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу.
-Мұнда заңды түсіндіру дегеніміз – бұл кәмелетке толмаған адамға оның әрекетімен келтірілген зиянды және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылық тарды қайталап жасаудың заңдық салдарын түсіндіру болып табылады.
-Қадағалауға беру -бұл ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға не мамандандырылған мемлекеттік органдарға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпал ету және оның мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі міндеттерді жүктеуден тұрады.
-Келтірілген зиянды жөнге келтіру міндеті – бұл негізінен кәмелетке толмаған адамның мүліктік жағдайы мен тиісті еңбек дағдыларының болуы ескеріле отырып жүктеледі.
-Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу дегеніміз -бұл белгілі бір орындарға баруға, бос уақытын өткізудің белгілі бір нысандарын, оның ішінде көлік құралдарын пайдалануға, тәуліктің белгілі бір уақытынан кейін үйден тыс жерлерде болуға, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз басқа жерлерге кетуге тыйым салуды көздейтін шара түрі.
Сонымен қатар, кәмелетке толмаған адамға оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көмегімен жұмысқа тұру талабы қойылуы мүмкін.
-Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған баланың мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу шаралары үш айға дейінгі уақытқа белгіленеді. Егер де бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған баланың мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу шаралары жүйелі түрде орындалмаған жағдайда, мамандандырылған мемлекеттік орган бұл шараның күшін жойып, кәмелетке толмаған баланы әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін материалдарды сотқа ұсынады.
Айта кететін бір жайт, кәмелетке толмаған адамға бір мезгілде тәрбиелік ықпал етудің бірнеше шаралары тағайындалуы мүмкін. Аталмыш Кодексте қарастырылғандай әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған кәмелетке толмаған адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап, алты айдың ішінде осындай жазаға тартылды деп есептеледі.
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында нақты белгілеген тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстану – дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады деп айтуы еліміздің әр азаматына қатысты. Сонымен бірге біз жас өспірімдер тарапынан орын алған ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Кәмелетке толмаған адамдардың тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезінулері одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу мақсатында – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам ретінде біз құқықтық нигилизмді жеңіп, қоғамды қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне жас өспірімдерді барынша тартуымыз қажет. Мұның бәрі қоғамдық өмірдің нормасы болуға тиіс.
Кəмелет жасына толмағандардың құқық бұзушылық үшін жауапкершілгі жайлы мəселе қоғам өмірінде құқықбұзушылықпен» күресті шешуде маңызды орын алады. Бұл ерекшеліктер жасөспірімдер мен кəмелетке толмағандарды əлеуметтік – психологиялық тұрғыда өсіп жетілуінің өзгешеліктеріне: əлеуметтендірілу деңгейінің жеткіліксіздігіне, психофизикасы, жас жағынан жəне əлеуметті кемелденуінің олқылықтарына, адамгершілік құндылықтары жөніндегі одағай түсініктеріне, мінез-құлқының өзіндік қасиеттеріне, «формальды емес жетекшілердің» əсеріне тез берілуі, үлкендерге еріп кету жəне т.б. тəуелді болып келеді.

Лекция № 11 Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
Негізгі сұрақтар:
1. Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға құқықтық сипаттама.
2. Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың жекеленген түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет